Оқытуды ұйымдастыру түрлері мен жұмыс тәртібі


Оқытудың негізгі принциптері



бет7/9
Дата04.11.2022
өлшемі32,9 Kb.
#47550
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Рубежный контроль 1-1665031642875

Оқытудың негізгі принциптері: қызықтылық, жүйелілік, түйіндемелік, қолжетімділік, көрнекілік және шынайы қарым-қатынас болуы тиіс.
«Тілдің үштұғырлығының дамуы» курсының аяқталуымен балалар лексика-грамматикалық құрылымдардың зерттелген тыңдалым машықтарын меңгеруі керек, берілген тақырып бойынша айқын сөйлеу, оқып жатқан тілдерде өлеңдер мен тақпақтарды білу.
5-6 сөйлемнен құралған заттарды сипаттайтын шағын әңгімелер, жеке тәжірибеден оқиғалар құрастыру; әдеби шығармалардан түсінгенін айту, суреттер бойынша мәтін құрастыру. Ойыншықтар, суреттер бойынша баяндамалық әңгімелер шығару, жұмбақтар мен салыстырмалы жұмбақтар құрастыру.
Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту барлық салаларда жүзеге асады, бірақ мектепке дейінгі мекемелерде басты оқытудың түрі балалардың сөйлеу қабілетін дамыту бойынша ұйымдастырылған оқыту қызметі болып табылады. «Қатынас» білім саласы құрылымының әрекеті әр түрлі өзара байланыстағы сөйлеу жұмысының, сөздікті жетілдіру және жандандыру, грамматикалық сөйлеу тіркесін қалыптастыру, дыбыстық сөйлеу мәдениетін және т.с.с. тарауының процессі ретінде белгіленеді. Осы кезеңде, мектепке дейінгі жаста, байланысты монолог сөзін дамыту негізгі мақсат болып табылады. Оқытылудағы тілдердің дұрыс айтылуын қалыптастыру барысында есту қабілеті және фонематикалық қабылдау, сөйлеу аппаратының моторикасы, яғни сөйлеу мүшелерінің қозғалғыштығының айырықша мәнділігі бар. Көптілде айтылуын қалыптастыруға фонематикалық есту қабілеті міндетті шарт болып табылады.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың фонематикалық қабылдау қабілеті өте жоғары деңгейде дамитындығы байқалады; олар дыбыстарды дұрыс айтып, олардың жіңішке және сараланған дыбыстар, сөз түрлері мен жеке дыбыстарды қалыптастырады.
Сараланған дыбысты қабылдау қабілеті акустикалық және артикуляциялық дағдыларды дамыту барысында қалыптасады. Қазақ, орыс, ағылшын тілінде дыбыс шығару біртіндеп қалыптасады. Олар 3 кезең арқылы өтеді:
1) артикуляциялық аппаратты дайындау;
2) тұйықталған дыбыстың айтылуын нақтылау;
3) буындарда, сөздерде және фразалық сөйлеуде буындарды бекіту.
Бірінші кезең сөйлеу аппаратын артикуляциялық қимылдарға дайындауға бағытталған. Бұл шараны арнайы дыбыстық сөйлеу мәдениетін және қазақ, ағылшын тілінде сөйлеуді оқыту бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асыру қажет. Күнделікті тәртіптік сәт уақытында, таңғы гимнастика, жуыну барысында артикуляциялық аппаратты шынықтыру үшін жаттығулар орындауға болады. Дыбысты зерттеу үдерісінің құрылымы фонетикалық қабілетін дамыту әдістемеге кірістірілген «Қатынас» білім саласында ана тілінде оқыту және тәрбиелеу әдістемелік құралында толық сипатталған.
Барлық балалар игеруге міндетті негізгі лексикалық қормен қатар игерілетін белгілі рецептивті лексиканың көлемі: күнделікті әдетті айтылатын сөздер, ұйқастырмаларда және тыңдалымға арналған мәтіндерде кездесетін лексика.
Жаңа сөздерді саралап айтуды жөндеу, тек таза сөйлеу және жаңылтпаштарды қолдану арқылы жүзеге асады.
Сөйлеудің дұрыс ырғағы мен екпінін қалыптастыруда сөйлеу тынысы ерекше орын алады.
Сөйлеу тынысы тыныстық гимнастиканың барысында дамиды. Тыныс гимнастикасында әр түрлі сюжетті жаттығулар қолданылады: («Сағат» «Ұшақ» «Сорап» және т.б.). Тыныс гимнастикасы әр түрлі ойын жаттығулар түрінде өтеді. Балалар мақта шарларын, қағаз сызықшаларын, шарларды үрлейді, сабын көпіршіктерін жібереді және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет