ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ – САПАЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ
Баекешева Р.Т. (Ақтөбе)
Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдалану – оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз сабақтарымда М.Жанпейісованың ”Модульдік оқыту технологиясы”, К.Бітібаеваның ”Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиялары”, Қ.Айтқалиевтың ”Тілді оқыту әдістемесі”, Н.Оразақынова ”Сатылай кешенді талдау әдістері”, ”Сорос-Қазақстан” бағдарламалары негізіндегі ”Дебат” технологияларымен жұмыс жүргізуді қолға алып жүрмін. Бұл технологиялардың ерекшелігі – оның оқушыға жан-жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру), өзін-өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу-танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға жетелейді.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Э.Роджерс «Инновация – нақты бір адамға жаңа болып табылатын идея» - дейді. Сонымен инновация ұғымы педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Кейбір ғалымдардың еңбектерінде «Жаңа», жаңалық енгіз – деп көрсетілсе, кейбіреулер оны өзгеріс деген терминмен анықтайды.
«Технология – дегеніміз қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың, педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы», - деп түсіндіреді В.Кларин. Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану оқытушының шеберлігі мен қабілетіне де сын. Педагогикалық технологияның әртүрлі әдіс-тәсілдерін оқытушы өзінің ізденісі арқылы оқушылардың қабылдау деңгейі мен қабілетіне сәйкес іріктеп алады. Инновациялық оқыту дегеніміз – оқущылардың мүмкіндігі мен шамасына қарай мәселенің байыбына барып, керектісін алып, қажетті жолдарын қабылдау, оған сын көзбен қарай отырып, шығармашылық тұрғыдан ойлауға үйрету.
Мысалы: модульдік оқыту технологиясында оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру алдынғы орынға қойылады. Әр балаға жеке тұлға ретінде қарап даралау, мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды өздеріне таңдату арқылы оқушының өз деңгейін өзі анықтауға – жұмыстың түрін қызықтыра түсуіне әсер ететіні анық. Модульдік жүйеде материалдарды оқып үйрету ”жалпыдан жекеге” қағидасы негізінде жүргізіледі. Бұл технология:
Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
Танымдықпроцестерді (жады, ойлау, зейін, елестеу, қабылдау) дамытуға;
Оқуға жағымды қызығушылығын қалыптастыруға;
Белсендісөздікқорынауызша, жазбашатіліндамытуға;
Тұлғаныңқиындықтарғадаярболуы, оны жеңебілу, қарым-қатынас, ойын, танымдыққауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін-өзіөзектілендіру, қажеттіліктерінқанағаттандыруғаықпалетеді.
Қазақтілі мен әдебиетіпәніноқытудақазіргікүніжиіқолданылыпжүргенәдістердіңбірі – стратегиялар. Олардыатапөтетінболсақ:
«Қызығушылықтыояту» («Ой қозғау», «Ой шақыру», «Миғашабуыл») стратегиясы
«Топтастыру» (Жинақтауәдісі) стратегиясы
«Insert» стратегиясы
«Нартәуекел» стратегиясы
«Шығармашылық» стратегиясы
«Кубизм» стратегиясы
«Мағынанытану» стратегиясы
«Ойтолғаныс» стратегиясы
«Әуезбенәсерлеу» стратегиясы
«Көрнекілік» стратегиясы
«Бағытталғаноқу» стратегиясы
Жоғарыда көрсетілген кейбір стратегияға тоқталар болсақ, «Қызығушылықты ояту» («Ой қозғау», «Ой шақыру», «Миға шабуыл») стратегиясы — сабақ барысында оқушының есте сақтау және жадыларының қабілетін сұрыптап, байқау үшін арналған стратегия. Мысалы, тақырыпқа байланысты мақал - мәтелдер, афоризмдер, өлең жолдары т.б. еске түсіру. Не болмаса, сұрақтар мен тапсырмалардайындату, сөзжұмбақтар шешу.
Екінші, «Топтастыру» стратегиясы, мұны «кластер», «жинақтау әдісі», т.б. атаулармен де атайды, Бұл стратегияны көбіне білімді жинақтау кезеңінде немесе кейіпкер мінезін ашу, екі ұқсас бейнелердің ортақ қасиеттерін анықтауда (Ана, Күн) және де мұғалімнің әдістемелік тәжірибесіне қарай түрлендіріп қолдануға тиімді тәсілдердің бірі десек те болады. Себебі бұл стратегия сонау балабақшадан жоғары сынып оқушыларына дейін қолданылады. Осы «топтастыру» стратегиясына негізделген «Ассоциация» атты тәсіл оқушының танымын кеңейтуде үлесі зор.
Үшінші, «Insert» стратегиясы, бұл стратегия «V»-білемін, «+»-жаңалық (жаңаақпарат), «-» — білмеймін, «?» — менітаңқалдырады деген белгілер арқылы қолданылады. Бұл белгілер түсінуге, өз ойына басшылық етіп, ойын білдіруге талаптанады (кестені көрсету).
Төртінші, «Нартәуекел» стратегиясы, бұл стратегия оқушыларға күрделі сұрақтар қою арқылы немесе терең мазмұнды мәселелерді шешуде оқушылардың бойында жігер, қайрат, белсенділік қабілеттерін дамыту үшін пайдалы.
Бесінші, «Шығармашылық» стратегиясы, бұл стратегия оқушының шығармашылыққа білетін дамытып, түрлі формада жұмыс істей білуге баулиды. Сабақ барысында рөлдік ойындар көрсету, сөзжұмбақ немесе сұрақ-тапсырмалар құрастыру, тақырыпқа байланысты сурет салу, т.б. тәсілдерді пайдаланып сабақты қызықты етіп өткізуге болады.
Алтыншы, «Кубизм» стратегиясы, бұл стратегия шаршы яғни кубтың әр қырына түрлі тапсырмалар беріліп, сол тапсырмаларды орындауды міндеттейді. Мұнда кубтың әр қырына «Түсіндіріңіз», «Суреттеңіз», «Зерттеңіз», «Талдаңыз», «Қолданыңыз», «Салыстырыңыз» деген сияқты жұмыс атаулары жазылады, ал мұғалім осы тапсырмалардың мән-мазмұнын ашып айтады, әрі жауаптардың қате немесе дұрысын қадағалап отырады. Қосымша түсініктемелер де беріп отыруына да болады.
Жетінші, «Мағынанытану» стратегиясы, бұл стратегия сабақты түсіндіруде, мәтінді оқу, сабақ мазмұнын меңгеру кезеңі десек те болады.
Сегізінші, «Ойтолғаныс» стратегиясы, мұны «Брейн-стролинг» әдісідеп те атайды. Бұл стратегия жұмыс мазмұны жағынан «шығармашылық» стратегияға ұқсас, айырмашылығы мұнда оқушыдан ішкі жан-дүниесін кеңінен ашуға, сезімін, дүниетанымын, рухани бейнесін, адами асыл қасиеттерін көрсетуге баулиды. Негізгі тапсырмалар көбіне ой толғау жазу, шығарма жазу, өлең шығару, мақала жазу, ертегі, аңыз, әңгіме құрастырып жазу т.б.
Тоғызыншы, «Әуезбен әсерлеу» стратегиясы, бұл стратегия баланың музыкалық танымын кеңейтуге зор әсерін тигізеді. Мұнда аудио таспа, видео таспа т.б. құралдар арқылы оқушыға өтіп жатқан материал бойынша ән не күй тыңдату немесе мәнерлеп оқуды жаттықтыру, не болмаса ақындардың өз орындауындағы әндерін ұсыну сияқты жұмыстар жүргізіледі.
Оныншы, «Көрнекілік» стратегиясы, өз аты айтып тұрғандай, мұнда түрлі көрнекі құралдарды тақырыпқа сай қолданылады. Олар: кеспе қағаздар, перфокарталар, семантикалық карталар, схемалар, кестелер, түрлі тест мәтіндері, т.б.
Он бірінші, «Бағытталған оқу» стратегиясы, бұл стратегия арқылы оқушылардың ортасында шығармашылық, ынтымақтастық аурасын туғызу мақсатында оқушылардың өздеріне ереже жасату, тест құрастыру, құрастырған тест сұрақтарына өздеріне оқыту арқылы жауап алу.
Мысалы:
Жұмысқа белсенді қатысу.
Бір-бірімізді бөлмей тыңдау.
Бір-бірімізді мұқатпау.
Сөйлеушінің (айтушының) пікірін құрметтеу.
Жалпы қазіргі күнгі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы, сатылай кешенді талдау технологиясы, «Дебат» технологиялары, тіл дамыту технологиялары түрлі әдіс-тәсілдермен қатар қолданылып сабақтарды қызықты етіп өткізуге көптеген мүмкіндіктер жасалуда.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы 3 сатыдан тұрады:
Қызығушылықты ояту;
Мағынаны тану;
Ойтолғаныс;
Достарыңызбен бөлісу: |