Сабақ №4 Квадрат теңдеулерді шешу Сабақтың түрі



Дата09.06.2023
өлшемі41,65 Kb.
#100207
түріСабақ
Байланысты:
Сабақ 4 Квадрат теңдеуді шешу Сабақ жоспары





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
8.2A Квадрат теңдеулер

Мектеп: №56



Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Джампеисова

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы
Сабақ №4

Квадрат теңдеулерді шешу

Сабақтың түрі

Білімді кешенді қолдану сабағы
Сабақ ойын түрінде жүргізіледі.
Ойынды өткізу кезінде «ХХI ғасыр көшбасшысы» телеойынының элементтері қолданылады.

Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.3
квадрат теңдеулерді шешу

Сабақтың мақсаты

Оқушылар квадрат теңдеулерді шеше алады.

Бағалау критерийлері

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Квадрат теңдеудің түбірлерін біледі

Білімді қолдану

Квадрат теңдеудің түбірлерінің санын анықтайды
Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласын қолданады




Тілдік мақсат


Оқушылар квадрат теңдеудің шешімін түсіндіреді;
Квадрат теңдеудің түбірлерінің санын талқылайды; пәндік лексика мен терминологияға сүйенеді.
Пәндік лексика және терминология:
Квадрат теңдеу
коэффициент
дискриминант
Диалог пен жазылымға қажетті тіркестері:
Квадрат теңдеуді дискриминанты деп … .
Бұл квадрат теңдеудің … түбірі бар, өйткені … .
Квадрат теңдеудің дискриминантын табайық.
Квадрат теңдеудің түбірлерінің санын анықтайық.
Түбірлерін есептейік.

Құндылықтарды дарыту

Өзара сыйластық, толеранттылық.
Құндылықтарды дарыту сабақтың мазмұны арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс

Физика және басқа да жаратылыстану-математика бағытындағы ғылымдар

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Бастапқы білім

Оқушылар квадрат теңдеу ұғымын біледі, квадрат теңдеулерді түбірдің формуласымен шеше алады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы
3 мин



Ұйымдастыру бөлімі
Сынып 4-5 адамнан топтарға бөлінеді.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Біз квадрат теңдеулерді шешіп үйрендік. Осы тақырып бойынша жақсы білім жоғары сыныпта алгебраның және басқа да пәндердің бөлімдерін оқуға көмектеседі. Бүгін біз осы тақырып бойынша біліміміз қаншалықты жақсы екенін тексереміз. Ол үшін біз «ХХI ғасыр көшбасшысы» ойының қатысушылар боламыз. 6 топқа бөлінейік. Топта жұмыс жасай отырып, Напалеонның «мен басқалардың ойларын тыңдамаған кезде өмірден өттім»,-деген сөзін есте сақтайық.

Презентация


1-2 слайдтар
3 слайд

Сабақтың ортасы

10 мин


15 мин

10 мин


5 мин

«Бәйге» кезеңі
Мұғалім: Мен бірнеше тұжырымдарды оқимын, әрбір топ карточкаларға тұжырым дұрыс деп ойласа, «ия» деп, жалған деп ойласа, «жоқ» деп жазу керек. Бірақ мұқият болыңыз.

1. Егер ах2 + bx + c = 0 квадрат теңдеудің b немесе с коэффициенттерінің бірі нөлге тең болса, онда теңдеу толымсыз квадрат теңдеу деп аталады. (ия)


2. Толымсыз квадрат теңдеудің екі түрі болады:
ах2 + с = 0, мұндағы с ≠ 0 немесе ах2 + bх = 0, мұндағы b ≠ 0. (жоқ)
3. b2 – 4ас ≥ 0 болғанда ах2 + bх + с = 0 теңдеуінің екі түбірі бар. (жоқ)
4. b2 – 4ас өрнегі дискриминант деп аталады, латын тілінен аударғанда discriminatio айырмашылық, өйткені, оның таңбасы арқылы теңдеудің неше түбірі бары анықталады. (ия)
5. Егер квадрат теңдеуде b коэффициенті болса, онда теңдеудің түбірін х = формуласымен табуға болады. (жоқ)
6. Егер квадрат теңдеудің коэффициенттерінің бірі бірге тең болса, келтірілген квадрат теңдеу деп аталады. (жоқ)
7. Егер бос мүше нөлге тең болса, квадрат теңдеудің түбірлерінің бірі нөлге тең болады. (ия)
Карточкалар әділқазы мүшелеріне тексеруге беріледі.

«10 немесе 20» кезеңі


Мұғалім: Келесі кезеңде сіздер квадрат теңдеуді кез келген әдіспен шешуді көрсете аласыздар. Сонымен бірге сіз тек әдісті емес қандай теңдеуді шешетіндеріңізді де таңдай аласыздар: 10 ұпайлық немесе 20 ұпайлық.
Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша …тобы көшбасшы, сондықтан осы топ таңдауды бастайды. Егер топ … минут ішінде дұрыс шешім бере алмаса, шешімді бірінші тапқан топ орындай алады.



Квадрат теңдеулерді шешу әдістері

10 ұпай


20 ұпай


Толық квадратты бөліп шығару

А) х2 + 4х +3 = 0

C)

В) х2 + 2х – 3 = 0

D)

Түбірдің формуласы арқылы теңдеуді шешу

А) 2х2 – 3х + 2 = 0

C)

В) 11х2 + 27х +16 = 0

D)

Екінші коэффициенті жұп болғандағы түбірді табу формуласы арқылы теңдеуді шешу

А) х2 – 2х – 15 = 0

C)

В) 10х2 – 6х + 0,9 = 0

D)



«Полиглот» кезеңі
Мұғалім: «Полиглот» кезеңінде ХII ғасырдағы үнді математигі Бхаскараның есебіне шешіп, жауапты үш тілде ұсыну керек.
Жеміргіш бір топ маймылдар тамақтанып алып көңіл көтерді. Олардың сегізден бір бөлігінің квадраты өрісте, ал 12-сі ағашқа секіріп ойнады, осы топта қанша маймыл болды? (орысшада аударылған)


«Оратор» кезеңі
Үш кезеңнің қорытындысы бойынша бүгін көшбасшы …тобы, сайысты ары қарай жалғастырамыз. Келесі «Оратор» кезеңі. Бұл жерде сіздер өздеріңіздің ораторлық қасиеттеріңізді көрсете аласыздар. Үйден сіздер «Квадрат теңдеулер тарихына» байланысты ақпарат дайындап келу керек едіңіздер.
Ұпай саны жоғары топ кезекті таңдай алады.

Әділқазылар тыңдайды, қорытынды жасайды, қатысушыларды және «ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойынының жеңімпаздарын марапаттайды.



4-5 слайд


5-12 слайд

13 слайд

14 слайд
15-16 слайдтар

17 слайд


Сабақтың соңы
2 мин

Үй тапсырмасы
Теңдеуді шешіңіз:

Мұғалім сабақты қорытындылайды.

Қосымша 1









Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Қабілеті жоғары оқушылар сыныптастарына көмектеседі.

Мұғалім оқушылардың жұмыстарын бақылайды. Оқушылардың өздерінің жұмыстарын, бір-бірінің жұмыстарын бағалайды

Сабақта іс-әрекет түрлері өзгеріп отырады.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет