Оқытушы пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Микро-ЭЕМнің тағайындаулы



бет18/24
Дата16.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#43392
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
Байланысты:
АИТП УМКДП каз

Микро-ЭЕМнің тағайындаулы. Микро-ЭЕМ есептегіш немесе басқарушы, бағдарламалы-басқарылатын немесе дәстүрден бөлек – жұмыс алгоритмін аппаратты түрде тағайындаушы құрал ретінде пайдаланыла алады.
Микро-ЭЕМ командалары. Функцианалды белгілер бойынша мәліметтерді өңдеу, басқару және басқа жерге жіберу командаларын ерекшелеуге болады. Қазіргі микро-ЭЕМ-дер 20-дан 512 командаға дейін падалануға мүмкіндік береді, олардың форматы 1 ден 4 байтқа дейін. Көбіне бір адресті командалар тән.
Үзу жүйесі бірнеше бағдарламаларды өзара сәйкестендіре отырып жүзеге асырғанда қажет. Ондай жүйе болса ағымдағы бағдарламаны орындау керек болған тоқтатылуы мүмкін, ал ЭЕМ басқа, одан да маңыздырақ бағдарламаны орындауға көшеді. Үзіліс үзу көзінен белгі келген кезде жүзеге асады, ол сигнал ЭЕМ-нің ішкі блогымен қоса сыртқы құралдардан да келу мүмкін. Жекелей бағдарламалардың маңыздылығы алдын-ала анықталған, бұл кезде басымдылық принципі қолданылады. Есептеу процессін былай ұйымдастыру микро-ЭЕМ-ді қолданған кезде тіптен керек (мысалы, қауіпті жағдай болса басқа ішкі бағдарламаға көшуді ұйымдастыру керек).
Енгізу-шығаруды ұйымдастыру. Микро ЭЕМ мен перифериялы қондырғылар арасындағы ақпарат алмасу ақпаратты берудің программалы – басқаруы мен жадқа тікелей қатысу арқылы іске асырылады. Бірінші жағдайда ақпаратты өткізуді микро ЭЕМ-де жүргізілетін (өткізу жылдамдығы - өткізу программасын орындау циклындағы бір сөз) арнайы программа басқарады. Екінші жағдайда ақпарат сыртқы қондырғылардан ОЗУ-ға процессордың қатысынсыз жазылады, онымен қатар жадқа тікелей қатысу үшін бірінші жағдайға қарағанда күрделірек байланыстыру қондырғысы қажет. Жадқа тікелей қатысу кезінде ақпарат алмасу тезірек және жазу уақыты негізінен жад қондырғыларының тез жұмыс істеуімен анықталады. Жадқа тікелей қатысу режимі үлкен, ауқымды ақпараттарды өткізу мақсатында қолданылады, мысалы сыртқы ЗУ-дан. Көп жағдайда микро-ЭЕМдегі процессордың, жедел жадтың және енгізу-шығару құралдарының өзара байланысы ортақ магистраль арқылы («Ортақ шина») жүзеге асады. Алмасу процессін ұйымдастырудың негізгі жетістігі құралдардың түрін оңай өзгерте алу мүмкіндігінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет