Оқытуды басқару және көшбасшылық


Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстары



бет2/3
Дата14.10.2023
өлшемі24,06 Kb.
#114348
1   2   3
Байланысты:
Оқытуды басқару және көшбасшылық

Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстары:

  • Іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;

  • Өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға;

  • Бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;

  • Кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті деп анықталуы мүмкін.

Дамыту жұмыстарын зеттеумен шатастыруға болмайды. МКДЖ бағдарламасы «мұғалім-зерттеуші» түсінігіне емес «мұғалім-дамыту жұмысының көшбасшысы» түсінігіне негізделе құрылған. Дамыту бойынша жұмыс белгілі бір құбылыстардың пайда болу себептерін анықтау немесе тәжірибені талқылаудан тұрмайды. Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар, жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады. Дамыту бойынша жүргізілетін жұмыс басқаларды серіктестікке тартып, рефлекция мен өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды. Мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады, мысалы: әріптестер арасындағы пікірталастар желіде орналастырылған есеп беруді оқу, оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы пікірлерін жинау, әріптестерімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында басқа сыныптардың сабағына қатысу. Дәл осы жағдайда зерттеу үдерісті аяқтау үшін емес, диалог үшін ізденістің негізгі стратегиясы болып табылады.Көптеген мұғалімдер өз тәжірибесін жетілдіру жұмысын жақсы бастама деп санайды, егер жоба басынан нәтижелі болып, әріптестерін қызықтыра алса,онда бұл өзгерістер мектепте кеңінен қолдау тауып отырады. Басқаша айтқанда, мектеп басқаша жұмыс істеуге үйренеді. Сол себепті әріптестерді қызықтырып, оларды бірлесе жұмыс істеуге шақыру қажет.Әрбір технология жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Осы тәсілдерді мұғалім іздену арқылы жетілдіре түседі. Қызықты сабақ болса оқушының сол пәнге қызығуы артын қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен орын алады. Қазіргі сабақтардың басты ерекшелігі бірлесе жұмыс істеу атмосферасын орнату ,оқушыларды оқуға, ұстаз еңбегіне араластыру болып табылады. Сондықтанда ұстаз күш-жігерін оқушылардың өздігінен білім алуына,танымдық әрекеттерін өздігінен ұйымдастыруды үйретуге жұмсауы керек. Оқыту сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті болып табылады. Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал. Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес. Мұғалім ретінде, біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, жоғары лауазымсыз да жақсы мұғалімдердің кәсіби шеберліктері мен адамгершілік сенімдерін қолданып, адамдарға әсер етуге болады.Біз өзіміздің тактикалық дағдыларымызды жетілдіріп,стратегиялық тұрғыдан ойлауды үйрене аламыз.Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл болінеді. Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды. Мұғалім сабақта әдіс - тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан - жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет