Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


VІІІ. АУРУДЫ ҚОСЫМША ЗЕРТТЕУ ЖОСПАРЫ



бет16/18
Дата07.05.2023
өлшемі175 Kb.
#90950
түріНұсқаулар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
VІІІ. АУРУДЫ ҚОСЫМША ЗЕРТТЕУ ЖОСПАРЫ.

Бѕл тараудың мақсаты: 1. алғашқы диагнозды дәлелдеу. 2. Патологиялық процеске әатысы бар мөшелерді, ағзаларды, жѕйелерді” және заәымдалу процесінің орналасқан жерін, заәымдалу дёрежесі мен асәынуын барынша аныәтау.


3. Созылмалы ауру кездескенде оны” белсенділік дёрежесін.
4. Зақымдалған мүшенің функцияларын бағалау.
5. ұқсас аурулардан айырып алу және т.б.
Көрсетілген сұрақтарға жауап алу үшін қосымша зерттеу лабораториялық (клиникалық, биохимиялық, бактериологиялық тәсілдер), аспаптық жолдармен жүргізіледі. Қосымша зерттеулердің көлемі мен саны алғашқы диагнозға тікелей байланысты болады.


9. ҚОСЫМША ЗЕРТТЕУДІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ.

Бұл тарауда зерттеудің қорытындылары көрсетіледі және өзгерген анализдерге түсініктеме беріледі.




10. ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ДИАГНОЗ.


(науқас диагнозын ұқсас аурулармен салыстыру жолымен дәлелдеу)
Дифференциалдық диагноздың орынды екенін одан әрі дәлелдеу. Ол үшін осыған дейінгі аурудың клиникалық, лабораториялық белгілерін шығу тегіне байланысты симптомға, синдромға жіктеп бөледі.
Алғашқы диагнозға ұқсас келетін аурулардың аты тізбеленеді. Содан кейін әрбір ұқсас ауруды жеке-жеке саралап, салыстыру жолымен, салыстырып отырған аурудың жоә екенін түбегейлі фактылармен дәлелдейді. Салыстырып дәлелдеу үстінде тек курацияға алынған аурудың наәты белгілерін ғана негізге алу керек. Екі аурудың ұқсас жағын айта келе, салыстырылып отырған аурудың шағымдары, басталу және даму ерекшелігі, негізгі белгілері (симптомы мен синдромы), лабораториялық мәліметтер, қолданылған емнің нәтижесі жан-жақты сипатталады.


11. КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОЗ ЖӘНЕ ОНЫ ДӘЛЕЛДЕУ.

Клиникалық диагнозды дәлелдеу үшін осы уақытқа дейін дәлелденген алғашқы диагнозбен дифференциалдық диагноз ескеріледі. Клиникалық диагноз қосымша зерттеу барысында табылған лабораториялық аспаптық тәсілдердің қорытындысымен дәлелдене түседі.


Аурудың асәынуы бөлек дәлелденеді. Толық клиникалық диагноздың құрамы сол ауруда қолданылатын клиникалық классификацияның негізінде құрылады. Онда аурудың аты, сатысы мен кезеңі, ауырлық дәрежесі, ауруға шалдыққан жүйелердің зақымдану ерекшелігі мен функциясы орын табады. Негізгі аурудың асқынуы және қосымша (ілеспе) аурулардың аты жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет