Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


Ел боламын деген мемлекеттер ең алдымен ұрпақ тәрбиесін бірінші орынға шығарған еді ғой



бет636/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   632   633   634   635   636   637   638   639   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Ел боламын деген мемлекеттер ең алдымен ұрпақ тәрбиесін бірінші орынға шығарған еді ғой. Ұлт болашағы , ұрпақ тәрбиесінің діңгегі хақ дініміз исламда жатыр. Хадисте де, қасиетті Құран Кәрімде де отан сүйгіштік туралы көп айтылады. Осыны санасына құйып өскен жас ертең өз Отанының нағыз патриоты болып шығатыны анық. Әйтпесе, бөгде адамдардың жетегіне еріп, Отан қорғаудан жалтаратын жастардың саны уақыт санап өсе береті кәміл. Кеудесінде « бұл менің елім, менің жерім» дейтін халық даналығын естен шығармаса болғаны. Жас ұрпақты патриоттық , отансүйгіштік рухта тәрбиелеу еліміздің өсіп - өркендеуі үшін қызмет ететіні еш күмән туғызбайды.

Тәуелсіздіктің 21 –жылына қадам басқалы отырған мемлекетіміздің ең басты байлығы-адам капиталы. Тәуелсіз ел болашағы- патриоттық сезімі жоғары,толеранттылық қағидасын бойына сіңірген жас ұрпаққа артар сенім мол. Біз жасампаздық пен әлеуметтік келісім берік орныққан мемлекете өмір сүріп отырмыз. Біз бойұсынатын заң да, тәртіп те, құқық пен жауакершілік те әлеуметтік келісімнің нәтижесі. Ел халқы өз өкілдері арқылы белгілі бір жолдармен келісімге келіп қалыптастырған заң тәртіптерге әр азамат адал болып, бойұсынған жағдайында ғана өзара толеранттылық ізгі мағынада қолданылады. Толеранттылықтың мақсатының өзі баянды, байсалды даму жолына түсу, ел халқының игілігіне жарату, жеке адамның бостандығына кепілдік ету, қажетсіз араздықтардан арылу болатын.

Қорыта айтқанда, мейлі адамаралық күнделікті байланыста болсын немесе мемлекеттік, тіпті әлемдік қауымдастықта болсын өзара түсінісу мен кеңшілік етуге, сабыр сақтауға құрылған толеранттылық ұстанымның маңызы айрықша.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   632   633   634   635   636   637   638   639   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет