Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Мақсат қою: өзіндік өмірлік жоспарларын құру



Pdf көрінісі
бет30/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   132
 
Мақсат қою: өзіндік өмірлік жоспарларын құру 
Мақсат - ертеден белгілі әрекет жасауға шақыратын қозғаушы 
себеп немесе мақсатқа сай қимыл. Соңғысын мақсатқа жету жолы 
деп атасақ болады. 
Мақсат алдын-ала анықталмай, біз дегенімізге жете алмаймыз. 
Ол туралы уақытында Фирдоуси: «Ізгі мақсатты таңдап алып, оған 
тура жүр», - деген. Сенека айтқандай: «Егер кеме қай портқа 
барарын білмесе, оған ешбір жел қуалап соқпайды». 
Мақсаттың маңызды қасиеті оның градиенті 
(gradiet лат. - 
адымдаушы
), яғни орындаушы мақсатқа жету жолындағы әрекеті 
аяқталуға жақындаған сайын, оның мақсатқа жетуге күш салуы 
белсенділене түседі. Басқарушылық әрекеттің өзі басқару 
мақсатындағы адамдардың ерекше бір бөлігінің іс-қимылы. 
Басқарудың мақсаттық міндеті - мақсатқа бағытталған ықпалдарды 
қалыптастыру жолдарын анықтау. 
Егерде мақсатқа жетуге байланысты нысанның маңыздылығы 
белгілі болса және әр нысанның ықпалы тәуелсіз айнымалылар 
есебінде белгіленсе, ондай мақсатты 
мақсаттық функция
деп 
атайды. Мақсаттық функцияның сырт пішіні анықталып және 
математикалық бейнелеуін алса дағы, оны тек мақсатты ұсыну түрі 


71 
немесе жолы деп жеңіл-желпі түсіндіруге болмайды. Алға қойған 
міндетті орындау үшін барлық ақпаратты беретін теңдеуді 
мақсаттық функция
дейді. Яғни, ұйымды басқару жүйесінде өз 
мақсатына жету жолдарындағы жағдайларымен байланыста 
көрсетеді. Мақсаттық функция туралы түсінікке басқа басқару 
теориясының күрделі категориясына «заң» деп анықтама беруге де 
болады. Бұл бағытта жүйеге «кіру» немесе одан «шығу» сияқты 
мақсаттық функциясы бар заңның бір-бірімен байланысты 
айнымалы көрсеткіштері басқару объектісінің және сыртқы 
ортаның жағдайын сипаттайды. Атап отырған термині («мақсаттық 
функция») 
логика 
мен 
экономикалық 
лексиконда 
жиі 
пайдаланылады. Мысалы, «Қазақстан-2030» стратегиясында 
көрсетілген 
басымдықтарға 
қол 
жету 
үшін, 
«мақсаттық 
қаржыландыру» немесе «мақсаттық ресурстарды бөлу, қайта бөлу» 
деген терминдер кездеседі. 
Кез-келген басқару түрі үшін алғашқы импульс (
ampuls лат.- 
күш, себеп
) басқарушылық қызметтің мақсатты түсіне білуінен 
немесе мақсат қоя білуден басталатыны белгілі. Мақсатты жете 
түсіне білу, бағытын анықтайтын нысананы таңдай білу 
мағынасының мәнін дифененс (
difiniens
лат.- анықтайтын

әрекетті терең түсінуге байланысты. 
Әрбір адам жұмыста да, күнделікті өмірінде де өзінің алдына 
іскерлік карьерасын (жұмыс сатысымен жоғары өрлеу) және 
барлық өмір жолын анықтайтын мақсаттар қояды. Басқарушы 
қызметкер тек өзі үшін мақсат қоюмен шектелмейді, сонымен қоса 
ол өзінің ойын орындаушы бағыныштыларына берілетін 
тапсырмалары ретінде қалыптастырады. «Басқару - басқаларды 
анық нысанаға жетуге шақыру» деген анықтама тегін айтылған 
емес. Мақсат - тапсырушы субъектісінің, яғни басқарушының 
көзқарасына сай мақсат қоя білу басқарылатын объектінің 
екіұштылық жағдайын жеңілдететін құрал. Басқарылатын топтың 
позициясынан қарағанда, мақсат қоя білу категориясы жоғарыдан 
алынатын мақсаттық бұйрық. Баламаларды таңдағанда, соңғы 
қабылдаған шешімдер, басқарушылық басымдылықтарды тәртіпке 
келтіретін жүйелік элемент дейді. Мақсат қоя білу басқарудың 
негізгі элементі есебінде бір уақытта жүзеге асырылатын 
акция
(
француз тілінен аударғанда - 
бұл жерде құнды қағаздар 
мағынасында емес, экономикалық мақсатқа бағытталған әрекеттер 
өрісі); мақсаттар санын нақтылы бағыттардың ең қысқа тізіміне 
дейін азайту; бір мақсатты таңдау және оны қалыптастыру; мақсат 


72 
тармақтарын анықтау, қалыптастыру және оларды мақсаттық 
есебінде қарау. 
Басқарушылық әрекетте мақсат қоя білудің маңызы өте жоғары 
және оның қажеттілігі төменгі жағдайларға байланысты. Олар: 
басқаруға қажетті әрекеттерінің тізімін анықтау; мақсатты жүзеге 
асыру үшін тұтынылатын қорлардың кұрамы мен көлемін негіздеу; 
ұйымның басқару құрылымын жетілдіру және басқару жүйесін 
құру; басқару үдерісін ұйымдастыру мен ақпараттық және басқадай 
технологияны жобалау (оның ішінде тұлғааралық қатынастарға 
тиісті жобалар да бар); басқару жүйесін ұйымдастырудың сапасын 
бағалау; мақсатқа жету жолындағы қозғалыстың траекториясын 
(
латын тілінен аударғанда - 
қисық сызығын
)
бақылау және оның 
орындалуын тексеру; басқара алушылықтың сипаттамасы
басқаруға қатысы бар қызметкерлерді ынталандыру және бағалау. 
Мақсат қоя білуді дұрыс жолға қою үшін аталған мәселелерді 
шешуге пайдаланылатын механизмдерді де айтып кеткен жөн. Сол 
себептен де ең кемінде төмендегі үш жағдайды ескеру қажет. 
Біріншіден
, ағымдағы жоспарлау
.
Пайдаланылатын жоспарлық 
«горизонттардың» (
лат. - көз көрім жері
) кеңістігінен тәуелсіз, 
белгілі бір уақыт аралығында бір-бірінен ажыратылатын 
мақсаттарды анықтауды қажет етеді. Бұл мақсаттар стратегиялық 
мақсаттарға қарағанда тактикалық делінеді. Олардың жоспарлы 
мерзімдер бойынша өзгеруі мүмкін, ал өзгерудің дәйектілігі 
стратегиялық мәселелерді шешкенде басымдылықтардың (
нем
. - 
біріншілік) ауысуын және түпкі нысанаға жақындау жолдарын 
айқындайды. 
Екіншіден



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет