Əдебиет: 1. Абишев Г. Казахстан в Великой Отечественной войне. Алма-
Ата, 1958.
2. Балакаев Т.Б., Алдажуманов К.С. Казакстан еңбекшілері - майданға.Алма-
Ата, 1985.
3. Белан П.С. Участие казахстанцев в завершающих сражениях Великой
Отечественной войны /январь-май 1945 г./. Алма-Ата, 1979.
4. Козыбаев М.К. Казахстан - арсенал фронта. Алма-Ата, 1970.
№25 дəріс
Тақырыбы: Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда /1946-1953 жж./
Дəрістің мазмұны:
1. Соғыстан кейінгі жылдардағы халық шаруашылығын қалпына келтіру:
жетістіктер мен қиындықтар
2. Соғыстан кейінгі кезеңдегі ғылым мен мəдениет, халық ағарту істері
3. Қоғамдық-саяси өмір. «Бекмаханов ісі»
Кеңес үкіметінің соғыстағы жеңісі оның державалық империялық элитада
өсуіне алып келді. Орыс халқының жеңістегі негізгі ролі айрықша көрсетіле
бастады, олардың басқа елдер тарихындағы ролі қайта қарастырыла бастады.
Сол сияқты қазақтың тарихындағы ролі де қарастырылды. Осыған
байланысты ұлттық интеллигенция арасында буржуазиялық ұлтшылдық
туралы тезис шықты.
Үкімет жағынан ең қатаң сын объектісі ретінде 1943 жылы шыққан,
“Қазақстан тарихы” болды. Идеологиялық стандарттарға сай жүруге мəжбүр
ету, ұлттық ойлауды басу., шовинизмнің, тіпті ұлттық фашизмнің мəдениет
пен ғылымда басшылық етуі басталды. Қоғамдық танымға Ресейдің орыс
емес халықтардың тарихындағы ерекше миссияндық рөлі туралы, Ресей
отарлауының жақсы жағы туралы түсінік бастады, Қазақтар тарихы басқа
түрік
жəне
мұсылман
тарихынан
бөлектетіліп
Ресей
тарихымен
байланыстырыла бастады. Ұлттық азаттық қозғалысы реакциялық қозғалыс
ретінде көрсетіле бастады, қазақтардың кейбір азаттық көтерілістері
шындыққа сай топтық жіктеліс көтерілісі деп, антифеодалдық деп жариялана
бастады.
80
Жаңа
идеологиялық
құрылымдармен
келіскісі
келмеген
ұлттық
интеллигенция өкілдеріне қатаң жазалар қолданылды.
40 жылдардың аяғи 50 жылдардың басында тарихшылар Е.Бекмаханов
репрессияға ұшырады, М.Əуэзов, Қ.Сатпаев, Е.Исмаилов, Х.Жүмалиев,
А.Жұбанов жəне басқалары құдаланды. 1951 жылы Ұлттық эпос,
“Қобыланды”, “Ер Сайын”, “Шора-Батыр”, “Ер Едіге” жəне басқалары
сияқты ұлттық мəдениет қазыналары орталықтан сынға ұшырады. Олар
феодалдық хандар мен қанаушыларды жақтайды деп жарияланды.
1953 жылғы Сталиннің өлімі ғана репрессияның жаңа толқының тоқтатты.
40 жылдардың екінші жартысы 50 жылдардың басы лагерьлер жүйесінің
апогеемі болды. Есіл даласындағы лагерьдің өзінде 1949 жылы 200 мың
қамалғандар болды. Ірі лагерьлер Қарағанды жəне Жезғазған лагерьлері
болды. Қамалғандар негізінен фашист қамауына түскен солдаттар мен
офицерлер, сол сияқты Прибалтика, Украина, Белоруссия жəне Кавказдағы
Кеңес үкіметіне қарсы көтеріліске қатысқандар болды. 1948 жылы
“контрреволюциялық” жəне “антикеңестік” əрекеттері үшін сотталғандарға
арналған арнаулы тəртіп лагері құрылды.
Дəл осы 40 жылдардың аяғы мен 50 жылдардың басында көтерілістер бұрқ
ете түсті. 1952 жылы Жезқазғанның жанында орналасқан Кенгір лагерінде
қамалғандар көтеріліс бастады. Осы жылы Екібастұз да көтеріліс болды. Бұл
екі стихиялық көтерілістер де ішкі істер мен əскер күштерімен басылды.
Əдебиет: 1. Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории
Казахстана XX век. Алматы, 1997.
2. Гуревич Л. Тоталитаризм против интеллигенции. Алматы, 1992.
№26 дəріс
Тақырыбы: Хрущевтің реформалары дəуіріндегі Қазақстан /1954-1964 жж./
Дəрістің мазмұны:
1. Қоғамды демократияландырудың негізгі бағыттары. Сталиннің жеке
басына табынушылықты айыптау
2. Қазақстанда тың жəне тыңайған жерлерді игеру: кезеңдері, жетістіктері,
қиындықтары, қайшылықтары, салдары
3. 1954-64 жылдардағы индустриалдық даму, табыстары
4. 1950-60 жылдардағы əлеуметтік даму: бағыттары, қарама-қайшылықтары
1953 жылдың наурызында 20 жылдардың аяғынан бастап үздіксіз ел
басқарған И.Сталин қайтыс болды. Оның орнын үкімет үшін күресті бастаған
диктаторлар Маленьков, Молотов, Берия жəне Хрущев болды. Наурыздың
аяғында жаңа басшылық жүйені либерализациялау бойынша шаралар
қолдана бастады.
Бес жылға дейінгі сотталғандар, кəмелет жасқа жетпегендер, экономикалық
əкімшілік жəне əскери құқық бұзушылық пен қамалғандар үшін амнистия
жарияланды. Бірнеше күннен кейін 40 жылдардың аяғы мен 50 жылдардың
басында саяси істер бойынша ірі тергеу жүргізу нəтижесінде Мемлекеттік
органдарының заңды бұзушылығы туралы қаулы қабылданды. 1953 жылдың
шілдесінде 30-50 жылдардағы репрессияның басты ұйымшысы Л.Берия
81
қамалды.ГУЛаг ішкі істер министрлігінен юстиция министрлігіне берілді,
саяси полиция жеке ұжым – Мемлекеттік қауіпсіздік Комитеті болды. (КГБ)
1955 жылы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистерге көмек жасағаны
үшін қамалғандарға амнистия жарияланды.
Көшу еркіндігіне шектеулер сақталды, немістер мен қырым татарларынан
саяси кінə алынбады, саяси қамалғандардың көпшілігі тек 1956 жылдан кейін
ғана амнистияға ұшырады, бұл Н.Хрущевтің КОКП-ң ХХ съезіндегі əйгілі
баяндамасынан кейін болды, Баяндамада бірінші рет Сталиннің жаппай
репрессия жасауындағы өзіндік əрекеті туралы айтылды. Дегенмен саяси
жүйені либерализациялау толық болмады. Əлеуметтік-экономикалық
саясатты жүргізудегі барлық сəтсіздіктер жəне жүйенің қылмыстары
Лениндік принциптерді бұрмалау нəтижесінде болды деп жарияланды, бұл
партия мен елдегі басшылықтан жалпы жауапкершілікті алды.
Репрессиялық əдістерден бас тартуға қарамастан басшылық етудің əкімшілік
топтық принципі сақталынды жəне əрі қарай дами берді. Республикалар,
соның ішінде Қазақстан да Мəскеу бақылауында қала берді. Мəскеу
республикалар басшыларын өз білгенінше өзгертіп отырды. Сөйтіп 1954
жылдың ақпанында Қазақстан Компартиясының VII съезінде, Кремльдің
шешімі бойынша Ж.Шаяхметовтың орнына П.Понамаренко қойылды. Содан
кейін Қазақстан ОК-ң хатшысы болып Л.Брежнев сайланды. Ол
Pеспубликаны
1955-1956
жылдары
басқарды.
