Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


«Мен басқаның көзімен» жаттығуы



Pdf көрінісі
бет124/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   132
 
«Мен басқаның көзімен» жаттығуы 
Нұсқау: Тренер алдыңғы жаттығуда алынған автопротреттерді 
кезекпен оқиды. Қатысушылар кімнің портреті екенін табу керек. 
табылған портрет иесі ортадағы орындыққа отырады.
Жаттығу шарты: Портрет иесіне өзінің беті қайтарылып 
беріледі. Қалған қатысушылар ол жайында қандай пікірде екенін 
айтады. Өзін басқаның көзімен қандай екенін анықтауға мүмкіндік 
алады. Өз бағалауымен сәйкес келген қасиеттері тұсына «+» 
белгісін қою керек, ал мүлдем өзі білмеген жақтарын, беттің 2-ші 
жағына жазып, автопортретін толықтыруына болады. 
Рефлексия: кімде қанша сәйкестік бар және жаңадан басқаның 
көзімен қанша қасиет қосқандығын шеңбер бойынша айтқызу. 
 


278 
«Қармақ» жаттығуы 
Топ мүшелері көздерін жұмып, өздеріне жайлы, ыңғайлы етіп 
отырады.
Нұсқау: «Алдыңызда барлығын жоятын, күшті селді, қатты 
толқынды, дауылды теңізді елестетіңіз. Кенеттен алдыңызда судың 
бетіне біресе шығып, біресе толқынның әсерінен көрінбей кететін 
қармақты көресіз. Қармақ – Сіз, ал өміріңіз – теңіз деп елестетіңіз. 
Сізді толқындар төмен түсіреді, батырады, бірақ Сіз суға батпай 
келесіз. Сіз қайта-қайта судың бетіне қалғып шығасыз. Сіздегі 
сенім мен қуаныш сезімі қармақты рухтандырып, соның күшімен 
қармағыңыз суға батпай келеді. Сізді жеңе алмаған теңіз ақыры 
тынышталып, қара бұлттардың арасынан күн шығады. Сіз – 
қармақсыз және күннің қуанышты сәулелері Сізді баурап келеді. 
Сіз өміріңіздегі кезекті дауылды өткізіп бұл күресті жеңіп 
шықтыңыз. Енді Сіз алдағы дауылды елестетіңіз, мұнда да жеңіске 
жеттіңіз» 
 
«Үйшіктер» жаттығуы 
Нұсқау: «Үш адамнан құралған топ құрыңыздар. Әр үштік бір 
үйшікті құрайды - ортасындағы адам сол үйдің тұрғыны. Жан – 
жағындағы адамдар бірінің қолын бірі ұстап, үйшікті құрайды.
Біздің өмірімізде түрлі жағдайлар болып жатады. Біз солардың 
үшеуін қазір көрсетуге тырысамыз. «Көш!» деген бұйрықта үйдегі 
адамдар үйлерімен алмасады, яғни басқа үйге қоныстанады. 
Үйшіктер бір орында тұрады. «Жөңдеу!» дегенде үйдегі адамдар 
бір орында қалады, үйшіктер өзара алмасады. «Жер сілкінді!» 
дегенде үй адамдары мен үйшіктер жаңа үштік құру қажет. Зейін 
қойыңыздар, бастаймыз!». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет