Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


ІІІ. ЖҮЙЕЛЕР БОЙЫНША ҚОСЫМША СҰРАСТЫРУДЫҢ СХЕМАСЫ



бет2/18
Дата07.05.2023
өлшемі175 Kb.
#90950
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
ІІІ. ЖҮЙЕЛЕР БОЙЫНША ҚОСЫМША СҰРАСТЫРУДЫҢ СХЕМАСЫ


Аурудың жалпы жағдайы:
Көңіл-күйі, әлсіздігі, тез шаршауы, жұмыс қабілетінің төмендеуі, тоңғақтығы, қалтырауы, тершеңдігі, дененің қызуы, қызудың көтерілуі, арықтауы, семіруі (қашаннан бері және шамамен неше кг-дейін).
1. ТЫНЫС ЖҮЙЕСІ:
Мұрыннан дем алуы: қиналмай, қиналып, мүлдем дем ала алмайды, мұрын ішінің құрғауы, сұйықтықтың ағуы (шамамен мөлшері, иісі, түсі). Көмейдің құрғауы, сөйлегенде, жұтынғанда ауруы. Дауыстың қарлығуы, шықпауы.
Кеуде сарайының ауырғандығы: ауырудың орналасқан жері, түрі (шаншып, түйреп, сыздап), күші (қарқындылығы), ұзақтығы, дене қимылы мен қалыпының әсері, тарауы дем алғанда немесе жөтелгенде күшеюі және оның таралу бағыты.
Демікпе: тұрақты, ұстамалы: жүргенде, баспалдақпен көтерілгенде, күшеюі: ұзақтығы, горизонтальді немесе вертикальді қалыпта пайда болуы және күшеюі.
Тұншықпа: пайда болу уақыты, күші, ұзақтығы, пайда болу себебі, қосалқы белгілері, көмек беретін емдік әрекеттер.
Жөтел: тұрақты, ұстамалы, сирек, құрғақ, қақырықты. қақырықтың шығуы (жеңіл, қиындықпен): біркелкі немесе ұстамалы, жөтелден кейін: қақырықтың тастау уақыты: ертеңгілікте, күндіз, түнде (бір тастағандағы және бір тәуліктің мөлшері) қақырықтың дене қалпына байланысты бөлінуі, түрі, иісі, түсі.
Қан қақыру: пайда болу уақыты, мөлшері, таза қан қақыруы немесе қан аралас қақырық тастауы. Сұйық немесе ұйыған қанмен қақыру. Түсі (алқызыл, қара қоңыр).
2. ЖҮРЕК-ТАМЫР ЖҮЙЕСІ.
Жүрек, төс маңайындағы ауырғандық: түрі, түйреп, күйдіріп, қысып, басып, шаншып, күші: Ұзақтығы, тұрақты немесе ұстамалығы, тарау бағыты, қандай жағдайда не себептен пайда болады: ауырған кезде науқастың дене қалыпы, қолданатын емдік шарасы.
Ауырғандықпен қосалқы білінетін белгілер: демікпе, терлеу, әл кету.
Жүрек соғуы: тұрақты, ұстамалы, күші, ұзақтығы, “тоқтап”, “үзіліп” соғуы, пайда болу себептері (дене қызметі, толқу, тыныштық жағдайда, тамақтан кейін, горизонтальды қалыпта, ауа-райы өзгергенде).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет