Оқытудың әдістерінің классификациясын жасау Тексерген: Алиева Ж. Н мазмұны Оқыту әдістері мен тәсілдері



бет2/6
Дата18.11.2023
өлшемі15,79 Mb.
#124522
1   2   3   4   5   6
Оқыту әдістерін жіктеу
Орнына немесе негізгі дидактикалық мақсатына қарай әдістердің классификациясы. Классификацияның жалпы белгісі ретінде сабақтағы бірізділікті кезеңдер және сонда орындалатын мақсаттар болады. Соған мына әдістер бөлінеді:
а) білім алу;
б) іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
в) білімді қолдану;
г) шығармашылық іс-әрекет;
д) бекіту;
е) білімді, іскерлікті, дағдыны тексеру.
3.Танымдық іс-әрекет типіне қарай әдістердің классификациясы:
  • түсіндірмелі – иллюстративтік;
  • репродуктивтік (қайталап айту);
  • проблемдік баяндау;
  • бөліктік-іздеушілік (эвристикалық);
  • зерттеушілік.

  • Оқушылардың белсенділігінің дәрежесіне қарай классификация:
  • белсенді;
  • пассивті.

3. Танымдық іс-әрекеттің типіне қарай оқыту әдістерін классификациялау
Мұнда мынадай оқу әдістері бөлінеді: түсіндірмелі-иллюстративтік ақпараттық-рецептивтік (қабылдау) әдіс. Оны сипаттайтын белгілер:
- оқушыларға білім «дайын» күйінде ұсынылады;
- мұғалім әр түрлі тәсілдермен осы білімдерді меңгеруді ұйымдастырады;
- оқушылар білімді қабылдауды (рецепция) және ұғынуды жүзеге асырады, оларды өзінің есінде қалдырады.
Рецепция (қабылдау) кезінде ақпараттың бүкіл көздері (сөз, көрнекілік және т.б.) қолданылады, баяндаудың логикасы индуктивтік және дедуктивтік жолмен жүзеге асырылуы мүмкін.
4.Ю.К.Бабанскийдің классификациясы
бойынша оқыту әдістері
Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың және жүзеге асырудың әдістері
оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандырудың және себептендірудің әдістері
қадағалаудың және өзін-өзі қадағалаудың әдістері
5.Көрнекілік әдісі. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.
Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырранда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет