ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Егенбергенова Л. (Қызылорда)
Оқыту мен оқу тұрғысынан іс-әрекетті зерттеу барысында №55 мектепке тәжірибеден өтуге келдім. Мектептегі тәжірибе кезеңіндегі мақсатым мектеп директоры Е.А мен, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ә А. мен кездестім. Іс –әрекетті зерттеу үшін әріптестерім мен кездесіп, пікірлестім. Осы үш айлық курс барысында оқушыға қалай білім беруді және оқушылар қалай оқу керектігін меңгере отырып, өзімізде сыни тұрғыдан өзімізді сынау арқылы оқушыларды да сыни тұрғыдан ойландыра отырып, жаңашылдықтың бастамасы болуға бағыттау болатын. Біліктілікті арттыру курсының бірінші бетпе – бет кезеңінен кейін, менің кәсіби тәжірибемде үлкен өзгерістер болу үшін, алдымен өзімді өзгертуім қажет екендігін түсіндім. Бағдарлама барысында өзімнің білім беруге деген көзқарасым түбегейлі өзгерді.
Осы бағдарлама бойынша сабақты түрлендіріп беру арқылы, оқушының қабілетін ашу қажеттігін түсіндім. Ол үшін мұғалімдер үнемі ізденіп, жаңашыл болуға және әрдайым өз білімдерін жетілдіру курстарына барып, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп жүруді басшылыққа алып жүру керектігін түсіндім. Осы курсқа келу барысында мен өзім көп нәрсені меңгеріп, түсіну арқылы өзіме жаңаша көзқараспен қарап, оқушылармен сабақ жүргізу барысында ұққаным, жаңа әдіс – тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, оқушының білімді игеруде өздігінен білімге ұмтылуы мен ізденуіне жол ашатынын ұғындым.
Жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдердің негізгі бағыт- бағдары оқушылардың тек шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту арқылы оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп даярлау екенін түсіндім. Осылайша сабақтарымда бағдарлама модульдерінің идеяларын ықпалдастыруға тырыстым. Осы бағдарлама идеяларын қолдану барысында оқушылардың арасында білімге деген құлшыныс пен қызығушылық және ізденушілік қасиеттерге жетелейтінін байқадым.
Сабақ барысында түрлі модульдер стратегияларын қолдана отырып, бұрынғы және жаңа білімдерін ұштастыра отырып, білу, түсіну, қолдануға дағдылана бастағандаймын. Өз іс-әрекеттерімді сыни тұрғыдан талдаудағы деңгейлік тапсырмаларды қалыптастыруға бағыттадым. Өз білімімді кеңейту кезінде және практикалық күндерде оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер бағытында жұмыс жасадым. Сыныпта сабақ құрылымын жасаған кезде менде: « Білімді оқушыға қалай меңгертемін, және олардың білім алғанын қандай тәсілдер арқылы білемін», -деген ой болды. Бағдарлама теориясының түрлі әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушының өз бетінше игеріп, оны ортада талқылау арқылы түсінгендіктерін аңғардым.
Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. (МАН) 9-бет.
Оқу бағдарламасының басты ерекшелігі – оқушылар ынтымақтаса отырып, жұмыс істейді. Оқудың екінші айында практикалық зерттеу жұмысымен айналысу кезеңінде жеті модульдің бірі - сыни тұрғысынан ойлау модулін таңдадым.
1.Жеті модуль арасынан бұл тақырыпты таңдау себебім: Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы әр оқушының сыныптағы деңгейін көтеру. Сатылай яғни төменнен жоғарыға қарай тапсырма беріп, жеңілден күрделіге қарай тапсырма беру. Сын тұрғысынан ойлаудың қалыптасқан дағдыларын басқа оқушы немесе мұғалім оларды тәжірибелік жағынан пайдалануға дайын болуы тиіс.
Себебі, оқушыларды оқытуда тиімді әдістерді пайдалану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын арттыруға, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға болады.Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын тыңдаушы ғана еді, енді ол сын тұрғысынан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналды. Әр оқушы өз деңгейлерін көрсете алатындай жағдайға жетеді деп сенемін.
Сынып оқушылары топпен, жұппен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ең ұтымды жауапты тауып айтуға үйренеді. Топқа берілген сұраққа тынымсыз іздене отырып, әр оқушы өз ойын еркін айтуға, оны дәлелдеп, қорғай білуге мүмкіндік алады. Сондықтан сын тұрғысынан ойлау қазіргі уақытта мұғалімдер қажет ететін басты технологиялардың бірі деп ойлаймын.
Сыни тұрғысынан ойлау модульін мектепте қолдану маңызды рөл атқарады. Сыни тұрғысынан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға,бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік тәсіл. Сыни тұрғыдан ойлау модульі көңіл бөлуге тұрарлықтай. Жеті модуль бойынша мұғалімдер түсініп, оқушылармен жұмыс жасау кезінде барлық пән мұғалімдері сабақ құрылымын оқушы өзі игеріп, түсіну арқылы, баланың сыни тұрғыда ойлана алатындай тапсырмалар мен әдістер пайдалану арқылы барлық баланың білім деңгейін көтеріп, тұжырымды ой айта алатын тұлға даярлап шығару екендігі қазіргі таңдағы басты мәселе. Соның ішінде деңгейлеп оқытудағы сын тұрғысынан ойлауды сабақ барысында қалай қалыптастыра аламын.Осы іс-әрекетті зерттеу барысында 7-сыныпты таңдадым.Бұл сыныпта 18 оқушы бар,оның 5-еуі ұл бала,13-і қыз бала. Оқу екпіндісі алтау,орташа деңгейде 9 бала, ал қалған 3 бала төмен деңгейде.Осыған дейін дәстүрлі стильде сабақтар өткізіп келдім. Ендігі жерде оқыту мен оқу тұрғысынан зерттейтін іс-тәжірибемде дәстүрлі сабақтың әдістерін өзгерттім,топпен жұмыс істеу әдісімді кірістірдім. Бір ай бойы алған білімді күнделікті сабақта қолдандым, оқушыларға деңгейлік тапсырмалар арқылы сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыруға күш салдым.Әр баланың деңгейін ажырата алдым. Оқыту мен оқудағы сын тұғысынан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, бұл үдеріс анықталмаған болжамдар мен құндылықтарды, проблемаларды мойындау және оларды шешудің тиімді табуды, түрлі міндеттерді шешуде басымдақтарды белгілеудің маңызын түсінуді қамтиды. (МАН) 43-бет
Оқушылардың басым бөлігі әрбір сабақта қолданылып отыратын әдіс–тәсілдердің әрдайым жаңарып отырғаны және олардың өз ойларын еркін айтуға мүмкіндік беретін әдістердің қолданылғанын қалайтынын білдік. Бұрынғы оқушы тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Деңгейлік тапсырма беру арқылы оқушылардың өзін-өзі жоғары бағалауы, көрсете алуы. Дамуы төмен балаға қосымша ашық және жабық сұрақтар қойдым. Оқушыларға төменнен жоғары қарай тапсырма беру арқылы орындады. Блум таксономиясы бойынша даму деңгейі төмен бала біледі түсінеді қолдана алады.дамуы орта деңгейдегі бала біледі,түсінеді ,қолдана алады.Ал даму деңгейі жоғары бала сабақ барысында талдай алады, ойын тез жинақтай алады,және өзін-өзі бағалай алады.
1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум токсономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылыды. Бұл жұмыстың мақсаты үш бағыт бойынша: танымдық, эмоционалдық және психомоторлық жағынан оқушыларды оқыту мақсаттарының тізімін жасау болатын. Блум токсономиясының мақсаты-оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру мақсатында педогогтерді өздерінің күші мен назарын барлық үш салаға бірдей аударуға ынталандыру. МАН 43-бет.
Осыдан кейін сыныпты зерттеу барысында Жеті модуль бойынша ықпалдастыра отырып жасадым. Сыныппен қандай жұмыс жүргізу керектігін түсіндім. Оқытудағы тәжірибеде өзгеріс енгізуді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар құрудан бастадым. Жоспар жасағанда дәстүрлі сабақтан арылып, жаңа модуль бойынша жоспар құрдым. Орта мерзімнің жоспардың мақсаты мен нәтижесі айқын болады. Оқушылармен әңгімелесу барысында жаңаша оқытуға қарсы емес екендіктерін және түрлі әдіс–тәсілдермен өтілетін сабақтарға қызығушылық танытатындарын аңғардым.Бұрынғы «дәстүрлі» стильден бұл Бағдарламаның қандай айырмашылығы бар,мектептегі тәжірибе кезінде Нені өзгертемін? деп ой елегінен өткіздім.
Қорытындылай келе, сындарлы оқыту теориясы курсын басшылыққа ала отырып оқыту үдерісіне өзгерістердің енгізілуі, білім берудегі жаңа бастаманың жол табуының айқын көрініс табуы, алдағы уақытта әріптестерімді қызықтыра отырып, өз тәжірибемді жетілдіру жұмысында мектепке өзгерістер енгіземін деген сенімдемін. Оқушының қабілетін, біліктілігін, әлеуметтік мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет. Оқушылардың дарындылығын анықтау мақсатында кеңейтілген тапсырмалар арқылы олардың деңгейлік тапсырмалар арқылы байқауға болады. Жалпы тәжірибе барысында біршама кедергілер кездесті: пән мұғалімдерінің түсінбестік танытуы, еңбек демалысызға сәйкес келуі. Алдағы уақытта бағдарламаның қыр-сырын оқып, өз тәжірибемде пайдаланамын. Бағдарламаның теориясын меңгеріп, жаңа әдістермен жаңаша сабақ өту арқылы сыни тұрғыдан ойлауға машықтанып, өз ойларымыз бен тәжірибелерімізді талдайтын жағдайға жету. Қорытынды ойды оқушылардың оқудағы кедергілерді өз бетінше шешуіне мүмкіндік беріп, қолынан келетіндігіне сенім білдіру – ұстаз міндеті екенін түсіндірдім.Мұғалім ретінде тек әріптестеріммен бірлескен әрекет арқылы үйренуге және үйретуге талпынамын.
Достарыңызбен бөлісу: |