Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет66/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   132
9
 
КРЕАТИВТІЛІК ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒА
 
9.1
Жеке 
тұлғаның 
креативті 
және 
инновациялық 
потенциалы 
 
9.1.1
Креативті акмеологияның рефлексиямен байланысы
 
9.1.2
Өзіне креативті қатынасты дамыту үлгілерінің әдістері
 
9.1.3
Болашақ мамандардың креативтілігін қалыптастырудың 
жобалық мақсаттары
 
 
Жеке тұлғаның креативті және инновациялық потенциалы
 
Қазіргі заман психологиясы мен педагогикасында психоло-
гиялық шығармашылық аумағындағы зерттеулер белсенділік 
байқалуда. Өйткені қоғамдық тәжірибе шығармашылық жетістік 
тұлғалық емес, әлеуметтік мағынаға ие болғандығын мойындап
психология-педагогикалық ойларды осы проблемаға назар 
аударуына мәжбүр етті. 
Креативтілік сипаттамасы белгілі бір өнімді немесе кәсіптік 
әрекеттегі туындайтын психологиялық қасиетпен байланысты. Дж. 
Гильфорд, Л.Б. Ермолаева-Томина, А.Н. Жук, Ю.Н. Кулюткин, Б. 
Олмо, Я.А. Пономарев, Н.В. Рожденственская, Е. Торренс және 
басқалар креативтілік элементтері ретінде әртүрлі қабілеттерді 
көрсетеді. Олардың ойларынша, негізгі қабілет идеяларды жүзеге 
асыру және қанықтыру мүмкіндігімен айқындалады. 
Психологиялық зерттеулерде креативтілік термині тұлғаның 
интеллектуалдық және өз бетінше мәселені көтеруі, ерекше 
идеяларды айтып, оларды өзгеше жолмен шешу ерекшеліктерінің 
кешенін білдіреді. 
Креативтілік маңызды және ерекше феномен болатын бұрынғы 
зерттеулер мен қазіргі зерттеулерде креативтілікті тұлғаның 
интеллектуалдық және тұлғалық ерекшеліктері ретінде қарау 
беталысы айқындалады. Бұл креативтілік мәселесіне деген әр түрлі 
бағытталғандықты көрсетеді: ол әрине, барлық тұлға бірдей жете 
алмайтын креативтілік қорытындысы емес (бұл мәселе күрделірек, 
өйткені қорытынды ретінде тек ғылымдар мен қас шеберлер 
жететін объективті әлеуметтік маңызды жаңа қорытынды 
қарастырылады), рефлекция және субъективті өз-өзін бағалау 
негізіндегі тұлғалық маңызды жаңа сапа деп зерттеледі. 
Көптеген креативтілікті зерттеулерде психологиялық креатив-
тілік механизмдері мен шығармашылық потенциалын тұлғалардағы 
түрлі сандық және сапалық қасиеттерін анықтауға басты назар 


153 
аударылады. Бұнда олардың дамуы және шығу деңгейін ажырата 
білу қиындығы туындайды. 
Сонымен, дәстүрлі психология мен педагогикада креативтілік 
тұлғалық категория ретінде қарастырылды, пікірлер мен таластар 
негізінен түсініктемені айқындау жөнінде болды. Атап айтқанда 
креативтілік дивергенттік ойлау (Гилфорд, О.К.Тихомиров) немесе 
интеллектуалдық белсенділік (Д.Б. Богоявленская, Л.Б. Ермолаева-
Томина), немесе тұлғаның ықпалдастық сапасы (Я.А. Пономарев 
және т.б.) деп қарастырылады. 
Әрбір ғылымның ұстанымы дәлелденген, мақұлдауды күтеді. 
Бірақ, педагогикада (креативтік андрагогикада) оның сапалы 
көрсеткіштері мен пайда болу деңгейін анықтау толық мүмкін емес. 
Егер креативтілік сипатталған ұстанымдардың тек біреуі арқылы 
ғана түсіндірілсе, онда мәселе бір жақты ғана қарастырылады. 
Тұлғаның шығармашылық потенциалы жалпы алғанда креативтілігі 
дамитын шығармашылық білім беру мен тәрбиелеу үдерісін 
ұйымдастыру және басқару ретінде қарастыратын педагогикаға 
қатысты. Сол себепті креативті білім беру және тәрбиелеу 
үдерісінде тұлғалық категория ретінде креативтіліктің дамыту 
мүмкіндігін зерттеу қажеттілігі туындап отыр. 
Зерттеу пәніне байланысты қарастырылатын психология-
педагогикалық құбылысты жүйелі түрде қарастыру керек. Мұндай 
әдістемелік бағдар педагогикада креативтіліктің бүкіл процес-
суалды кешенділігін қарастыруды талап етеді, яғни ғылым 
негіздерін тану үдерісі мен қарама-қайшылық негізіндегі жаңа 
иделарының туындауының (ішкі және сыртқы) бастапқы сатысынан 
педагогтың шығармашылық гүлдену кезеңіндегі тұлғалық және 
әлеуметтік нәтижесіне дейінгі аралықты қамтиды. 
Педагогикада креативтілікті зерттеу оның тұлғалы категориясы 
ретінде өздік білімін көтеру мен шығармашылық тұлғаның 
дамуына жету мақсатында оқыту және тәрбиелеудің шығарма-
шылық үдерісін тиімді ұйымдастыру мен басқару формаларын 
табуға мүмкіндік береді. Практикалық аспектідегі ғылыми 
зерттеулерді жүзеге асыру мазмұнды түрде инновациялық 
практикада қорытындыланатын білім беру мен тәрбиелеу үдерісін 
модельдеуден көрінеді.
Тұлғаның кәсіби іс-әрекетін акмеологиялық тұрғыда дамыту 
(Cурет 19). 


154 
Сурет 19 - Тұлғаның кәсіби іс-әрекетін акмеологиялық дамыту 
Тұлғаның креативтілік потенциалы саналы іс-әрекетте дамитын 
болғандықтан білім беру үдерісінде тұлғаның кәсіби іс-әрекетін 
акмеологиялық дамыту әрекетіне байланысты болады.
Шығармашылық дара тұлғаның саналы және бейсаналы 
ұғымдары қалыптасатын креативті үдерісті үздік ұйымдастыру мен 
реттеуде қиыншылық туғызады. 
Креативтіліктің дамуының саналы диалектикалық үдерісіне 
тұлғалық жүйедегі сана және бейсана ұғымдары жатады.
Креативтілік тұлғаның саналы және бейсаналы феномендерінің 
психикасын зерттеу өзін-өзі тану мен өзіндік сана сатыларын 
айқындау қажеттіліктеріне әкеліп соғады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет