Қ орытынды Топтық жұмыс. « Жасырын бейне » әдісі.
Алдарына берілген фотодан жасырылған бейнені мұқият қарап, топпен табу
Алдарына берілген фотодан жасырылған бейнені мұқият қарап, топпен табады.
Рефлексия «Теледидир»
Берілген смаиликтерден өз эмоцияларын білдіретін суретін қиып теледидарға жабыстыру.
Қатысушылар рефлексия береді
«Сұраққа жетіп ал» әдісі
Мәтінді толық немесе бір бөлігін оқыту (мәтіннің күрделілігіне, оқушылардың даму ерекшелігіне қарай) оқылған мәтіннің мазмұнына әр деңгейлі сұрақтар қою. 1-ші топ – сұрақ қояды, 2-ші топ сол сұраққа жауап береді
«Кластер» әдісі
Тұжырымды ойларын қарталарға түсіріп, топтық жұмыс қорғалады (постер)
«Фишбоун» әдісі (постерде)
Жапондық профессор Исикава бойынПостерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағындағы қанаттарға идеяның себептері, төменгі қанаттарға идеяның салдары жазылады. Түйінді ой құйрығына жазылады. Кейін ауызша, жазбаша кері байланыс беруге болады.
«Үштік» әдіс
(Ойлан, жұптас, бөліс) Сынып бойынша тапсырманы оқиды. Оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді:бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады.
SWOT — талдау
Бұл әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды, жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, мүмкіндіктері бағаланып, қауіп-қатерлері туралы нақты дәлелдер келтіріледі.
«Кейс – стади» әдісі
Жұмысты жүргізу үшін бір жағдаят ұсынылады, оны бөліп-бөліп кезекпен оқиды, немесе айтады, қалғандары талдау жасап, өз ойларын ортаға салады.
«Кинометафора» әдісі
Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.
«Сұрақ ілмегі» әдісі
Бұл әдісті жазбаша немесе ауызша өткізуге болады. Сұрақ қою арқылы баланың сабақты қалай меңгергенін немесе меңгермеген жерлерін білуге болады. Керісінше бала өз ойын ашық жазып іліп кетуіне болады. Түрткі болу, сынақтан өткізу немесе қайта бағыттау техникаларын пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |