Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


«Сарқырама» релаксациялық жаттығуы



Pdf көрінісі
бет123/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   132
 
«Сарқырама» релаксациялық жаттығуы 
Мақсаты: 
қатысушылардың 
өздерін 
сергек 
сезінуіне 
көмектеседі. Бұл медиатативтілік техника денедегі қысымды 
түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады. 
Жүргізуші: «Жайланып отырыңыз және көзіңізді жұмыңыз.
2-3 рет деміңізді шығарыңыз, дем алыңыз. Өзіңізді сарқыраманың 
жанында тұрмын деп елестетіңіз. Бірақ бұл басқа сарқырамаларға 
ұқсамайтын ерекше сарқырама. Судың орнына бұл сарқырамадан 
жұп жұмсақ аппақ жарық ағуда. Енді өзіңізді осы сарқыраманың 
астында тұрамын деп ойлаңыз және осы сарқарамадан сіздің 
басыңыздан төмен қарай ақ жарықтар ағып жатыр деп ойлаңыз... 
Өзіңіздің маңдайыңыз, аузыңыз, бетіңіз бен мойныңыздан ағып 
жатқан ақ ұлпа жарықты сезініңіз... Ақ жарық сіздің иықтарыңыз 
бен арқаңыздан ағып жатыр, бұл сізге өзіңізді жайлы сергек 


277 
сезінуге көмектеседі. Арқаңыздан аққан ақ жарық сіздің 
арқаңыздағы ауыртпашылықты алап кеткендей болады... 
Сонымен 
қатар 
жарық 
сіздің 
қолдарыңыз 
бен 
алақандарыңыздан және саусақтарыңыздан ағып жатыр. Сіздің 
қолдарыңыз бен алақандарыңыздың жұмсақ әрі сергек боғандығын 
сезініңіз. Жарық сіздің аяқтарыңыз өкшеңізге ағып кетіп 
жатқандығын сезініңіз. Бұл жарық сіздің денеңіздегі қысымды 
өзімен бірге алып кетіп, денеңізді жұп-жұмсақ әрі сергек етуде. Сіз 
өзіңізді жайлы сезінудесіз, сіздің денеңіз жағымды күштер мен 
қуаттарға баюда...(30секунд). Ал енді, Сізді бойыңызды таратқан 
сарқырамаға өз алғыстарыңызды білдіріңіз. Денеңізді тік ұстап, 
көзіңізді ашаңыз». 
Талдау: Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?
 
«Әткеншек» жаттығуы 
Құрал - жабдықтар: дәптер және қалам. 
Тренинг барысында топ мүшелерінің адамдардың алғашқы 
байланыстағы сезінген күйлері арқылы өздеріне қатысты ақпарат 
ала алады. Өзі туралы кері ақпарат алу үдерісі келесідей 
ұйымдастырылады: әр қатысушы өзара іс-әрекеттегі алғашқы 
күйлерін сезінуі қажет. Барлық қатысушы қолдарына бір дәптерден 
алып жұптарға бірігеді және қарсы серіктесіне дәптерлерін 
ұсынады. Серіктестер дәптерге дәптердің иесі туралы алғашқы 
сезінген сезімдерін, күйлерін жазады. Дәптер өзінің иесіне оралған 
соң, басқа қатысушыға беріледі. Осылайша, жаттығу барлық 
қатысушылар бір-бірі туралы ақпарат алғанға дейін жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет