Оқытушы: Сагиндикова Гульбану нахипбековна



бет3/3
Дата06.02.2023
өлшемі2,77 Mb.
#65412
1   2   3
Байланысты:
Кк 3 апта

Кома – естің толық жойылуы. Науқас ауырсыну және дыбыс тітіркендіргіштеріне жауап бермейді, рефлекстері жоғалған. Тыныстың тереңдігі мен жиілігі бұзылу, қан қысымының төмендеуі, жүрек қызметі ырғағының бұзылуы, температура реттеуінің бұзылумен сипатталады. Қарашығы тарылған, жарыққа реакциясы жоқ. Кома аурудың біршама ауыр дәрежеде екенін көрсетеді, мида жедел ми-қанайналым бұзылысы, бас жарақаты, қабыну (энцефалит, менингит, малярия), сонымен бірге улану нәтижесінде (барбитурат, көмірсу тотығы және басқ.), қант диабеті, уремия, гепатит (уремиялық, бауырлық кома) салдарынан мидың қыртысында терең тежелу пайда болудан дамиды.Сандырақтау – бұл жалған, ретсіз пікір, ойланудың бұзылуы және байланыссыз сөйлеумен бірге жүреді. Соматикалық науқастарда жоғары дене температурасы кезінде (мысалы, жұқпалы аурулар кезінде), жиі психикалық бұзылыстары кезінде болады. Сандырақтаудың тыныш және елірме түрін ажыратады. Елірме сандырақтауда науқастар қозулы күйде, төсектен ұшып тұрып, осы жағдайда не өзіне, не айналадағыларға залалын тигізуі мүмкін. Бұл науқастарды күту мен бақылау үшін жеке мейірбикелік бекет ұйымдастырылады.Галлюцинация – шын мәнінде жоқ нәрсені, жалған қабылдау. Есту, көру, иіс сезу, сипап сезу галлюцинациялары болады. Есту галлюцинациясында науқас өз-өзімен немесе жалған әңгімелесушімен сөйлеседі.

Артериялық пульс Бұл артериялды жүйеге қанның айдалуы нәтижесінде артерия қабырғаларының ырғақты қозғалуы. Ұйқы артериясында. Артерияны қатты қыспай екі жақтан кезекпен пульсті тексеру керек. Сан артериясында пульсті созылған сәл сыртқа бұрылған санның шат маңайында тексереді. Тізе асты артериясында. Пульс науқас етпетінен жатқан жағдайда тізе асты шұңқырында тексеріледі. Асықты жіліктің сыртқы артериясында пульсті ішкі тобықты қысып отыра тексереді. Табан сыртының артериясында пульсті бірінші кеңістік аралық проксималды табанының сыртқы беткейінде тексереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет