Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


Әскери- патриоттық тәрбие жастардың бойында патриоттық сезім мен азаматтықты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады



бет635/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   631   632   633   634   635   636   637   638   ...   668
Әскери- патриоттық тәрбие жастардың бойында патриоттық сезім мен азаматтықты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Әскери- патриоттық тәрбие жөніндегі жұмыстың пәрменділігін арттыру үшін әскери бөлімдер жеке құрамының Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен және жергілікті соғыстар ардагерлермен кездесулері өткізіліп тұрады; азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде қорғаныстық –бұқаралық жұмыс айлықтары, әскери бөлімдер мен жоғары әскери училищелерде «Ашық есік күні», орта мектептерде «Ерлік сабақтары» жарияланды. Жыл сайын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жастар бастамалары орталықтары белсенділермен Бүкіл әскерлік кеңес сондай-ақ «Патриот» республикалық акциясы шеңберінде «Жас ұлан» республикалық жауынгерлік әндер фестивалі өткізіліп тұрады. Әскери- патриоттық клубтардың республикалық слеттерін, «Ұлан», «Алау» әскери-спорттық ойындарын, «Патриот», «Мен- Қазақстан азаматымын», « Бұл біздің ту» республикалық патриоттық акцияларын өткізу дәстүрге айналған. Бұдан шығатын қорытынды, қазіргі жағдайда, әскери- патриоттық тәрбиеге әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық қолдау көрсету, Қарулы Күштер, жұршылық , білім беру ұйымдары арасындағы өзара байланыстарды жастарды патриоттық тәрбиелеу ісінде үйлестіруді күшейту, әскедің, әскери қызметтің жағымды мәртибесін насихаттау мақсатында одан әрі нығайту қажет. Жастарды әскер қызметіне дайындайтын тәжірибесі бар қазіргі клубтардың жұмысын күшейту, бұл жұмысқа Ұлы Отан соғысы және жергілікті соғыстар ардагерлерін, еңбек ардагерлерін тарту қажет болады.[6]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   631   632   633   634   635   636   637   638   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет