Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) – 60 сағат


Əдебиет:  Абылхожин  Ж.Б.  Очерки  моциально-экономической  истории  Казахстана. ХХ век. А., 1997  №20 дəріс



Pdf көрінісі
бет9/15
Дата11.01.2017
өлшемі0,94 Mb.
#1694
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

Əдебиет:  Абылхожин  Ж.Б.  Очерки  моциально-экономической  истории 
Казахстана. ХХ век. А., 1997 
№20 дəріс 
Тақырыбы: Қазақстанның соғыс алдындағы əлеуметтік-экономикалық жəне 
саяси жағдайы  
Дəрістің мазмұны:  
1. Қазақ Кенестік Социалистік Республикасының /Қазақ КСР/ құрылуы 
2.  Республикадағы  əлеуметтік,  демографиялық  жəне  этнодемографиялық 
жағдай 
3.  Казармалық  социализм  жүйесінің  орнығуы,  Сталиндік  жазалау  шаралары 
/1937-1938 жж./ 
30  ж.  үшінші  жартысы  саяси  репрессияның  жаңа  толқынымен  белгіленді 
жəне  ол  жалпылама  сипат  алды.  Сталиннің  жеке  басқа  табынушылық 
саясатының  күшеюі  негізінде  “халық  жауларын”  түгелдей  тамырымен  жою 
үшін  партиядағы  басқарушылар  мен  кеңес  қызметкерлері  арасында  тазарту 
процессі жүргізілді. 1937-1938жж. “ұлтшыл-фашистер” мен сатқындық кінəсі 
Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Ходжанов, У.Құлымбетов, О.Исаев, О.Жандосов, 
А.Досов,  А.Асылбеков,  С.Садуақасов,  С.Сафарбеков,  Т.Жургенов  жəне  т.б. 
тағылды. Қазақтың ғылымы мен мəдениеті орны толмас шығынға ұшырады. 
Ə.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  Ж.  жəне  Х.Досмухамедовтар, 
М.Тынышпайұлы,  М.Жұмабай,  С.Сейфуллин,  И.Жансүгүров,  Б.Майлин, 
С.Асфендияров,  Ж.Исанин,  К.Кемеңгеров  кінəсіз  жазалаудың  құрбандары 
болды.  Оларға  тағылған  негізгі  кінəлар  ауыл  шаруашылығындағы 
тоқыраушылық,  20—30  жж.  көтерілістер  жапон  разведкасымен  байланыста 
болғандықтары,  Қазақстан  аумағын  бөлуге  жасаған  шаралары  болды. 
Қарағандыда  жəне  бірнеше  аудандарда  “халық  жауларын”  соттау  процессі 
арқылы жүргізді. Алайда, “халық жауларының” негізгі көпшілігінің тағдыры 
КСРО Жоғарғы соты əскери коллегиясының үштігінің мəжілісінде шешті. 
Қазақстан  аумағы  үлкен  лагерьге  айналды.  Көптеген  өндіріс  өнеркəсіп 
орындарына  жұмыс  күші  жазаланғандар  санымен  толтырылды.  Қазақстан 
лагері  бойынша  жүздеген  мың  жазаланушылар  өтті.  30  ж.  аяғында 
республикаға  түгел  халықтарды  жер  аудару  процесі  басталды.  Қиыр 
Шығыстан  корей  халықтарын  көшіру  саясатынан  басталды.  1937  ж.  “жапон 
шпионаждығынан  сақтандыру”  үшін 180  мың  адам  туған  жерінен  Қазақстан 
мен  Өзбекстан  көшірілді.  Соғыс  алдындағы  жылдарда  Қазақстанға  Украина 
мен  Белоруссиядан  102  мың  поляктар  жер  аударылды.  Жер  аударылып 
келген халықтар жаңа жерлерін тастап кетуге жəне азаматтық құқықтарынан 

 
72 
айырылды.  Негізінен  Қазақстанға  басқа  ұлт  өкілдерін  күшпен  көшірілу 
процесі Соғыс жылдарында күшейтілді. 
Əдебиет: Қойгельдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? А., 1993. 
№21 дəріс 
Тақырыбы: Қазақстандағы мəдени құрылыс  /ХХ ғ. 20-30 жылдары/ 
Дəрістің мазмұны: 
1. Ересектер арасындағы сауатсыздықты жою 
2. Халыққа білім беру жүйесінің дамуы 
Білім беру жүйесінің дамуы. 
Халыққа  білім  беру  жүйесінің  дамуы  жəне  жаппай  сауатсыздықпен  күрес-
кеңестік  тəртіп  тұсындағы  бірден-бір  сөзсіз  жетістік  болды.  1918  жылы 
“Бірыңғай  еңбекші  мектебі  Декларациясы  мен  “Бірыңғай  еңбек  мектебінің 
ұсынысы”  қабылданып,  онда  кеңестік  білім  беру  жүйесінің  басты 
принциптері  жарияланды  –  ақысыз,  бірлескен  ұлдар  мен  қыздар  оқуы, 
құдайды  уағыздап  оқыту  тəртібін  жою,  жазалаудың  барлық  түрін  өзгерту, 
мектептік өзін-өзі басқару. Барлық мектептер екі сатыдан тұрды – бірінші, 8-
13  жас  аралығындағы  балаларға    арналған,  ал  екіншісі  –  13-17  жас 
аралығындағы  балалар.  Кеңестік  медрессе,  мектеп  жəне  орыс-қазақ  мектебі 
бірден  белсенді  жұмыстар  атқарып  кетті.  Азамат  соғысы  аяқталған  тұста 
Қазақстанда  2410 мектеп болып,  онда 114  мың оқушы оқып, оның 31  мыңы 
қазақтар болды. 
20-ш30-шы жылдары мектептерді əдістемелермен қамтамасыз ету үшін үлкен 
жұмыстар  жүргізілді.  1921  жылы  Семейде  Ахмет  Байтурсынов  пен 
Міржақып  Дулатовтың  “Есеп  құралы”,  “Оқу  құралы”,  “Тіл  құралы”  атты 
оқулықтары  басылып  шықты,  Мемлекеттік  баспадан  зиялылар  редакциялық 
коллегиясының 
жаңа 
оқу 
құралдары 
 
басылды; 
А.Бөкейханның 
(“География”), 
М.Жұмабаевтың 
(История 
Казахстана; 
Педагогика), 
Ж.Аймауытұлының (“Дидактика”), Б. Омаровтың (“Алгебра”), жəне басқа да 
белгілі ұлттық интелегенция қайраткерлерінің жұмыстары басылды. 1927-28 
оқу  жылы  қазақ  мектептеріне  арналып  30-ға  жуық  оқулық  жалпы  575  мың 
экземпляр болып басылып шықты. 
1929  жылы  қазақ  тілінің  араб  графикасынан  латынға  ауысуы  білім  беру 
жүйесіне  ауыр  соққы  болып  тиді.  Біртіндеп  жүргізілген  сауатсыздықпен 
үкіметтің  күресі  қазақтардың  ғасырлар  бойғы  рухани  мұраларын  жоя 
бастады,  араб  шрифіндегі  кітаптар  қолданыстан  шықты.  А.Байтұрсыновтың 
1924  жылғы  шыққан  кітабын  қазақтармен  қатар  түрік  тілдес  халықтар  да 
түсінетін,  бірақ  араб  графикасындағы  кітаптарды  оқу  саяси  қателік  болып 
саналды.  Жүздеген  мың  араб  графикасымен  оқи  алатын  қазақтар 
сауатсыздарға айналып, жаңа əліпбиге көшуіне тура келді. 
Кеңес Үкіметі жылдары Қазақстанда жоғарғы оқу орны жүйесі дами бастады. 
1926  жылы  Ташкенттегі  жоғарғы  педагогикалық  институтында  қазақ 
факультеті  құрылды.  1928  жылы  факультет  Алматыға  көшіріліп  қазақ 
мемлекеттік  университеті  болып  қайта  құрылды.  Екі  жылдан  соң  ол  қазақ 
педагогикалық институты атауына өзгертілді, ал 1935 жылы институтқа Абай  
Құнанбаев    аты  берілді.  1929  жылы  Алматыда  зооветеринарлық  институт 

 
73 
ашылды,  ал  1930  жылы  –  ауышаруашылық.  1934  жылы  астанада  жаңа  екі 
ЖОО  ашылды.    Тау-кен  институты  жəне  С.Киров  атындағы  қазақ 
мемлекеттік  университеті  (қазір  əл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық 
университеті).  1931  жылы  Алматыда  республикада  алғаш  медицина 
институты  ашылды.  Орал,  Семей,  Ақтөбе,  Петропавл,  Шымкент  жəне 
Қостанайда  педагогикалық  жəне  мұғалім  даярлау  институттары  ашылды.  30 
–шы жылдары сырттай оқу жүйесі даму алады. 
Əдебиет:  1.  Культурное  строительство  в  Казахстане.  Сб.  докум.  и  матер. 
Алма-Ата, 1965. 
2.  Сулейменов  Р.Б.,  Бисенов  Х.И.  Социалистический  путь    культурного  
прогресса  отсталых  народов  (История    строительства    советской  культуры 
Казахстан 1917-1965 гг. 
3.  Сулейменов  Р.Б.  Ленинские  идеи    культурной    революции  и  их 
осуществление в Казахстане (Исторический опыт развития социалистической 
культуры народов, миновавших стадию капитализма) 
№22 дəріс 
Тақырыбы: Қазақстандағы мəдени құрылыс. /ХХ ғ. 20-30 жылдары/ 
Дəрістің мазмұны: 
1. Кəсіптік білім беру жəне қазақ кеңес интеллигенциясының қалыптасуы 
2. Қазақ кеңестік əдебиетімен өнерінің қалыптасуы 
ХХ  ғасырдың  басында  қазақ  əдебиеті  жоғары  деңгейде  болды.  Қазақ 
əдебиетінің  классиктері  –  А.Байтұрсынов,  Ш.Құдайбердіұлы,  М.Жұмабаев, 
Ж.Аймауытұлының  шығармалары  көпшілік  құрметіне  ие  болды.  Олар  өз 
шығармаларында 
жалпы 
адамзаттың 
құндылықтарды, 
гуманизм 
принциптерін    ұстанды.  Сол  жылдары  “пролетарлық”  əдебиеттің  жас 
əдебиетшілер  буыны  пайда  болды  –  С.Сейфуллин,  Б.Майлин,  І.Жансүгіров, 
С.Мұқанов,  М.Əуезов,  Ғ.Мүсіреповтың  жəне  М.Хакімжанованың  алғашқы 
еңбектері жарық көрді. 
20-шы  жылдардың  бірінші  жартысы  əдебиеттегі  Абай  салған  классикалық 
бағыттау  үстемдігімен  сипатталады.  Бірақ  үгіт-насихаттың  əдебиет  арқылы 
жүргізілуінің  тиімділігін  жақсы  түсінген  өкімет  қазақтың  “социалистік 
реализм”  бағытын  құруға  үлкен  күш  салды.  Бұл  ойлар  1925  жылғы  өлкелік 
партия  конференциясында,  1924  жылғы  Москвадағы  жоғарғы  оқу 
орындарындағы  қазақ  студенттерінің  жиналысында  жəне  1979  жылы 
Ташкенттегі    қазақ  студенттерінің  жиналысында  айтылды.  20-шы 
жылдардың ортасында қоғам өміріндегі əдебиеттің орны мен ролі жəне қазақ 
“пролетар”  əдебиетінің  көлемі  жөнінде  пікір-талас  қыза  түсті.  Осы    пікір-
талас  барысында  М.Жұмабай,  Ж.Аймауытұлы,  А.Байтұрсын,  М.Дулатұлы, 
К.Кеменгеров  сынды  ақын  жəне  жазушылар  ұлтшылдықпен  анықталынды. 
20-шы  жылдардағы  осы  авторлардың  əдеби  шығармашылығы  антикеңестік 
қастандық  деп  айыпталып,  репрессиялуға  сылтау  болды.  Онымен  қатар 
“пролетарлық”  жазушылар  мен  ақындардың  шығармашылығына  саяси 
бақылау орнату жұмыстары жүргізіліп жатты. Осындай мақсатта 1926 жылы 
өзінің  “Құс  жолы”    баспа  органы  бар  қазақ  пролетар  жазушыларының 
ассоциациясы  (КазАЛП)  құрылды.  Бұл  альманах  “буржуазияшыл”  жəне 

 
74 
“ұлтшыл” əдебиетшілерді сынаудың негізгі қаруына айналды. Осылайша, 30-
шы жылдардың басында Қазақстанда əдебиетке қатаң бақылау орынаталады, 
бірнеше  төл  жанрлар,  тақырыптар  жəне  бағыттардың  жазылуына  тиым 
салынады  жəне  қазақ  əдебиетінің  одан  əрі  дамуы  үкімет  саясатының 
жетегінде жүзеге асты. 
Əдебиет:  1.  Культурное  строительство  в  Казахстане.  Сб.  докум.  и  матер. 
Алма-Ата, 1965. 
2.  Сулейменов  Р.Б.,  Бисенов  Х.И.  Социалистический  путь    культурного  
прогресса  отсталых  народов  (История    строительства    советской  культуры 
Казахстан 1917-1965 гг. 
3.  Сулейменов  Р.Б.  Ленинские  идеи    культурной    революции  и  их 
осуществление в Казахстане (Исторический опыт развития социалистической 
культуры народов, миновавших стадию капитализма) 
№23 дəріс 
Тақырыбы: Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарында /1941-1945 жж./ 
Дəрістің мазмұны: 
1. Соғыстың басталуы жəне фашистік Германия жоспарындағы Қазақстан 
2. Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеу 
3. Қазақстандықтар соғыс майдандарында 
КСРО-ның  батыс  аудандарын  гитлершілдердің  басып  алуы,  Сібір  мен 
Қазақстанның  экономикалық  ел  ретіндегі  маңызы  күшейтілді.  Соғыстың 
алғашқы  айларында  үкімет  билеушілері  өндірістік  өнеркəсіп  орындарын 
көшіру  мен  айналысуы,  олардың  жау  қолында  қалдырмау  қажеттілігінен 
туындады.  Қазақстан  аумағына  аз  уақыт  аралығында  елдің  батыс 
региондарынан  142  өнеркəсіп  əкеленіп,  орнатылды  жəне  532506  адам  келді. 
Жаңа  өнеркəсіп  объектілерін  салу  жылдамдатылды.  Соғыстың  алғашқы  бір 
жарым жыл аралығында Қазақстанда 25 рудник, шахталар, 11 түсті жəне қара 
металлургия  фабрикасы,  19  жаңа  көмір  шахтасы,  3  разряд,  4  жаңа  мұнай 
өндірісі мен Гурьевте мұнай өндіру заводы жұмыс атқарды. 
Темір  жол  құрлысы  жалғастырылды.  1942—1943  жж.  Макат-Орск  жəне 
Ақмола-магнитогорск  линиялары  салынып  бітті.  Соғыс  жылдары  Қазақстан 
жалпыодақтың  мыс  қорытудан  30%,  марганец  рудасын  60%,  мыс  рудасын 
қазудан  50%,  металл  висмут,  65%,  полиметалл  рудасын  70%,  қорғасын 
шығаруда 85% беріп отырды. 
Республикада  танктер  мен  самолеттер  жасау  үшін  ақша  жинау  қозғалысы 
басталды. 1941 ж. күзінде ВЛКСМ атындағы танк колоннасының құрлысына 
ақша  жинау  қоры  басталды.  Негізінде  1942ж.  əскерге  қазақстандық 
комсомолдар  атынан  45  жаңа  танк  жіберілді.  1942—1943  жж.  жергілікті 
халықтың жинақ қорынан тағы 10 танк колоннасы құрылды, бірнеше авиация 
эскадрилиясы,  торпедолық  катерлар  мен  атаулы  самолеттер  жасалды. 
Қазақстан  халқы  соғыс  жылдары  уақытында  əскери  техника  құрылысына 
480,3 млн. сом қаржы қосты. 
Қазақстан  ауыл  шаруашылығы  соғыс  уақытында  елге  30,8  млн.  пұт  астық, 
14,4  млн.  картоп  жəне  көк  өніс,  15,8  млн.  пұт  ет,  3194  центнер  сүт  пен  17,6 
мың центнер жүнді соғысқа дейінгі бес жылдан артық берді. 

 
75 
Республиканың  бұл  экономикалық  табысы  өте  қиыншылықпен  келді. 
Еңбекке  жарамды  ер  адамдардың  жартысынан  көбі  əскер  қатарында  болды. 
Өнеркəсіп  орындарында  əйелдер  күші  құрамы  50%-тен  астам  болды,  ал 
жеңіл  өнеркəсіпте  80—90%  болды.  Əскер  қатарына  дейінгі  жастар  мен 
жасөспірімдер жұмыс күші құрамы барлық Қазақстан жұмысшыларының 35-
40% қамтыды. Еңбек тəртібі күшейтілді, жұмыс уақыты ұзартылды. 6 күндік 
жұмыс  ақпары  мен  11  сағаттық  жұмыс  уақыты  белгіленді,  демалыс  айлары 
берілмеді. Еңбек тəртібін бұзумен өнеркəсіптін кету 5 жыл мен 8 жылға дейін 
түрмеге жабу мен айыпталынды. 
Экономиканы  басқару  əскери  тəртіпке  енгізілді,  азық-түлік  карточкалық 
жүйеде болды. 
Қазақстанның  жұмыс  күшінің  маңызды  бөлігін  арнайы  жер  аударылғандар 
құрды.    Соғыстың  басында  олардан  Еңбек  Армиялары  құрылды, 
республикада  олардың  саны  700  мыңға  жетті,  олардың  200  мыңын  қазақтар 
құрды.  1941  ж.  күзде  Қазақстанда  фашистермен  ымыраға  келушілік  жаласы 
жабылған  Поволжьеден  361  неміс  жер  аударылды.  1943—1944  жж. 
Қазақстанға  күшпен  507  мың  балқар,  карашай,  ингуштер  мен  чечендер,  110 
мың  түрік-михетенцтер,  180  мың  қырым  татарлары  көшірілді.  Көптен 
ондаған  мың  адамдар  көшірілгеннен  алғашқы  айларда  —  ақ  аштық  пен 
ауруға ұшырап қырылды, тірі қалғандары еңбек əскерлеріне айналды. Оларға 
жаңа  жерлерін  тастап  кетуге  тиым  салынды,  ол  жағдай  бұзылған  болса,  20 
жыл каторгалық жұмысқа жазаланды. 
1941  ж.  22  маусымда  герман  əкерлері  соғыс  жарияламастан  Балтика  мен 
Карпатқа дейінгі бүкіл батыс шекарада Кеңестер одағына басып кірді. 
Нацистік  доктринаға  сəйкес  Германия  Ресей  мен  оның  шеткі  аймақтарын 
басып  алу  арқылы  өздерінің  территориясын  ұлғайтып,  оның  материалдық 
жəне  адам  ресурстарын  Рейхтің  қажеттігіне  жұмсауды  мақсат  етті. 
Халықтыњ  30-40%-ін  Оралдан  ары  асырып  тастап,  10-15%-ін  бір-біріне 
сіңістіріп,    қалған  3-4  млн.  адамды  жыл  сайын  жоя  отырып,  мүлде  құрту 
көзделді. 
Басып алған жерлерде фашистер Остланд, Московия, Украина, Кавказ тəрізді 
қуыршақ  мемлекеттер  құруды  армандады.  Сондай-ақ,  Еділ-Урал  (Ресей  мен 
Батыс  Қазақстанның  автономиялық  республикалары  жəне  Волга  маңындағы 
облыстар)  жəне  үлкен  Түркістан  (Орта  Азия  республикалары  мен  Оңтүстік 
Қазақстан)  сияқты  екі  ұлттық  буржуазиялық  мемлекет,  үш  индустриялық 
облыс (Новосібір, Кемерово жəне Қарағанды) құруды жоспарлады. 
КСРО-ға  шабуыл  жасау  үшін  шекараға  құрамында  5,5  млн  адам  бар  190 
дивизия,  4  мың  танк,  5  мың  самолет  (қарулы  күштердің  70%) 
шоғырландырылды.  Құпиясы  ашылған  соңғы  мəліметтерге  қарағанда, 
немістер  мен  оның  одақтастары  1941  ж.  маусымда  адам  күші  жөнінен  ғана 
басым болып (1,3:1), Кеңес одағымен салыстырғанда олардың танклері 3 есе, 
самолеттері 2 есе аз болды. Толық жабдықталмаған 170 Кеңес дивизиясының 
48-і  ғана  шекараға  топтастырылып  басқалары  шекарадан  300  шақырым 
алысқа  орналасты.  Кеңес  əскерлерінің  жан-кешті  қарсылығына  қарамастан, 

 
76 
соғыстың алғашқы күні-ақ фашистік армия ел территориясына терең бойлай 
еніп,  
1200 Кеңес самолеті бірден жойылды. 
1941  ж.  қарашасына  қарай  Кеңес  одағының  40%  -ның  халқы,  38%-  ның 
егістік  жері  мен  батыс  аймақтағы  өнеркəсіп  орталықтары  жау  қолында 
қалды. 
Осындай  жағдайда  тылдағы  республикалар  мен  облыстардың,  əсіресе, 
Қазақстанның маңызы ерекше арта түсті. 
Əскери  жағдайға  көшу  соғыстың  бірінші  күннен  бастап  жүзеге  асырыла 
бастады.  Коммунистік  партияның  ОК-і  бүкіл  елді  соғыс  мақсаттарына 
жұмылдырудың  ауқымды  бағдарламасын  жасап,  ол  Б(б)КП  ОК-ің  жəне 
КСРО-ің  ХКР-ің  1941  ж.  29  маусымдағы  нұсқауынан  көрініс  тапты. 
"Барлығы  майдан  үшін,  барлығы  жеңіс  үшін!"  деген  үндеу  кеңес  халқының 
ұранына айналды. 
Əскери  өнеркəсіп  пен  ауылшаруашылығын  қамтамасыз  етуде  бай  ресурсы 
бар Қазақстан үшін ең басты мəселе еңбек ресурстарын жұмылдырып, əскери 
мақсаттардағы  кəсіпорындар  салу  болды.  Осыған  байланысты  Жезді 
марганец  кенішін  салудың  ерекше  маңызы  болғанын  атап  өткен  жөн.  Болат 
сауытты техника жасауға аса қажетті бүл компоненттің жау қолында қалуына 
байланысты  Қазақстандықтар  1942  ж.  жазына  қарай  болат  қорытатын 
зауыттарға марганец жіберуді 38-ақ күнде қамтамасыз етті. 
Сол уақытта армия қатарына 1 млн. 36 мың адам шақырылса (1941 ж. 6 млн 
425  мың  республика  халқының  21,2%),  өнеркəсіп  мекемелеріне  670 
жұмысшы  жəне  инженер  қалдырылды.  Ауыр  жұмыс  негізінен  əйелдер  мен 
балалардың иығына түсті.  
Ауылшаруашылығында  еңбекке  жарамды  халықтың  20%-н  еркектер  (егде 
тартқандар), 38%-н əйелдер, 22%-н жасөспірімдер құрады.. 
Республиканың  күшті  экономикалық  потенциалын  қалыптастыруда  қамауда 
отырғандардың  ењбегі  зор  болды.  Соғыс  қарсаңында  жəне  соғыс  жылдары 
700  мың  қазақстандық  (қазақтар  мен  арнайы  қоныстандырылғандар)  Орал 
мен 
Сібірде 
қорғаныс 
обьектілерін 
салуға 
шақырылды. 
Еңбек 
армиясындағылар  негізінен  қорғаныс  обьектілері,  теміржол  желістері  мен 
электростанциялардың құрылысында жұмыс істеді. "Республиканың əрбір 4-
інші  тұрғыны  соғысқа  қажетті  құрылыстарға  жұмылдырылды.  Егер  осы 
мақсаттарға  екі  майданда  соғысып  жатқан  Германияда  халықтың  12% 
қамтылса, Қазақстанда бұл көрсеткіш 24%-тен асты". 
Республика  өнеркəсібін  соғыс  мақсаттарына  қарай  қайта  құру  (конверсия) 
Кеңес  Одағының  батыс  облыстарынан  көшірілген  жабдықтар  мен  мамандар 
есебінен  жүзеге  асырылды.  Өнеркəсіп  мекемелері  Қазақстанға  1941  ж.  аяғы 
мен 1942 ж. басында жəне 1942 ж. күзінде көшірілді. Республикада барлығы 
200-ден  астам  ірі  кəсіпорындар  орналастырылып,  алғашқы  кезде  олар  ашық 
аспан  астында  жұмыс  істеді.  Қазақстанның  шикізат  қоры  жау  басып  алған 
табиғи ресурстардың орнын толық жапты (1942 ж. ортасында көмірдің 63%, 
темірдің 68%, алюминийдің 60% кені жау қолында қалған-ды). 

 
77 
Қарағанды  көмір  бассейні  мен  Орал-Ембі  мұнайлы  аймағы  елді  энергиямен 
қамтамасыз  етті.  Донбасстан  айрылғаннан  кейін,  Қарағанды  көмір  бассейні 
қорғаныс өнеркəсібінің негізгі базасына айналды. Баку мен Грозныйға қауіп 
төнгенде Ақтөбе мен Ембі майданды мұнай өнімдерімен қамтамасыз етті. 
Текелі,  Ақшатау,  Шығыс  Қоңырат,  Жезді,  Шымкент,  Лениногорск 
комбинаттары майданға металл берді. 1941-1945 ж.ж. республикада 460 жаңа 
кəсіпорын  пайда  болды.  Қазақстан  одақ  көлеміндегі  қорғасынның  -  85%, 
мыстың  -  35%,  молибденнің  -  60%,  висмуттың  -  65%,  түсті  металл 
рудасының 
75%-ін 
өндірді. 
Теміржол 
1500 
шақырымға 
ұзарды. 
Республиканың  жењіл  өнеркəсібі  соғыс  жылдары  Қызыл  Армия  үшін  киім-
кешек пен жабдықтың 50 түрін шығарды. 
 Оралдың,  Сібірдің  жғне  Қазақстанның  табиғи  ресурстарын  анықтап, 
пайдалану  үшін  КСРО  ғылыми  академиясының  арнайы  комиссиясы 
құрылып,  оның  құрамына  К.Сатпаев  бастаѓан  100  ден  астам  республика 
ғалымдары кірді. 
Майдан  мен  тылды  азық-түлік  шикізатымен  қамтамасыз  етудегі  негізгі 
ауыртпашылық  Қазақстанға  түсті.  Соғыс  жылдары  ауылдық  жерлерде 
еңбекке  жарамды  302  мың  100  адам  ғана  қалған  еді,  оның  басым  көпшілігі 
əйелдер  мен  балалар  болды.Ұжымдастырудан  кейін  тұқым  қоры  жетіспей, 
малшаруашылығы  құлдырап  кеткен  кезде  ауылшаруашылығы  өнімдерін 
дайындау  жоспарлары  өндірісті  оңтайландыру  есебінен  жүргізілді.  Ұлпаға 
аса  бай  жаздық  бидайдың  аз  болуына  байланысты  тары,  күріш,  арпа  жəне 
күздік  бидай  егісі  көбейтілді.  Малды  қыстан  аман  алып  шығу  жайылымдар 
есебінен іске асты. 
Шаруашылықты  жүргізудің  дəстүрлі  үдістеріне  қайта  оралу  майданға 
малшаруашылығы  өнімдерін  жөнелтуді  екі-үш  есе  арттыруға  мүмкіндік 
берді.  1941-1943  ж.ж.  республикада  соғыстың  алдындағы  үш  жылға 
қарағанда  ет  өндіру  66,5%,  сүт  өндіру  18,7%,  жүн-38,1%  өсті.  1945  ж. 
гектарынан  7,9  ц  бидай  орылып, 65  682  900 пұт  астық  жиналды  (1940 ж.  10 
млн  пұтқа  кем).  Ақтөбе  облысы  "Құрман"  ұжымшарының  звено  жетекшісі 
Ш.Берсиев 1943 ж. құрѓақшылықтың өзінде тарының гектарынан 202 ц өнім 
алып, дүниежүзілік рекорд жасады, күрішшілер Ы. Жақаев пен Ким Ман Сам 
гектарынан 172 ц. өнім алып, дəл осындай табысқа жетті. 
Сөйтіп,  төтенше  жағдайларда  республиканың  ауылшаруашылығы,  көшпелі 
жəне  жартылай  егіншілік  өндіріс  тəсіліне  негізделген  қазақтардың  тіршілік 
əдісінің өміршеңдігін көрсетті. 
Дегенмен,  соғыс,  жұмылдырылған  экономиканың  тек  қысқа  мерзімде  ғана 
тиімді бола алатынын көрсетіп берді. 
Жоғары  экономикалық  көрсеткіштерге  халықтың  бірлігі  мен  отаншылдық 
сезімі  арқылы  қол  жеткізілді.  Соғыс  жылдары  елдің  бас  газеті  "Правда": 
"Майданда  қазақтар  жақсы  соғысады,  тылда  олардың  əке-шешелері  мен 
əйелдері  жақсы  жұмыс  істейді.  Қазақстан  өз  жерінің  байлығымен, 
тауларының асыл қазынасымен майданға күшті тірек болып тұр"- деп жазды. 
Əдебиет: 1. Абишев Г. Казахстан в Великой Отечественной войне. Алма-
Ата, 1958. 

 
78 
2. Балакаев Т.Б., Алдажуманов К.С. Казакстан еңбекшілері  - майданға.Алма-
Ата, 1985. 
3. Белан П.С. Участие казахстанцев в завершающих сражениях Великой 
Отечественной войны /январь-май 1945 г./. Алма-Ата, 1979. 
4. Козыбаев М.К. Казахстан - арсенал фронта. Алма-Ата, 1970. 
№24 дəріс 
Тақырыбы: Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарында /1941-1945 жж./ 
Дəрістің мазмұны: 
1. Қазақстандықтардың тылдағы ерлігі 
2. Тоталитарлық жүйенің кушеюі. Ұлтаралық қатынастар. Депортация 
3. Соғыс жылдарындағы ғылым жəне мəдениет 
4. Майданға жəне оккупациядан азат етілген аудандарға Қазақстанның көмегі 
Германияның  Қазақстанға  байланысты  жоспары  екі  ойлы  болды.  Фашистер 
КСРО-ны  жеңгеннен  соң  Орта  Азия  мен  оңтүстік  Қазақстан  аумағында 
Гросс-Түркістан  рейхскомиссариатын  құру  жоспарланды,  ал    Қазақстанның 
орталық,  солтүстік  жəне  солтүстік-шығыс  аудандары  —  Қарағанды, 
Новосібір  жəне  Кузнецк  “индустриялық  облыстары”  қатарына  енгізіп,  ол 
жерлерге,  украиндар,  белорусстар,  поляктар,  венгрлер  жəне  т.б.  Шығыс 
Европа  халықтарын  орналастыру  жоспарланды.  Кейінірек,  фашистердің 
“найзағайдай”  жоспарының  күйреуінен  кейін,  олар  КСРО-ның  орыс  емес 
халықтарын,  Москваға  қарсы  күресіне  пайдалану  есебімен,  оларға  өзін-өзі 
басқаруды уезде беру жоспарын құрды, алайда бұл жоспарлар орындалмады. 
Сталин  мен  оның  қасындағылардың  əскери  жеңілісінің  күшеюі  негізінен 
казармалық  социализм  идеологиясынан  ауытқып,  халықтың  патриоттық 
сезімін  күшейтуге  тырысты.  Дінге  қарсы  саясат  əлсіздендірілді.  1943ж. 
Ташкент  қаласында  Мұсылмандар  Орталық  басқармасы    құрылды  жəне 
муфти  сайланды.  Барлық  əдеби  жəне  көркем  жанрлар  патриоттық  жəне 
ұлттық  құндылықтарды  уағыздап,  ұлт-азаттық  көтеріліс  тарихы  мен  оның 
батырлары дəріптелінді. 
Соғыс  уақытында  Кеңес  Армия  қатарына  1  млн.  200  мың  қазақстандықтар 
шақырылды,  20-дан  астам  атқыштар  дивизиясы  жəне  басқа  да  бөлімдер 
құрылды.  Фашистерге  қарсы  соғыста  ерліктерімен  аты  шыққан  атқыштар 
дивизиясы:  328,  310,  312,  314,  316,  387,  391,  8,  29,  102,  405  жəне  101,  101 
ұлттық, 81, 105, 106 кавалерия дивизиясы, 74, 75 теңіз атқыштар бригадасы, 
209 Зайсан, 219 минометті, 8-ші гвардиялық, 328, 30 гвардиялық дивизия, 75-
теңіз бригадасы болды. Майданға 14,1 мың жеңіл жəне жүк автомобильдері, 
1,5 мың трактор, 110,4 мың ат, 16,2 мың арба жіберілді. 
Майдандағы əскери ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандықтар орден мен 
медальдармен марапатталды, 500 жуық адам Кеңес Одағы батыры атағына ие 
болды,  олардың  қатарында  қазақтың  қос  аруы  —  Алия  Молдағұлова  мен 
Мəншүк Мəметова. Төрт қазақстандық — Талғат Бигельдинов, С.Луганский, 
И.Павлов,  Ж.Л.Беда  Кеңес  Одағының  Батыры  атаған  екі  мəрте  алды. 
Соғыстан  кейін  атақты  қолбасшы  Б.Момышұлы  Батыр  Жұлдызы  тағылды. 
Берлинде Рейхстаг қабырғасына жеңіс туын Р.Қошқарбаев қарады. Көптеген 

 
79 
қазақстандықтар  жау  қолында  қалған  аудандарда  партизандық  құрылымдар 
қатарында соғысты. 
Айта кететін бір жайт, сол уақытта құрылған. Түркістан легионы. Соғыстың 
алғашқы  күндерінде-ақ  жүздеген  мың  кеңес  армиясының  солдаттары  жау 
қолына  тұтқынға  түсті.  Олардың  қатарында  басқа  ұлт  өкілдерімен  қатар 
қазақтар,  қырғыздар  мен  өзбектер  болды.  80%  жуық  түркі  тілдес  солдаттар 
адам төзгісіз фашистік концлагерлерде қаза тапты. Тірі қалғандар қатарынан 
Кеңес  Армиясына қарсы  əскери  бөлімдер  құру  жоспарланды.  Қазақстан  мен 
Орта 
Азиядан 
шыққандар 
қатарынан 
Түркістан 
легионы 
бірнеше 
батальондардан  құрылды,  алайда  оларды  фашистер  майданда  қолдана 
алмады.  Көптеген  легионшылдар  қару-жарақты  алысымен  майдан  шебінен 
өтіп  Кеңес  Армия  қатарларына  қосылды,  кейбірі  партизандарға  қосылды. 
Ақырында легион тарқатылды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет