Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


«Біздің топтың жүрегі» жаттығуы



Pdf көрінісі
бет126/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   132
«Біздің топтың жүрегі» жаттығуы 
Ал, енді бәріміз мына үлкен ақ жүрекке назар аударайықшы. 
Ол тірі емес, біз қазір оған жан береміз. Ол үшін мына кішкене 
қызыл жүрекшелерге сіздер балаға деген бір ақ тілектеріңізді 
жазып, мына тақтадағы үлкен ақ жүрекке әкеліп, ақ тілектеріңізді 
оқи отырып, жапсырайық. Қараңыздаршы, ол біздің көз алдымызда 
тірілді. Бұл біздің топтың жүрегі, ол тренинг барысында үнемі 
дүрсілдеп тұрады. Бәріміздің жүрегіміз «бала» деп соғады. Осы ақ 
жүрегімізден шыққан тілектерді жаңа барлығымыз естідік. Балаға 


280 
деген тілегімізді, жүрегімізді бір арнаға тоғыстырады. Осы жүрек 
сияқты әрбір ата-ананың жүрегі де бала тәрбиесінде, өз баласының 
әрбір жаңа атқан таңы үшін елжіреп, алаңдап тұрады. 
«Менің отбасымның асыл мұрасы» арт-терапия әдістемесі. 
Бұл әдістеме адамның өз отбасының мұрасынан, ұрпақтан-
ұрпаққа берілетін құндылықтарының күш-жігер алуға бағытталған. 
Бұл адамның өзін-өзі бағалауына, өзін-өзі қабылдауына 
байланысты. Бұл әдістемені отбасының әр мүшесімен өткізген 
пайдалы. 
- Сен өзіңнің ата-бабаларыңнан не алдың? 
Адам өзі байқамай өзінің өмірлік мақсат-армандарын құрады. 
Қатысушыларға А-4 бет және қарындаштар, фломастерлер 
немесе борлар беріледі. Әрбір бетті 4-ке бөлу керек. 
Төменгі сол жақ - «мен өз ата-бабамнан не алдым?» немесе 
«Менің ата-бабам не қалдырды?». (Мысалы, біреу ата-бабаларына 
тартып әнші болды, суретші немесе ғалым, оқымысты әлде 
еңбекқор).
Төменгі оң жақ - «Мен өз әкемнен не алдым?». (Өз 
әкелеріңіздің қандай қасиеттері сіздің бойыңыздан табылады?).
Жоғары сол жақ - «Мен өз анамнан не алдым?». (Ол да сол 
сиятқы).
Жоғары оң жақ – «Мен осы өз бойымдағы құндылықтардан өз 
ұрпағыма не қалдырғым келеді?» немесе «Өзіңнен қандай із 
қалдырғыңыз келеді?». 
Бәрі де материалдық құндылықтар емес, рухани байлық.
Қағаздың екінші бетіне өз жұмысыңызға ат қойыңыз. 
Талдау:
- Сіз қандай жаңалық аштыңыз? 
- Неше қайталау бар? 
- Түс қайталана ма? 
- Көлемі? 
- Символдар? 
Бұл әдістеме адамға ойлануға, өзінің ішкі сезіміне үңілуге 
мүмкіндік береді. 
«Ата-аналар 
мен 
білім 
алушылар», 
«Сөздің 
әсері»
видеобаядары көрсетілді. 
Талдау:
1.
Көрсетілген бейнебаяндардан не ұқтыңыз? 
2.
Өз балаларымызбен қандай қарым-қатынас жасап жүрміз? 


281 
3.
Болашақта баламызбен қандай қарым-қатынас түрін 
қолдануымыз қажет? 
Кері байланыс. Қатысушыларға шеңберге жиналып, «Ашығын 
айтсам...» сөйлемін аяқтай отырып, тренингке қатысты өз 
ойларымен бөлісу ұсынылады. 
Қорытынды.
Әке - білек, саусағы - балалары, 
Қан тамырымен жалғасқан аралары 
Ана - тамыр бойымен бәріне де,
Тіршіліктің жылуын таратады, - деп Фариза апамыз 
жырлағандай, бүгінгі кездесу кешімізге қатысып отырған барлық 
әкелерге ризашылығымды білдіремін. «Әке – асқар тау» демекші, 
өз отбасыңыздың асқар тауы болыңыздар! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет