Қызығушылықты ояту – үйрену процесі. Бұл сатыда оқушыларды қалайда қызықтыру керек деген принцип ұсталынады. Оқышу өміріндегі тақырыпқа қатысы бар мәселені ұсыну және оқыту мақсатын бірлесіп дайындау; Оқушының бұрынғы тәжірибесімен байланыс орнату; Жаңа идеяны түсінуге платформа дайындау. Бұл бұрынғы білім мен жаңа білімді ұштастыру. Оқушы өзінің бұрынғы білімін жаңа біліммен толықтырады, кеңейтеді.
Күнделікті оқыту процесінде оқушының ойтолғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Инновациялық білім беру әдістемелерінің ішінде сын тұрғысынан ойлау технологиясы мұғалім үшін де, оқушы үшін де өте тиімді, мазмұнды, маңызды оқыту болып табылады.
Әдебиеттер Көшімбетова С. «Қазақстан мектебі», «Оқыту тиімділігі – озық технологияларда» №1. 2004. 6. 28
Раджерс Э. «Инновация туралы тұсінік, «Қазақстан мектебі», №4. 2006
Жүнісбек Ә. «Жаңа технлогия негізі – сапалы білім»