Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет71/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Қызығушылықты ояту – үйрену процесі. Бұл сатыда оқушыларды қалайда қызықтыру керек деген принцип ұсталынады. Оқышу өміріндегі тақырыпқа қатысы бар мәселені ұсыну және оқыту мақсатын бірлесіп дайындау; Оқушының бұрынғы тәжірибесімен байланыс орнату; Жаңа идеяны түсінуге платформа дайындау. Бұл бұрынғы білім мен жаңа білімді ұштастыру. Оқушы өзінің бұрынғы білімін жаңа біліммен толықтырады, кеңейтеді.

  • Мағынаны тану – оқушының білімін қалыптастыру деңгейінде оны зерттеу, талдау, жауап табу үшін жеткілікті материал болу керек, ол үшін: материалды меңгеру; белгілі және жаңа білімді білу; Сұрақ қою; Барлық ммкін байланыстарды өткізу; Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.

  • Ойтолғаныс – жаңа алған білімді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдайтын мүмкіндіктер пайда болады.

    Күнделікті оқыту процесінде оқушының ойтолғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Инновациялық білім беру әдістемелерінің ішінде сын тұрғысынан ойлау технологиясы мұғалім үшін де, оқушы үшін де өте тиімді, мазмұнды, маңызды оқыту болып табылады.

    Әдебиеттер

    1. Көшімбетова С. «Қазақстан мектебі», «Оқыту тиімділігі – озық технологияларда» №1. 2004. 6. 28

    2. Раджерс Э. «Инновация туралы тұсінік, «Қазақстан мектебі», №4. 2006

    3. Жүнісбек Ә. «Жаңа технлогия негізі – сапалы білім»

    4. «Қазақстан мектебі», №4. 2008




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   668




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет