Оқытушы: Сагиндикова Гульбану нахипбековна



бет2/3
Дата06.02.2023
өлшемі2,77 Mb.
#65412
1   2   3
Байланысты:
Кк 3 апта

Дені сау адамда тыныс алу қозғалыстары тыныс алу бұлшық еттерінің жиырылуы нәтижесінде болады: қабырға аралық, көк еттік және іш қабырғасы бұлшықеттері. Тыныс тынысалу орталығы және ми қыртысымен реттеледі. Оттегі жетіспегенде немесе қандағы көмірқышқыл газдың жоғарылауы кезінде тыныс алу орталығының тітіркенуі салдарынан тыныстың белсенділігі күшейеді. Кей жағдайларда тыныс алу орталығы ауырлауы мүмкін, ол тыныстың тереңдігі мен жиілігін азайтуға, не тоқтауға дейін әкеледі (гипервентиляция, қанда оттегі концентрациясының көп болуы)

Жас шамасына сәйкес физиологиялық тыныштық кезінде тыныс алу жиілігінің қалыпты жиіліктері бар: • нәрестелерде – 40-60• 6 айында – 35-40• 1 жасында – 30-35• 5 жасында – 25• 7 жасында – 21-23• 10 жасында – 20-22• 14-15 жасында – 18-20• ересектерде – 16-20 Тынысты есептеу тыныштық жағдайында жүргізілуі керек, есептеу алдында науқас физикалық жұмыс жасамауы керек, тамақ ішпеуі немесе алаңдамауы қажет, өйткені бұл жағдайлар тыныс алу жиілігін жоғарылатады. Физикалық күш түскенде,тамақтан соң тыныс жиілейді, ұйқы кезінде— азаяды. Бірақ тыныстың жиілеуі немесе азаюы ақаулы жағдайлармен байланысты болуы мүмкін. Тыныс алу қозғалысы санының жоғарылауы (20-дан көп) - тахипноэ, тыныс санының 16-дан төмендеуі– брадипноэ, тыныстың толық болмауы – апноэ деп аталады. Апноэ ерікті болуы мүмкін, егер науқас өзі тынысын ұстап тұрса, және ақау кезінде болады, мысалы, клиникалық өлім кезінде.

Науқаста естің бұзылуының әртүрлі дәрежесі дамуы мүмкін, оның өшуі (ступор, сопор, кома) немесе ОНЖ қозуыболады (сандырақтау, галлюцинация) Есі анық – есінің толық сақталуы, белсенді сергектік, өзін және қоршаған ортаны адекватты қабылдау. Науқас қоршаған ортаны толық бағдарлай алады, қойылған сұрақтарға нық жауап береді. Ступор (аздаған қатаңдану) – естің жартылай өшуі. Науқас уақыт пен кеңістікті жақсы бағдарлай алмайды, бірақ өзін, айналадағы адамдарды бағдарлай алуы сақталған. Қатты шаршағаны, солғыңдығы, бет-қимылы азайғандығы, ұйқылы-ояулығымен сипатталады. Ауырту қозғалыс реакциясы белсенді және дұрыс бағыталған



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет