Əдебиет: М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков. Тарих тағылымы не дейді. Алматы,
1993. -208 б.
№7 дəріс
Тақырыбы: Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
Дəрістің мазмұны:
1. Ұлттық революцияның əлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани
алғышарттары
2. Көтерілістің басталуы, оның жалпы ұлттық сипаты
1. 1914 жылдың жазында басталған Бірінші дүниежүзілік соғыс патшалық
Ресейдің экономикалық жəне техникалық жағынан əлсіздігін бірден көрсетті.
Орыс əскерлерінің жекелеген жеңістері майдандағы жалпы жағдайды түзей
алмады, сондықтан Ресей 1915—1916 жылдары өзінің батыс иеліктерінің көп
бөлігінен айрылды.
Майдандағы сəтсіздіктер жаңа адам жəне материалдық ресурстарды талап
етті. Жұмысшы күшінің жетіспеушілігі көптеген шаруашылық салаларында
дағдарыс туғызды. Соғыс жылдарында Қазақстан экономикасы да ауыр
зардап шекті. Салықтар 3—4 есеге, жекелеген жағдайларда 15 есеге артты.
Арнайы əскери салық енгізілді. Отаршыл аппарат бөлімдерінің бəрінде
қызмет бабын теріс пайдаланып, қиянат жасаушылық жалғаса берді. Тікелей
жəне жанама салықтардан басқа, əртүрлі “құрбандықтар” жиналып, осының
56
есебінен қазақтардан мал мен киіз үйлер жиналды. Соғыстың 3 жылында тек
Түркістан өлкесінен 70 мың бас жылқы, 12,7 мың түйе, 13 мыңнан аса киіз үй
алынды.
Қазақстан территориясы арқылы майданған аттанған əскерлерге қазақтар
нан, ет, мал жəне киіз үйлерді тегін беруге міндетті болды. Қазақ
шаруашылығы миллиондаған соммен есептелетін, зор зардап шекті.
Өңделетін жерлердің ауданы қазақтарда да, қоныс аударушыларда да күрт
кеміп, осының нəтижесінде нан бағасы күрт өсті.
1915 жылдың аяғына қарай қазақтардың наразылығы күшейе түсті. Көптеген
болыстар салық төлеуден бас тартты, “ерікті құрбандықтан” бас тарту
оқиғалары жиілеп жəне осының негізінде жергілікті əкімшілікпен қақтығыс
көбейді.
2. Қазақтардың тікелей соғысқа қатысуы туралы сұрақ 1915 жылы туды.
Қазақ интеллигенциясы “Қазақ” газеті арқылы қазақтарды атты əскер
бөлімдерінде əскери күш ретінде қолдануды ұсынды. Бұнымен 2 мақсат
көзделді: біріншіден, қоныс аударушылардан қазақ жерлерін сақтап қалу;
екіншіден, тəуелсіз Қазақстан армиясын құру жағдайында əскери ұрыстарда
шыныққан жəне үйренген тəжірибелі кадрлар тəрбиелеу. Сонымен қатар, тек
осы жол арқылы ғана қазақтар отаршылдармен күресу үшін қажет қару ала
алды.
Бірақ орыс өкіметі “сенімсіз” қазақтарды қаруландыруға ұмтылмады. Мұның
орнына Ресейдің орыс емес тұрғындарын тыл жұмыстарына пайдалану
шешілді.
1916 жылы 25 июньде 18—43 жас аралығындағы орыс емес халықтардың
еркектерін окоп қазу жəне тыл жұмысына алу туралы указ шықты. Барлығы,
жобамен есептеу бойынша, 390 мың адам мобилизациялау керек болды.
Бұл указ қазақ даласын өте ауыр жағдайға душар етті. Бұл науқан егін жинау,
малды қыстауға көшіру, шөп жинау уақытына дəл келді. Еңбекке жарамды
еркектерді мобилизациялау онсыз да қоныс аударушыларға тартылып
əперілген жерлер салдарынан құладыған дала экономикасын өте ауыр
жағдайға алып келді. Шынтуайтқа келгенде, қалған қазақтар 1916—1917
жылдық қысында, аштық өлімге итермеленді.
Қазақтарды тыл жұмысына шақыру қазақтар Орта Азияның басқа
халықтарының күшті көтеріліске шығыуына себеп болды. Көтерілістің
ауқымынан қорыққан патша үкіметі 20 июльде шақырудың егін жинау
уақытынан кейін болатынын, ал 30 июльден — 15 сентябрьге дейін кейін
қалдырылатын хабарлады. Бірақ қазақтардың отаршылдыққа қарсы
көтерілісінің отын басу мүмкін болмады.
Əдебиет: 1. Сулейменов Б. С , Васин В. Я. Восстание 1916 года в Казахстане
[Текст]: Причины, характер, движующие силы / Академия наук Казахской
ССР.- Алма-Ата Издательство "Наука" Казахский ССР , 1977.- 167 с.
2. Асфендияров С. Восстание 1916г. в Казахстане. А., 1936.
3. Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. А., 1995.
4. Рыскулов Т. Восстание киргизов и казахов в 1916 году. Бишкек. 1999.
5. Турсунов Х.Т. Восстание 1916 г. в Средней Азии и Казахстане.
57
Ташкент, 1992.
№8 дəріс
Тақырыбы: Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
Дəрістің мазмұны:
1. Ұлт-азаттық қозғалыстың ошақтары, жүру барысы
2. Көтерілістің жеңілу себептері жəне тарихи маңызы
Жетісудағы көтеріліс
1916 жылдың шілдесінің аяғы мен тамыздың басында қазақтардың толқуы
біртіндеп бүкіл Қазақстанды қамтыған көтеріліске айнала бастады. Ең ірі
аудандардың бірі Жетісу болды, мұнда шілде айында отаршыларға қарсы
қарулы күрес басталды. Көтерілісшілер пошта стансаларын өртеп, телеграф
желілерін істен шығарып, жазалаушы отрядтармен күресті.
Патша үкіметі бүкіл Түркістан өлкесін соғыс жағдайында деп жариялады.
Осымен бір уақытта патша үкіметі қазақ, қырғыз, дүнгендерді əскерге
шақыруды 15 сентябрьге дейін қалдыруға мəжбүр болды. Көтерілісшілердің
əскермен қарулы қақтығыстары 1916 жылдың тамызында жалғаса берді.
Отаршылар ұлттық арыздық отын тұтату үшін Жетісудың орыс тұрғындарын
көтерілісшілерге
қарсы
арандатты.
Түркістан
генерал-губернаторы
Куропаткиннің жəне Жетісу əскери губернаторы Фельбаумның тапсыруымен
жергілікті орыс тұрғындарынан көтерілісшілерге қарсы қарулы отрядтар
ұйымдастырылды.
Көтерілісшілерге қарсы патша əскерінің артиллерия жəне пуметтермен
қаруланған арнайы отрядтары шықты. Ауылда жерлер мен қалаларда
“күдікті” адамдардың бəрі тұтқындалып, əскери-дала соттары көптеген өлім
жазаларына үкім шығарды.
1916 жылдың сентябрінде Лепсі уезінде көтерілісшілер мен патша əскерлері
арасында қарулы қақтығыс болды. Көтерілісшілер жаппай шабуылдау
əрекетіне
көшті.
Көтерілісшілердің
жекелеген
жеңістері
осымен
түсіндіреледі. Бірақ патша əскері күш жағынан басым жəне артиллерия,
пулеметтермен қаруланған еді. Нашар ұйымдастырылған жəне одан да нашар
қаруланған
көтерілісшілер
жеңіліс
тапты.
Сентябрьдің
аяғында
көтерілісшілер жеңіліс тапты. Сентябрьдің аяғында көтерілісшілердің патша
əскерімен Қапал уезінде əскери қақтығысы болды. Вежи өзені маңында
көтерілісшілер жазалаушыларға қарсы соңғы рет шабуылдап тауға қарай
шегінді. Əскерлер оларды құғындауға батылы бармады.
1916 жылдың октябріне қарай Жетісудағы көтеріліс аяусыз басылды. Өлім
жазасына 347 адам, каторгалық жұмыстарға - 178, түрмеге отырғызуға - 129
адам кесілді. Бұларға қоспағанда көп адамдар сотсыз жазалауына жəне кулак
отрядтарынан қаза тапты. Патша жазалаушылары тек көтерілісшілер ғана
емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындарды да аяусыз жазалады. Ондаған қазақ
жəне қырғыз ауылдары жойылып, көптеген қазақ жəне қырғыздар өлтірілді.
Патша жазалаушы отрядтарынан қашқан 300 мыңнан астам қазақ, қырғыздар
туған жерлерін тастап Қытайға, Құлжа өңіріне жəне Қашғарға ауып кетуге
мəжбүр болды.
58
Дегенмен толқулар жалғаса берді. Патшаға берген рапортында Куропаткин:
“Жетісу жəне Сырдария қазақтарының тебіндік жайылымдардың шығуымен
жаңа қаруланған көтеріліске шығуын жоққа шығаруға болмайды. Осындай
қауіпке қарсы шаралар ұйымдастырылуда”, — деп жазды.
Торғай облысындағы көтеріліс.
Қазақтарды тылдағы жұмысқа шақырған патша жарлығы Орынборға 28
маусымда 1916 жылы алынды. Торғай облысының əкімшілігі болыстық
басқарушылар мен ауыл старшындарының жəне құрметті ақсақалдармен
бірге съезін өткізіп, мұнда патша жарлығын тез арада жəне бұлтартпай
орындау туралы шешім қабылдады. Бірақ қазақтардың наразылығы күннен
күнге өсе берді. Торғай уезінде Амангелді Үдербайұлы (Иманов)
басшылығымен үлкен көтерілісшілер отряды құрылды. Амангелді 1873 ж. 3
сəуірде қазіргі Торғай облысы Амангелді ауданында дүниеге келді. 12
жасына дейін ауыл мектебінде оқып, кейін дулығалы имамы Абдрахманның
медресесінде оқыды. Мұнда 4 жыл оқып, түрік, парсы, араб тілдерін
меңгерді. 1913 жылдан бастап Амангелді “Айқап” журналы мен “Қазақ”
газетін жаздырып алып отырды. 1910 жылы туған-туыстары тұратын
Терісбұтақ ауылында Амангелдінің ұсынысымен мектеп салынды.
Жетісудағы көтерілісшілер қозғалысы аяусыз басып-жаншылған кезде
Торғай даласында ол күш алып, күннен-күнге өрістей түскен еді.
Басшылығында А.Иманов пен Ə.Жангелдин тұрған Торғай көтерілісі ең
қажырлы жəне ұзаққа созылған көтеріліс болды. Архивтік құжаттар
дəлелдейтініндей, көтерілістің ең шырқау тұсында оған қатысушы
жасақтарда 50 мыңдай адам болған. Ондаған мың ұйымдаспаған
көтерілісшілерден А.Иманов ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа
бөлінген жүйелі əрі тəртіпті əскери организм құрды. Əрбір бөлімшенің
басына тиісінше онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы қойылды. Арнайы
мергендер бөлімшесі құрылды. А.Иманов көтерілісшілердің сандарбасы – бас
командашысы болып сайланды, оның жанында əскери кеңес жұмыс істеді.
А.Имановтың көтерілісші əскерлері бақылауындағы аудандарда төменгі
ауылдық-болыстық əкімшілік басқару қызметінен шын мəнінде шеттетілді,
азаматтық өкімет көтерілісшілердің қолына өтті. А.Иманов пен ол
басқаратын əскери кеңес арнайы тағайындалған адамдарға (ел бегі)
көтерілісшілерді азық-түлікпен жəне аттармен қамтамасыз ету тапсырылған
тыл қызметін ұйымдастырды, ұстаханаларда қолдан жасалатын мылтықтар,
қылыштар, қанжарлар, найзалар жəне басқа қарулар əзірлеу ісі жолға
қойылды.
22 қазанда А.Иманов бастаған 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршауға
алды. Қаланы құрсау бірнеше күнге созылды. Сол аралықта қалаға қарай үш
бағыттан генерал-лейтенант А.Лаврентьевтің жазалаушы корпусы келе
жатты. Патша жазалаушыларының басым күштері жақындап қалғандығы
туралы хабар алып, көтерілісшілер Торғайды қоршауын қойды жəне патша
əскерлері отрядтарының алдынан шықты. 16 қазанда А.Иманов бастаған
жалпы саны 12 мыңға жуық адамнан құралған сарбаздар Топқойма почта
станцасы ауданында подполковник Катоминнің жазалаушы отрядатарына
59
шабуыл жасады. Көтерілісшілердің негізгі бұқарасы адам күшін сақтап қалу
мақсатында қараша айының екінші жартысында Торғайдан 150 шақырым
жерге əкетіліп, Батпаққа ауданында шоғырландырылды. Осы арадан 1916ж.
қараша айының екінші жартысынан бастап, 1917ж. ақпанның орта шеніне
дейін жазалаушыларға қарсы партизандық жортуылдар жасалып тұрды.
Көтерілісшілер мен жазалаушылардың арасындағы айқастар Татырда,
Ақшығанда, Доғал-Үрпек, Күйікте болып өтті. А.Имановтың штабы
орналасқан Батпаққара ауданындағы ұрыстар шиеленісті өрбіді. Ол ұрыстар
1917ж. ақпан айының екінші жартысында кең құлаш жайды. Сол
шайқастарда
А.Имановтың
көтерілісшілері
ақпан
буржуазиялық-
демократиялық революциясын қарсы алды.
Əдебиет:
№9 дəріс
Тақырыбы: Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы
жəне оның қазақстан өмірін демократияландырудағы маңызы
Дəрістің мазмұны:
1. Қазақстанда саяси биліктің ауысуы. Кеңестер мен Уақытша үкімет
органдарының құрылуы
2. Ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері
3.
Қазақ
ұлттық-демократиялық
интеллигенциясы
Уақытша
үкімет
қызметінде
1917 жылдың ақпанында Ресейде патшаны құлатқан буржуазиялық-
демократиялық революция жеңіске жетті. Петроградтағы ақпан оқиғасы
туралы жаңалық Қазақстанға тез жетті. Наурыз айының басында
Қазақстанның барлық ірі қалалары мен теміржол стансаларында патшаның
құлауын қолдаған жұмысшылар мен басқа еңбекшілердің ірі митингтері мен
демонстрациялары болып өтті.
Ақпан революциясынан кейінгі алғашқы уақытта өлкенің еңбекші халқы
Уақытша үкіметке сеніммен қарар, оның халыққа бейбіт өмір, шаруаларға
жер,
жұмысшыларға
8-сағаттың
жұмыс
күнін
беретініне
сенді.
Жұмысшылардың едəуір бөлігі Уақытша үкіметке үмітпен қарап, олардың
бір бөлігі Уақытша үкіметтің органдарында — азаматтық жəне атқарушы
комитеттерінде мүше болды. Теміржол жұмысшылары арасында соғыста
жеңіс, ал жергілікті жерде бостандық деген ой-пиғылдар үстем болды. Бірақ
наурыз айындағы демонстрациялар мен митингтер қалалар мен теміржол
стансаларында жұмысшы депутаттары Кеңестерін құрудың бастамасы
болды. Осылай, 1—3 наурызда Орынборда, Ташкентте, Омбыда Кеңестерге
сайлау өткізіліп, алғашқы жиналыстары болып өтті. 1917 жылдың
наурызында жұмысшы депутаттары Кеңестері Перовскіде, Қазалыда,
Шалқарда, Ақтөбеде, Оралда, Петропавловскіде жəне басқа қалаларда пайда
болды. Теміржолшылар Кеңес құрудың бастаушылары болып жəне осы
Кеңестердің революциялық элементтерін құрады. Мысалы, Ақтөбе жұмысшы
депутаттары Кеңесі өзінің құрылуын хабарлай келіп, теміржолшылар
кеңестің атқару ұйымында “саналы, қажетті құрамдық элемент” болып
табылады деп атап өтті.
60
Жұмысшылар депутаттары Кеңесінің көпшілігі жуық арада солдат
депутаттары
Кеңестерімен
бірікті.
Осылай
Петропавлда,
Семейде,
Перовскіде жəне басқа қалаларда болды. Қазалы стансасында əуелден
біріккен Кеңес - Жұмысшы, солдат депутаттары Кеңесі құрылды.
Ақпан революциясының ең басты ерекшелігі сонда - елде қос билік пайда
болды - буржуазиялық Уақытша Үкімет жəне жұмысшы, солдат депутаттары
Кеңесі Буржуазияның орталық жəне шет аймақтарда саяси билік органдарын
құруда Мемлекеттік Дума, қалалық думалар жəне жергілікті комитеттер роль
атқарды. Уақытша үкімет биліктен əскери губернаторларды, генерал-
губернатор мен чиновниктерді босатты. Олардың орнына облыс
комиссарлары, азаматтық атқару комитеттері, коалициялық комитеттер жəне
т.б. құрылды. Болыстықтарда, ауыл жəне селоларда сол болыс, ауыл
старшындары, село старосталары мен атамандары сол күйінде қалдырылды.
Уақытша Үкімет облыс басшылығында бұрынғы патша чиновниктері -
отаршылдары қалдырды, сонымен қатар қазақ ұмыттық интеллигенция
өкілдеріне сайлады. Мысалы, А.Бөкейханов Торғай облысының уақытша
Үкіметі комиссары болып, М.Тынышпаев - Жетісу облысы комиссары болып
тағайындалды.
Əдебиет:
1.
Маликов
Ф.
Февральская
буржуазно-демократическая
революция в Казахстане. А., 1972
2. Елеуов Т. Установление и упрочение советской власти в Казахстане
[Текст]: (март 1917-июнь 1918 года) / Академия наук Казахской ССР.- Алма-
Ата "Издательство Академии Наук Казахской ССР", 1961.- 528 с.
№10 дəріс
Тақырыбы: Ресейдегі 1917 жылғы Қазан төнкерісі
Дəрістің мазмұны:
1. Ресейде большевиктердің өкімет билігін алуы. Қоғамның түрлі əлеуметтік
топтарының Кеңес өкіметіне қөзқарасы
2. Кеңестер өкіметінің Дала өлкесінде жеңуі жəне оның ерекшелектері
3. Социалистик экономика мен мəдениетінің негіздерің жасау жөніндегі
алғашқы шаралар
Петроградтағы Октябрь қарулы көтерілісінің жеңісі, орталықта Кеңес
өкіметінің орнауы, сонымен қатар Қазақстанмен іргелес жатқан Ташкент,
Омбы, Орынбор жəне Астрахань ірі қалар Қазақстанда Советтердің билікті
қолына алуына шешуші маңыз атқарды. Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы
төрт айға созылды - 1917 жылдың аяғынан 1918 жылдың наурызына дейін.
Бұл процесс əлеуметтік-экономикалық, өлкедегі мəдени дамудың артта
қалуына байланысты жəне жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік
ұйымдардың
əлсіздігі
ұлтаралық
қатынастармен
байланысты
қиындықтарымен шиеленісті. Өлкедегі Кеңес өкіметінің жеңісіндегі шешуші
ролді негізінен жергілікті горнизондардың солдаттары мен Ақпан
революциясынан кейін Қазақстанға оралған бұрынғы майданға қатысқандар
Кеңес өкіметінің оларға бейбітшілік пен, шаруаларға жер беруіне уəде
еткіндігінен туындаған мүдделілік негізінде болды. Орал, Жетісу, Сібір жəне
Орынбор казак əскерлерінің үкіметі мен Қазақстанның əртүрлі қалаларына
61
құлатылған Уақытша үкіметтің жақтастарының қарсыласуына байланысты
жағдай шиеленісе түсті.
Сырдария, Ақмола жəне Бөкей Ордасынның көпшілік аудандарында негізгі
күш большевиктерде болғандықтан, Уақытша үкіметтің жақтастары қарулы
қарсылық көрсете алмады, бұл жерлерде Кеңес өкіметі бейбіт түрде -
Советтердің жұмысшыларды, кедей шаруаларды жаулап алуы негізінде
жүрді.
Уақытша үкіметтің жақтаушыларының негізгі күштері сақталған Торғай,
Орал, Семей жəне Жетісу облысының кейбір жерлерінде жағдай өзгеше
болды. Уездік қалалар облыс орталықтары мен көптеген аудандарда кеңес
өкіметі Уақытша Үкіметтің жергілікті органдары, олардың одақтастарының
қарсыласу күштерін қызыл əскер отрядтарының күшімен жеңді.
1917 жылдың қазанның соңынан 1918 ж. наурызы аралығында Қазақстанның
ірі жергілікті жерлері мен ірі қалаларында Кеңес өкіметі орнады.
Қазақстанның негізгі тобы ауыл мен селоларда Кеңес өкіметін орнату
процесі азамат соғысы басталған уақытқа дейін созылды. Бұл істе белсенді
қызмет атқарғандар А.Жангельдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков,
Б.Серікбаев, А.Майкөтов, И.Дубинин, К.Шугаев, Я.Ушинов, С.Шиллинг,
А.Иманов, Т.Рысқұлов, П.Виноградов, Т.Бокин, Л.Хмелев. Т.Өтепов,
А.Розыбақиев жəне т.б.
Əдебиет: Елеуов Т. Установление и упрочение Советской власти в
Казахстане. А., 1964.
№11 дəріс
Тақырыбы: Ресейдегі 1917 жылғы Қазан төнкерісі
Дəрістің мазмұны:
1. Ресейде большевиктердің өкімет билігін алуы. Қоғамның түрлі əлеуметтік
топтарының Кеңес өкіметіне қөзқарасы
2. Кеңестер өкіметінің Дала өлкесінде жеңуі жəне оның ерекшелектері
3. Социалистик экономика мен мəдениетінің негіздерің жасау жөніндегі
алғашқы шаралар
Петроградтағы Октябрь қарулы көтерілісінің жеңісі, орталықта Кеңес
өкіметінің орнауы, сонымен қатар Қазақстанмен іргелес жатқан Ташкент,
Омбы, Орынбор жəне Астрахань ірі қалар Қазақстанда Советтердің билікті
қолына алуына шешуші маңыз атқарды. Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы
төрт айға созылды - 1917 жылдың аяғынан 1918 жылдың наурызына дейін.
Бұл процесс əлеуметтік-экономикалық, өлкедегі мəдени дамудың артта
қалуына байланысты жəне жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік
ұйымдардың
əлсіздігі
ұлтаралық
қатынастармен
байланысты
қиындықтарымен шиеленісті. Өлкедегі Кеңес өкіметінің жеңісіндегі шешуші
ролді негізінен жергілікті горнизондардың солдаттары мен Ақпан
революциясынан кейін Қазақстанға оралған бұрынғы майданға қатысқандар
Кеңес өкіметінің оларға бейбітшілік пен, шаруаларға жер беруіне уəде
еткіндігінен туындаған мүдделілік негізінде болды. Орал, Жетісу, Сібір жəне
Орынбор казак əскерлерінің үкіметі мен Қазақстанның əртүрлі қалаларына
62
құлатылған Уақытша үкіметтің жақтастарының қарсыласуына байланысты
жағдай шиеленісе түсті.
Сырдария, Ақмола жəне Бөкей Ордасынның көпшілік аудандарында негізгі
күш большевиктерде болғандықтан, Уақытша үкіметтің жақтастары қарулы
қарсылық көрсете алмады, бұл жерлерде Кеңес өкіметі бейбіт түрде -
Советтердің жұмысшыларды, кедей шаруаларды жаулап алуы негізінде
жүрді.
Уақытша үкіметтің жақтаушыларының негізгі күштері сақталған Торғай,
Орал, Семей жəне Жетісу облысының кейбір жерлерінде жағдай өзгеше
болды. Уездік қалалар облыс орталықтары мен көптеген аудандарда кеңес
өкіметі Уақытша Үкіметтің жергілікті органдары, олардың одақтастарының
қарсыласу күштерін қызыл əскер отрядтарының күшімен жеңді.
1917 жылдың қазанның соңынан 1918 ж. наурызы аралығында Қазақстанның
ірі жергілікті жерлері мен ірі қалаларында Кеңес өкіметі орнады.
Қазақстанның негізгі тобы ауыл мен селоларда Кеңес өкіметін орнату
процесі азамат соғысы басталған уақытқа дейін созылды. Бұл істе белсенді
қызмет атқарғандар А.Жангельдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков,
Б.Серікбаев, А.Майкөтов, И.Дубинин, К.Шугаев, Я.Ушинов, С.Шиллинг,
А.Иманов, Т.Рысқұлов, П.Виноградов, Т.Бокин, Л.Хмелев. Т.Өтепов,
А.Розыбақиев жəне т.б.
Əдебиет: Елеуов Т. Установление и упрочение Советской власти в
Казахстане. А., 1964. – 528 б
№12 дəріс
Тақырыбы: 1918-1920 жылдарадағы Қазақстандағы ұлттық-мемлекеттік
құрылым
Дəрістің мазмұны:
1. Қазан төнкерісінен кейінгі жылдардағы қазақ өлкесіндегі саяси ахуал
2. Түркістан автономиясы, құрылуы мен қызметі. Мұстафа Шоқай
3. Алаш Орда үкіметі, Алаш партиясы. Ə.Бөкейханов
4. Қазақ АКСРінің құрылуы. Тарихи маңызы
Қызыл Армияның жеңістері мен Қазақстан территориясына өз бақылауын
жүргізу Кеңестік Россия алдына, Қазақ өлкесінде басқаруды жөндеу
мақсатын іске асыруға бағыттады. Осы мақсатпен, сонымен қатар Қазақстан
Советтерінің құрылтай съезін дайындау үшін, 1919 ж. 10 шілдесінде РСФСР
Халық Комиссарлары Кеңесінің жарлығы бойынша Қырғыз (қазақ) өлкесін
басқару жөніндегі Революциялық Комитет (Ревком) С.Пестковскийдің
басшылығымен құрылды. Оның құрамына Ə.Жангельдин, М.Тұнғаншин,
С.Меңдешев, Б.Қаратаев жəне біраз уақыт оларға қарсы бағытта болған
А.Байтұрсынов, Б.Қаролдин жəне т.б. енді. Қазревком Орал, Торғай, Ақмола
жəне Семей облыстарының территориясында енгізілуі тиіс болғанымен,
азамат соғысының қиыншылықтарына байланысты Ақмола мен Семей
облыстары негізінен Сібір ревкомының басшылығында болды, ал Қостанай
уезі мен Торғай облысы - Челябинск аудандық басқармасына қарады. 1919ж.
қыркүйек айынан бастап Қостанай Челябинск губерниясының құрамына
енді. Сібір ревкомы мен Қазақ ревкомы арасында бұл территориялардың,
63
қазақ жерінің қай ревкомның құрамына енуі жайлы көптеген шиеленістер
мен тартыстар туып отырды. Тек орталық билік өкіметінің араласуы
нəтижесінде жəне ұлттық шеткі аймақтардың алшақтауынан қорыққандықтан
ғана, 1920 жылы Ақмола мен Семей облыстары жəне Қостанай уезі
Қазақстанға қайтарылды, бірақ негізінен бұл жерлер тек 1921 жылы ғана
Қазақстан жеріне қосылды. Бұл процесс ревком қызметінің маңызды міндеті
болашақ қазақ автономиясының формасы мен оның құрамына кіретін
территория мəселесін шешумен қатар шиеленісті түрде жүріп отырды.
Қазревком автономия құру ісімен қатар Қызыл Армия қазақ бөлімдерін құру
ісін жəне армияны азық-түлікпен жабдықтау жұмыстарын атқарды. Білім,
шаруашылықты қалпына келтіру, жəне сот ісін жұмыстарына да ревком
қатысып отырды. Яғни, Қазақ өлкесін басқаруда революциялық комитет
Орал мен Торғай облыстарының территориясында жоғарғы əскери жəне
азаматтық билік орнатты.
ҚАССР құрылуы
1919 ж. аяғынан — 1920 ж. басы аралығында Қазақ кеңес автономиясын құру
ісіне дайындық жүріп жатты. 1920 ж. қаңтар айының басында Ақтөбеде
Түркістан мен Сібірдің қазақ аудандарының депутаттарының қатынасуымен
бірінші өлкелік кеңестік конференция өткізілді. 1920 ж. тамыз айының
басында Халық Комиссариатының ұлттар ісі жанында Қазревком,
Сібірревком мен ТүрОАК өкілдерінің қатысуымен өткен отырыста қаралған
негізгі мəселе Ақмола мен Семей облыстарын Қазақстанға қайтару ісі
толығымен шешілді. 1920ж. 17 тамызда РКФСР халық комиссарлары Кеңесі
Қырғыз (қазақ) кеңестік автономиялық социалистік республикасын құру
туралы Декреттің жобасын қарап, 26 тамызда бұл декрет қабылданып, іске
кірісті.
1920 ж. 4-12 қазан аралығында Орынборда Қазақстан Кеңесінің Құрылтай
съезі өтті. Орталық Атқару комитетіне басшы етіп С.Меңдешевты, Халық
Комиссарлары Кеңесіне басшы етіп. Радус-Зеньковичті сайлады. Ресей
құрамында, астанасы Орынбор қаласы болған Қазақ автономиясы
жарияланды. 1920 ж. қыркүйек айында осы жағдайға байланысты Орынбор
губерниясы ҚАССР құрамына кірді.
Достарыңызбен бөлісу: |