1957-1958
жылдар
десталинизация процесінің шыңы болды. 1957 жылдың ақпанында чечен,
ингуш, балқар, қарачай жəне қалмақтар реабилитацияға ұшырады. Оларға
отандарына қайтуға рұқсат берілді. Саяси репрессия құрбандарын
реабилитация жасау басталды, бірақ ол таңдамалы түрде жасалынды жəне
аяқталған жоқ. 1958 жылы жаңа қылмыстық кодекс қабылданды, онда
“Халық жауы” деген түсінік жоқ болды, тергеу кезінде қауіп төндіру жəне
зорлық жасауға рұқсат етілмеді, кінəсіздік презумпциясы заңдалды.
1952 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Компартиясының ОК-ң бірінші
хатшысы болып Ж.Шаяхметов сайланды.
Жаңа бесжылдық жоспар бойынша республикада өндірістік құрылыстың өсуі
алға қойылды. Капиталдық ақша салудың жалпы көлемі 28,5 млрд. сом
болды. Бірақ кейінгі оқиғалар елдегі маңызды өзгерістерге алып келді.
Əдебиет: 1. Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории
Казахстана XX век. Алматы, 1997.
2. Хрущев Н.С. О культе личности. Доклад на XX съезде КПСС // Известия
ЦК КПСС 1989, № 3.
№27 дəріс
Тақырыбы: Қазақстан 1964-1985 жыдарда
Дəрістің мазмұны:
1. 1965-1985 жылдардағы саяси-қоғамдық даму. Д.Қонаевтың қоғамдық-
саяси қызметі
2. 1965 жылдардағы КОКП-ның наурыз пленумы жəне Қазақстандағы
аграрлық саясат. Негізгі бағыттары, жетістіктері, қиындықтары
82
3. 1965 жылғы КОКП-ның кыркүйек пленумы. Өнеркəсіптің дамуы.
Қазақстан КСРО-ның ірі индустриалдық базасы
4. Əлеуметтік-мəдени, рухани даму. Тарих жəне тағылым
Н.С.Хрущевтің нəтиже бермеген реформалары экономиканы басқаруда
қайта құруды талап етті. 1965 жылы тағы да бірнеше министерліктер
мен ведомстволар құрылды. Мұнымен бірге шаруашылық бірқатар
өзіндік жұмыстарды атқаруды қолға алды. Бұл кезде шаруашылықта есеп
(хозрасчет) жүргізілді. Сондай-ақ, жұмысты бақылауға т.б. талаптар
қойылды. Бұл үшін кəсіпорындар мынандай көрсеткіштерді көрсетуі
керек болды, – азық-түліктің құны, еңбек ақының жалпы қоры жəне басқа
да қорлар құру. Жоспарланған көрсеткіштерді алдын-ала орындау т.б.
көздемеді. 1966 жылы Қазақстанда шаруашылық есеп бойынша 11 үлкен
кəсіпорын болды. 1967 жылдың аяғына қарай республикада жаңа үлгідегі
193 кəсіпорындар жұмыс істеді, 1970 жылы өндірістік орындардың 80%
шаруашылық есеп беруге (хозрасчетқа) тартылды. Сол кезде өндірістік
қатынаста жеңіл өндіріс дами түсті, транспорт, энергетика жəне жаңа
салалар – химия өндірісі мен машина құрылысын дамыту да, айтарлықтай
табыстарға жетті. 1970 жылдың басында Солтүстік Қазақстанда
энергетикалық жүйе құрылып, 48 жаңа азық-түлік өнімдерін өндіретін
кəсіпорындар құрылды.
1966 жылы басталған экономикалық реформа алғашқы кезеңдерде
экономикалық дамуға үлкен ықпал етті. 9-шы 5 жылдықтың басында
жоспарлаудың жаңа жүйесі бойынша жəне экономикалық ынталандыруда
жалпы көлемде 84% немесе 1578 Қазақстан өндіріс орындары жұмыс
істеді. 8-ші 5 жылдық жоспары экономикалық көрсеткіштер бойынша
толығымен орындалды:
Жалпы өндірістік өнім 56%-ке, ал ауылшаруашылығы 54%-ке артты.
Өндірістің көптеген саналарында үлкен жетістіктер көріне бастады.
Дегенмен де, соңғы осындай шараларға қарамастан бұл экономикалық
реформа басынан-ақ ретсіз жəне толық жан-жақты қаралмаған болатын.
Сол кезде қалыптасқан əкімшілік-əміршіл жүйе бұл жаңа реформаның
дамуына үлкен кедергі келтірді. Сонымен 70 жылдың басындағы жаңа
реформадағы қоғамдық өндірісті дамытуға арналған идеялар дұрыс
нəтиже бермеді. Бұл реформаның негізгі мақсаты кəсіпорындардың
өздігінен өз шаруашылығын дамытуы жоғарыдан қойылған есеп-
жоспарды тежеді. Осының нəтижесінде ынталандыру қорларының
өміріне де өзгерістер енді. Көптеген кəсіпорындар пайдаға жету жолында
83
оңай жолға, яғни өз өнімдерінің бағасын көтеруге көшті. Бағалардың
өсуіне байланысты түскен пайда жалақыны өсірді. Ал бұның өзі өнімсіз
еңбекке əкелді, осының салдарынан 70 жылдары басталған экономиканың
дамуына кері əсер етуші инфляцияны тудырды. Реформа толық
қарастырылмағандықтан əкімшілік жəне экономикалық басқару билігін
арттырды. Жоғарыдан бір орталықтан басқару саясаты сақталды. Соның
салдарынан ешқандай нəтиже болмай, экономикада жалпы көрсеткіш
қала берді.Бірақ реформаның сəтсіз аяқталуының себебі, саяси сферадағы
демократияландыру саясатында жатты.
Тек қана экономиканың осы шектелген ұйымдар-техникалық сферасы
қоғамның саяси құрылымына əсер етпеді. Жекеменшік қатынасты,
мемлекеттік монополия меншігін, яғни бюрократия үстемдігін сақтады,
нарықтық қатынасты шектеді. Брежневпен оның жанындағылар реформа
негізіндегі терең экономикалық қайта құруларға қарсы шықты, олар
əкімшілік жүйені жүргізіліп жатқан экономикалық қайта құруларға
ұластырғысы келмеді.
70 жылдың басында реформаның тежелуі басталды. Бұл кезең
“Тоқырау” деп аталды. 70 жылдары шаруашылықты дамыту механизмін
жақсартуға ешқандай талпыныс болмады, жоспарлау мен ынталандыру
қажетті тиімділікке қол жеткізбеді. Нəтижесіз шаралар өсті – қорландыру
төмендеді, жаңа өнім шығару, болу дамып отырды, экстенсивті факторлар
бұрынғыдай экономикалық дамуды анықтап берді. Негізінен бағытталған
басқару принципі өзгеріссіз қалды. 9-шы 5 жылдықта өндіріс Республика
экономикасының жетекші рөлі болды. Жалпы қоғамдық өнімнің
құрылымында 1970 ж. оның үлес салмағы 48% болды. Оның үлесіне
халық шаруашылығы қорының 38,8%-і тиді, оның жұмысшылары 1052
мың адам, яғни Республикадағы бүкіл жұмыскерлердің 22,4%-і болды.
1970-1985 жылдары Республика өндірістік көрсеткішінің нақты дамуы
жүріп жатты. Өндірістің дамуына 40,8млрд.сом жұмсалды, немесе
84
шаруашылық қорының 32% кетті. Негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе өсті,
сонымен бірге химиялық жəне мунайхимиялық 6,5 есе, машинажасау 4
есе, жылу өндірісі 3,8 есеге өсті. 15 жылдың ішінде өндірістік жалпы өнім
2 есеге өсті, ал машина жасау жəне химиялық өндіріс 3 еседен артық өсті.
1000-ға жуық жаңа өндіріс орындары мен цехтар іске қосылды. Оның
ішінде Қазақстан газ өндіру зауыты, Шевченко пластмасса зауыты,
Қарағанды резеңке-техникалық бұйымдар зауыты, Павлодар жəне
Шымкент мунай өңдеу зауыты, Қарағанда металлургиялық комбинатты,
Екібастұз жəне Жамбыл фосфор зауыты, Жайрам таукен комбинаты т.б.
Өндіріс өнімдерін өндіруден Қазақстан КСРО-да 3 орынды алды. (РСФСР
мен Украинадан кейін). Аймақтық өнім өндіру кешені құрылды –
Маңғышлақ, Қаратау-Жамбыл жəне Павлодар-Екібастұз. Экономикалық
потенциалдық өсуі халықшаруашылық айналымға шикізат жəне жылу-
энергетикалық ресурстар енгізу есебінен болды.
Əдебиет: 1. Кунаев Д.А. О моем времени. Алматы, 1992.
2. Кунаев Д.А. От Сталина до Горбачева. Алматы, 1994.
3. Бримжаров Б.К. Социально-экономическое развитие аулов и сел
Казахстана в 60-е 80-е годы /по материалам западных областей/. А., 1996.
№28 дəріс
Тақырыбы: Қазақстан КСРО-дағы қайта құру саясаты жылдарында. 1985-
1991 жж.
Дəрістің мазмұны:
1. 1970-80 жылдардағы саяси-əлеуметтік, экономикалық дамудағы дағдарыс
құбылыстары
2. Экономикалық реформадағы өзгерістер
3. 1985 жылғы сəуір пленумы. Қайта құру саясаты. Мəні, мазмұны, кезеңдері
4. Қазақстандағы демократиялық жаңғыру. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы,
тарихи орны
5. Қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, қоғамдық-саяси қозғалыстар
мен партиялардың дүниеге келуі
М.Горбачевтің КСРО басшылығына келуімен жарияланған əлеуметтік-
экономикалық қайта қамтамастыруларға қарай бағыт өзінің басталу
кезеңінен билікке шығар кезде өздерін демократиялық басшылар
əрекеттерінікіндей
тенденцияға
ие
болды.
Қоғамды
реформалауға
бағытталған əлеуметтік-экономикалық жəне саяси акциялар жүйесі тарихқа
“қайта құру” деген атпен енді. Осы кезең дамуында бірнеше этаптарға
бөлінеді.
Бірінші: 1985 ж. көктем – 1987 ж. жаз. Осы этап шеңберінде жеделдету деп
аталған концепцияны жүзеге асыруға əрекеттер жасалды. Ел басшылығы
қоғамды тоңыраудан алып шығуға ішкіштікпен жəне салғырттықпен күрес
көмектеседі деп сенді. Күткендегідей бұл шаралар еңбек өнімділігін
арттыруда, сондай-ақ қоғамдық дамуды жеделдетуде тез көрініс беруге тиіс
болды.
Алайда жеделдетудің басты факторы ретінде өндірістік аппараты жаңарту
идеясы көрінді. Кейбір “қайта құру архитекторлары” есептегендей
85
валюталық ресурстарды тұтыну тауарларын сатып алудан негізінен машина
жасау импортын алуға бөлу арқылы 1990 жылға таман əлемдік
стандарттарға жауап беретін машина жасаудың азаматтық салаларындағы
машиналар, құрал-жабдықтардың үлесін 90%-ке дейін жеткізу болады.
Нəтижесінде еңбек өнімділігі мен жеделдетуді арттыру көзделген.
Аграрлық салада жеделдету мүмкіндігі НТР жетістіктерін, жаңа
технологияларды жəне ауылшаруашылық өндірісін интенсификациялаудың
басқа факторларын енгізуден көрінді. 1985ж. қыркүйекте Целиноградта
сөйлеген сөзінде М.С.Горбачев атап өткендей бұл уақыт келешегі сондай зор
делінген, колхоз-совхоз жүйесіне күш беру қажеттілігін атап өтті.
Сондай-ақ рынок пен жеке меншіктің нəтижесінде тұтынушы үшін бəсеке
күрестің жоқтығы жағдайында жеделдетудің барлық идеялары елес қана
болып қалды. Расында да монопольді өндіруші болып табылатын зауытқа
айталық, телевизорлардың, жаңа технологиялық желілердің, егер жалпылама
жеттіспеушілік жағдайда тіпті оның ең ескірген жəне сапасыз өнімін
тұтынушылар талап алып жататын болса қажеті қанша. Өйткені
тұтынушының таңдауға мүмкіндігі жоқ қой жəне өзіне монополист-өндіруші
монопольді түрде қымбат бағамен ұсынатын нəрсені алуға мəжбүр болады.
Олай болса, жаңа технологияларда, станоктарда, т.с.с. қандай мəн бар?
Оларсыз-ақ монополист-кəсіпорындар гүлденетін болады. Сондықтан
зауыттар мен фабрикалар өздеріне жеделдетуге партиялық бағыт аясында
таңылған импорттық жабдықтардан бас тартты. Ал бұл іс жүзеге аспаған соң
контейнерлердегі немесе ашылған соңғы заттар желдің, қар мен жауынның
өтіндегі артқы қораларға жасырылды.
Жеделдету концепциясының қауқарсыздығы ауыл шаруашылығында кері
əсер етті. Мұнда да бəрі жеке мүлік қатынастарымен түсіндірілді.
Мемлекеттік колхоз-совхоз жүйесі өзінің табиғи қуатымен ғылыми-
техникалық төңкерестің, ең жаңа технологиялар мен жер өңдеудің ғылыми
жүйелерінің
жетістіктерін
қабылдауға
қабілетсіз
болып
шықты.
Колхозшылар мен совхоз жұмысшылары мемлекетте құқықсыз тап,
өндірістен, сондай-ақ еңбек нəтижесінен аластатылған күйінде қала отырып,
қоғамдық өндіріске мəн бермеді. Мотивацияның осындай үлкен шеңберінде
интенсификация туралы айту тым артық еді.
Ал “бүкіл əлемнің тəртіп үшін күресіне ие артуға келсек, онда осы шараның
көмегімен өнеркəсіп нəтижелілігін тек 1%-ке ғана көтеруге қол жетті, оның
өзі қайта құрудың бірінші жылы болды. Ішімдікке қарсы əрекет госбюджет
жетіспеушілігінің өсуі мен тұтынушылар рыногындағы ахуалдың ұшығуына
əкеп соқты.
Екінші кезең. 1987 ж. жаз – 1989 ж. мамыр. Қайта құрудың алғашқы
кезеңінің нəтижелері экономиканы жеңілдетілген жолдармен реформалау
əрекеттерінің қабілетсіздігін көрсетіп берді. Анық болған нəрсе реформаның
стилі болған “косметикалық əдістер” бұл істе көмектесе алмайды, өйткені
дағдарыс себептері тіптен тереңде-өндірістік қатынастар жүйесінде жатыр.
Осыған байланысты елдің динамизациясы мен игілігіне жолды рынок пен
жеке мүлік арқылы, яғни барлық дамыған өркениетті мемлекеттер өз
86
эволюцияларында жүріп өткен бағыт арқылы табуға болады деген аксиома
қоғамның санасын кеңінен билеп алды.
Алайда ел басшылығы бұрынғыдай сенімсіздік, баяулық жəне шектен тыс
байқампаздық көрсетті. Жоспар мен нарықтық апатты жалғау, сол арқылы
социалистік нарықтың бір үлгісіне шығу, жеке меншікті ойдан шығарылған
тəртіптермен алмастыру əрекеттері осымен түсіндіріледі. Осы кезең
кемістіктерінің жарқын мысалы мемлекеттік кəсіпорын туралы жəне
кооперация туралы жартылай заңдар болды. Олар қоғамға ілгерілеуді
хабарласа да, бəрібір проблемаларды шешпеді. Радикалды шаралар керек
болды.
Үшінші кезең 1989 ж. май – 1991 ж. тамыз. Тек шешімдер қабылдау
орталығының бюрократиялық орындардан белсенділеу реформатырлыққа
бағытталған орғанға көшуі ғана əлеуметтік жаңарулардың нəтижелі өтуіне
үміттенуге себеп болды. Мұндай жорамалдар 1989 жылғы көктемгі ұлттық
парламенттің
сайлауы
нəтижесінде
құрылған
болатын.
Парламент
мінбелерінде тоталитарлық империяның қалдықтары үстіне демократиялық
қоғам орнатудың маңызды шарты ретінде нарық пен жеке меншікке өту үшін
қызу талас-тартыс өріс алды.
Əдебиет: 1. Кунаев Д.А. О моем времени. Алматы, 1992.
2. Кунаев Д.А. От Сталина до Горбачева. Алматы, 1994.
№29 дəріс
Тақырыбы: Қазақстан – тəуелсіз мемлекет
Дəрістің мазмұны:
1. Қазақстанның тəуелсіздігінің жариялануы. Мемлекеттік Егемендік туралы
Декларация мен тəуелсіздік туралы Конституциялық заң
2. Қазақстан Республикасының саяси құрылысы, Конституция.
3. Қазақстан Республикасының рəміздері.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 ж. 25 қазанда Қазақстан үшін тарихи
маңызы бар Декларация қабылдады. Декларацияның тарихи маңыздылығы
Қазақ КСР-і КСРО құрамында болып, өзінің егеменді мемлекет екендігін
жариялауында болып табылады. Енді Қазақстан басқа республикалармен
қарым-қатынасын келісім (шарттың) негізінде жүргізуге тиесілі болды.
Декларацияда Қазақ КСР ұлттық мемлекеттігін сақтау, қорғау жəне
пайдалану жөніндегі шаралар қолданды. Декларацияның негізгі заңы
бойынша Қазақстан аумағы бөлінбейді жəне оған қол сұғылмайды, оның
келісімінсіз пайдалануға болмайды. Республикада тұратын халықтарды
топтастыру мен олардың достығын нығайту бірінші дəрежелі міндет деп
санады. Қазақ КСР-і Республикадағы саяси, экономикалық, əлеуметтік жəне
ұлттық-мəдени
құрылысқа,
оның
əкімшілік-аумақтық
құрылымына
байланысты барлық мəселелерді дербес шешеді, Республикада мемлекеттік
өкімет билігі оны заң шығару атқару жəне сот билігіне бөлу принципі
бойынша жүзеге асырылады. Заң шығару билігін Жоғарғы Кеңес жүзеге
асырады. Президент Республикасының басшысы болып табылады. Атқарушы
билік — Сот болып табылады. Қазақ КСР аумағында, оның өз еркімен
Одаққа берген мəселелерін қоспағанда, Қазақ КСР Конституциясы мен
87
заңдарының үстемдігі орнатылды. Қазақ КСР-і өз аумағында Республиканың
егеменді құқықтарын бұзатын Одақтың заңдары мен оның жоғарғы
органдарының актілерін қолдануын тоқтатуға құқылы. Республиканың
экологиялық ортасын қорғаудың, табиғи ресурстардың пайдалану тəртібін,
ұйымдастырылуын дербес белгілейді, халықтың экологиялық қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді жəне өз аумағында экологиялық қатер төндіретін көз болып
табылатын
кез
келген
кəсіпорындардың,
мекемелердің,
басқа
да
объектілердің құрылысына тиым салуға жəне олардың жұмысын тоқтатуға
құқылы. Республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай
қырып-жоятын қарудың өзге түрлері үшін сынақ полигондарын салуға жəне
олардың жұмысын тоқтатуға құқылы болды. Декларацияда Республиканың
өз азаматтарының əскери қызмет атқаруының тəртібі мен шарттарын
белгілеуге, өз аумағында əскерлер мен қару жарақтарды орналастыру
мəселелерін шешуге құқығы бар. Жоғарғы Кеңес пен Президентке
бағынатын жəне олардың бақылауында болатын өз ішкі əскерлерін, мемлекет
қаіупсіздігі жəне ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-нің құқысы бар.
Декларация Қазақ КСР-нің халықаралық қатынастардың дербес субъектісі
болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге дипломатиялық жəне
консулдық өкілеттер алмасуға, халықаралық ұйымдардың, оның ішінде
Біріккен Ұлттар Ұйымының жəне оның мамандандырылған мекемелерінің
қызметіне қатысуға құқысы бар. Декларация Одақтық шарт жасау, Қазақ
КСР-ң жаңа Конституциясын, егеменді мемлекет ретінде Республиканың
статусын жүзеге асыратын заң актілерін əзірлеу үшін негіз болып табылды,
Декларацияның көптеген баптары мен идеялары Жоғарғы Кеңестің 1993ж.
28 қаңтарда қабылдаған Қазақстан Республикасы Конституциясының
жобасында қолданылды.
Достарыңызбен бөлісу: |