«Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» жинағы Құрастырған: Айтжанова


«БББ» әдісі бойынша кері байланыс



бет15/29
Дата16.02.2022
өлшемі0,74 Mb.
#25615
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
Байланысты:
компл адистер

«БББ» әдісі бойынша кері байланыс

Топ басшыларына бағалау парақтары тапсырылды. Топ басшылары әділ оқушылар.

Стикерге аттарын жазып тақтада ілулі тұрған ватманға жабыстырады.

«Білемін»

«Білдім»

« Білгім келеді»











«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі. Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі.

1-топ тапсырмасы: Қоспаның 40%-ын күміс, 20%-ын мыс, қалған пайызын мырыш құрайды. Қоспаның құрамын көрсететін диаграмманы Microsoft Excel-де салыңдар.

2-топ тапсырмасы: Ауа құрамының 70%-ын азот, 20%-ын оттек, қалған пайызын әртүрлі газдар құрайды.Осы мәліметті диаграммамен .





«Өзіңді тексер» әдісі

Кеcтедегі мәліметтерді пайдаланып, бағанды диаграмма салыңыз:





Қазақстанның облыстары

Аудандары

1

Ақмола облысы

146219км

2

Ақтөбе облысы

300629 км

3

Алматы облысы

223911 км

4

Атырау облысы

118631 км

5

Шығыс Қаз облысы

283226 км

6

Жамбыл облысы-

144264 км

7

Батыс Қаз облысы

151339 км

8

Қарағанды облысы

427982км

9

Қостанай облысы

196001км

10

Қызылорда облысы

226019км

11

Маңғыстау обылысы

165642км

12

Павлодар облысы

124755км

13

Солтүстік Қаз облысы

97993км

14

Оңтүстік Қаз облысы

117249км



Рефлексия «Блоб ағашы». Сабақ соңында окушы сабақта өзiн калай ұстады, қандай дәрежеде өз бiлiмiн көрсете алды, ағаштан өзiн тауып бояп қояды. Жұппен жақсы жұмыс iстесе құшақтасып отырған екi адамды белгiлейдi. Сабаққа араласпаса жерде бұртиып жатқан баланы бояп қояды.т.с.с.

 

«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі
Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?
Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу КЕЗІНДЕ
оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.
«Қол белгісі»

Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту

Сипаттамасы: Мұғалім оқушылардан тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін қол белгілері арқылы арқылы көрсетуді сұрайды. «Мен түсініп отырмын және түсіндіре аламын» дегендер қолдын бас бармағын жоғары бағыттайды. «Мен әлі түсінбей отырмын» дегендер қолдын бас бармағын жанына қарай жантайтады. «Мен түсінгеніме сенімді емеспін» дегендер қолды бұлғайды.

Осы белгілерге сүйеніп, мұғалім сабақтың қай деңгейде өткенін біле алады.

Оқушылардың табыстарын мадақтап, өздеріне деген сенімін нығайту мақсатында ауызша репликалар айтылады. «Қол шапалақтау» әдісі қолданылады.


«Бағдаршам»

Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту

Сипаттамасы: Әрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылады. Мұғалім олардан сабақты түсінген-түсінбегеніне сәйкес карточкаларды көтеруін сұрайды. Жасыл карточка көтерген оқушылар барлығын түсінген боп есептеледі. «Не түсіндің?» сұрағы қосымша қойылады. Сары және қызыл карточка көтергендерден не түсініксіз болғаны айқындалып, тақырып төңірегінде қосымша жұмыстар жүргізіледі.

Бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады.
«Әңгімеге негізделген жазу»

Ұйымдастыру: топпен/жұппен жұмыс

Мақсаты: әңгіме желісі бойынша орындалған жұмысты топтарда немесе жұптарда талқылай отырып жазу; әңгіме туралы өз ойларын ортаға салу және пікір алмасу.

Қажетті материалдар: ақ парақтар, қалам

Сипаттамасы: берілген әңгіме бойынша шақыру қағазын, хат, ашықхат, электрондық хат, күнделік жаздыру үшін оқушылар шағын топтарға немесе жұптарға бөлінеді. Оқушылар берілген жұмыс түрлерінің бірін таңдайды немесе жеребе арқылы анықталады. Жазу уақыты белгіленіп, оқушыларға ескертіледі. Әр топта немесе жұпта бір хатшы сайланады. Оқушылар не жазатындарын талқылап, бір-бірімен пікіралмасады. Жазып біткеннен кейін олар өз жұмыстары төңірегінде ой бөліседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет