Оқытудың әдістерінің классификациясын жасау Тексерген: Алиева Ж. Н мазмұны Оқыту әдістері мен тәсілдері



бет5/6
Дата18.11.2023
өлшемі15,79 Mb.
#124522
1   2   3   4   5   6
Ынталандыру әдісі
Қызығушылықтың үш түрі:
• іс-әрекетке деген оң көзқарастың болуы;
• танымның баланы жақсы сезімге бөлеуі;
• іс-әрекеттің баланы ынталандыруы.
Оқыту процесінде баланың оқу іс-әрекетіне оң көзқарасын туғызу керек. Оқылып отырған материалдың оқушыны тебірентуі, қуанышқа бөлеуі, таң қалдыруы, аяушылық сезімін тудыруы сабақтың мақсатына жетуді тездетеді.
Жауапкершілікті қалыптастыру әдістері.
Тәсілдері:
• оқушыға оқудың өзіне және қоғамға пайдасын түсіндіру;
талап қою;
• талаптарды орындауға үйрету;
• өз міндеттерін жақсы атқаратындарды мадақтау;
• керек жағдайда жазалау әдісін қолдану;
оқушыға кемшіліктерін айтып, оларды түзетуге көмектесу. Оқушыға оқудың өзіне және қоғамға пайдасын түсіндіру үшін мұғалім өндірістің дамуына ғылымның қалай әсер еткенін айтып, білімділік еңбек өнімділігін арттырып, жаңашылдыққа әкелетінін дәлелдейді.
Бөліктік-іздеушілік (эвристикалық) әдіс
Белгілері:
- оқушыларға білім «дайын» күйінде берілмейді, олар оны дербес табу керек;
- мұғалім оқушыларды әр түрлі құралдармен жаңа білімдерді іздеуге, меңгеруге жұмылдырады;
- оқушылар мұғалімнің басқаруымен дербес ойлайды, пайда болатын танымдық міндеттерді шешеді, проблемдік жағдаяттарды құрады және шешеді, талдайды, салыстырады, жалпылайды, қорытындылар жасайды т.б. нәтижесінде оларда саналы берік білім қалыптасады.
Бұл әдісте мұғалім білімнің бөлігін хабарлайды, енді бір бөлігін оқушылар қойылған сұраққа жауап беру арқылы өздігінен табады.
- мұғалім оқулармен бірге проблеманы /мәселені/ қояды;
- оқушыларға білім хабарланбайды, олар өздері проблеманы зерттеп, шешу арқылы білімге ие болады;
- мұғалімнің іс-әрекеті проблемалық міндетті шешу барысында оперативті басқаруға сай келеді;
- оқыту процесі жоғары қарқындылықпен сипатталады, үлкен қызығушылықпен жүреді, алынған білім тереңдігімен, беріктігімен, іскерлігімен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет