Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Дамытушы ойындар және креативті потенциалдың дамуы



Pdf көрінісі
бет64/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   132
 
Дамытушы ойындар және креативті потенциалдың дамуы 
Оқу үдерісінде нақты жағдайларға талдау жасау әдісін қолдану 
студенттердің кәсіби мәселелерін шешу дағдыларын және білікті-
ліктерін қалыптастырады. 
Ойын түрінде оқыту әдістері саналатын рөлдік ойындардың
белгілерінің сипаттамаларын келесі ретте құрастырамыз: нақты бір 
әлеуметтік-экономикалық жүйеге қосылатын басқару жүйесінің 
кескінін жасайды. Рөлдік ойындарда мұндай кескін ойын кешені 
деп аталады; рөлдердің саны; рөлдердің бір-бірімен өзара әрекет
жасауы; ойынға қатысушы ұжымның ортақ мақсаттары; әртүрлі 
рөлдерді орындайтын ойынға қатысушылардың әртүрлі мақсат-
тары; шешімдердің мазмұнының әртүрлілігі; ойынға қатысушылар-
дың іс-әрекеттеріне жеке және топпен баға беру жүйесі болуы
керек; эмоциялық шиеленістерді басқару. 
Нақты жағдайларды талдау әдісі әлеуметтік-экономикалық
жүйедегі кескіні басқару объектісін және басқару жүйесін қоса
біртұтастықта құрылуы мүмкін немесе тек басқару жүйесімен,
немесе тек объектіні басқару кескінімен құрастырылуы мүмкін. 
Бірінші ұстаным
, рөлдік ойындар үшін басқару жүйесінің 
кескіні міндетті түрде қажет. Бұл кескінсіз рөлдік ойындарды 
жүргізу өте қиын. Оны тек объектіні басқару кескінімен құрастыру 
мүмкін емес. Бұл рөлдік ойындардың нақты жағдайларды талдау 
әдісінен ерекшелігі. 
Екінші ұстаным
ерекшелігі рөлдік ойындар мен нақты
жағдайға талдау жасау әдісінің арасындағы айырмашылық - бұл
рөлдердің көп болуында. 
Үшінші ұстанымындағы
екі әдістің айырмашылығы - болашақ 
мұғалімдердің жасаған шешімдері басқарушы жүйеге де, объектіні
басқару жүйесіне де әсер етеді. Рөлдік ойындарда қабылданған
шешім тек басқарушы жүйеге ғана әсер етеді. 
Төртінші
айырмашылық нақты жағдайларға талдау жасау
әдісінде шешім қабылдау бір әдепті ғана сақтауды басқару
бойынша қабылданады. Бұл жерде шынайы жүйенің кескіні


148 
статистикалық жүйенің өкілі ретінде ұсынылады. Болашақ 
мұғалімдер қабылданған шешімнің негізінде жүйенің жағдайының
өзгергендігі туралы ақпараттарды алмайды, тек оймен қортынды-
лайды. Рөлдік ойындарда басқарушы жүйенің ойындық кешенді 
кескіні жылдам қозғалыстағы жүйе болып табылады. Оның 
құрамында рөлдік қарым-қатынастар, шешім қабылдаудың 
нәтижесінде ойын кешенінің құрылымы мен көлемі де өзгеруі 
мүмкін. Басқарушылық шешімдер бір немесе бірнеше әдептегі 
басқару барысында қабылдануы ықтимал. Ойынға қатысушылар 
ойын кешенінің өзгергендігі туралы ақпараттарды алу арқылы 
оларды келесі басқару әдебінде шешімді өңдеуге және
қабылданған шешімдерді талдауға пайдалануы мүмкін, егер ол 
ойын мазмұнында қарастырылған болса. 
Басқа бір рөлдік ойындар топтамасы да бар, оның мазмұнында 
осы аталған рөлдік ойынның белгілерінің сипаттамалары бар. Бұл 
ойындарды біреуге ұқсату немесе басқаны қайталаушы ойын 
үлгілері деп атаймыз. Бұл ойын топтмасында алуан түрлі ойын
түрлері әртүрлі мақсаттарға бағытталған. 
Негізгісін атап айтсақ, ұқсату ойын түрі мен рөлдік ойын
түрлерінің бір-бірінен айырмашылығы, біріншіден, әлеуметтік - 
экономикалық ортаның кескіні бар, нақты бір басқарушы
маманның және жұмысшының еңбегі (іс-әрекеті немесе қызмет
түрі) кескінделмейді. Тек ортаның кескіні ғана қалады. Барлық
ұқсастық жасаушы ойындарға басқа топтағы объектілерге ойын
түрінде тәжірибеде жүзеге асуы мүмкін, әрі олардың құрылым-
дары, мақсатты тағайындалуы, экономикалық және физикалық
мазмұндары да әртүрлі болуы ықтимал.
Ұқсастық жасау ойындарына, сонымен бірге, рөлдік және
іскерлік ойындардың белгілерін айқындайтын сипаттамаларының 
біреуі немесе бірнешесі құрамында болмауымен де ерекшеленеді, 
сонымен қатар, оның құрамында басқа баламалары да болмайды. 
Ондай ойын түрлеріне «Ұрпақтан ұрпаққа» деп аталатын ойынды
айтуға болады, ойында қарапайым жағдайда команда мүшелері
бір-бірімен қарым-қатынас жасауы арқылы команданың іс-
әрекеттері кескінделеді, ол жерде команданың әрбір мүшесінен 
нұсқауларды қатаң сақтау әрі іс-әрекеттерінде бір-бірімен келісім
жасау арқылы орындауын талап етеді. Басқа бір мысал «Саяхат» 
ұқсастық жасау ойынында әртүрлі баламалары көп, бірақ рөлдік 
мақсаттары бірдей болуы ықтимал. Осылайша, ойында дау-дамай 


149 
болмауы немесе ол ойынға қатысушылардың әртүрлі көзқарас-
тарымен анықталуы мүмкін. 
1979-жылдан бері ойын түрінде кескіндеудің жаңа бағыттары
дамып келеді, оның бастамасын Г.П .Щедровский жасаған. Оның
жетілдірген ойындары ұйымдастырушылық-әрекетшілдік ойындар
деп аталды. Бұл бағыттың жетістіктері осы топтағы жаңа ойын
түрлерінің пайда болуын дамытып келеді, мысалы: мәселелік
ойындар, іскер мәселеге бағдарланған ойындар, сынақтан өткізу
әрі ізденушілік ойындар, инновациялық ойындар. 
Бұл ойын топтарының мазмұнын қарастырып көрелік. 
Ұйымдастырушылық-әрекетшілдік ойындарды күрделі әлеуметтік-
өндірістік мәселелерді шешуде қолданады, оның негізінде әртүрлі
саладағы мамандардың күшімен бірігіп жұмыс жасауды талап
етеді. Ойын шынайы әлеуметік-экономикалық жүйедегі жағдай-
лары туралы ойынға қатысушыларға бастапқы ұсынған ақпараттар 
негізінде жүргізіледі. Бұл ақпарат әдетте өте аз. Сондықтан ойын 
барысындағы ең бірінші міндет ұқсастықтарды жасау, яғни 
ойыншылар жағдай туралы толық ақпар алады, одан кейін
көрсетілген жүйені басқару бойынша шешім қабылдау, талқылау, 
өңдеу жүзеге асады. Ұйымдастырушылық-әрекетшілдік ойындарға
қатысушылардың қабылдаған шешімдерінің салдары кескіндел-
мейтіні тән. 
Олар тек шешімдерді өңдеумен шектеледі. 
Ұйымдастырушылық-іскерлік ойындарда жүйенің дағдарысты
жағдайы 
қарастырылады, 
ойынға 
қатысушылар 
жүйенің
жұмысшыларының жоғары мотивацияларын, жүйені дағдарыстан
шығаруға негізделген шешімдерді өңдеуді қамтамасыз етуге
бағытталады. 
Ұйымдастырушылық-әрекетшілдік 
ойындардың 
міндеті
қатысушылардың ұжымдық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін
мәселені шешудің барлық кезеңдеріндегі тұлғааралық және
топаралық қарым-қатынастарымен қамтамасыз етеді. 
Ұйымдастырушылық-әрекетшілдік ойындарға тән белгілер: 
басқару үдерісіндегі күрделі кешенді мәселелерді шешу бойынша 
мамандардың іс-әрекеттері олардың жағдайлары туралы шынайы 
ақпараттар 
негізінде 
кескінделеді; 
ұйымдастырушылық-
әрекетшілдік ойындардағы рөлдер шартты. Шешім ұйымдастыру 
құрылымдардың штатының шегінен тыс өңделеді; әртүрлі рөлдік 
мақсаттар мен рөлдердің өзара ықпал етуі қамтамасыз етіледі.


150 
Әрі әртүрлі рөлдік мақсаттар ойынға қатысушылардың жеке
қызығушылықтарының 
әртүрлілігіне, 
ең 
бірінші 
орында, 
негізделеді: ойынға қатысушы ұжымның ортақ мақсаты болады; 
шешімді өңдеу бойынша ұжымдық іс-әрекет пайдаланылады; 
арнайы құралдармен ойынға қатысушылардың эмоциялық
шиеленістерін басқару қамтамасыз етіледі; ойыншылардың 
қабылдаған шешімдері басқару объектісіне әсер етпейді; ойынға 
қатысушылардың 
іс-әрекеттерін 
бағалау 
жүйесі 
көбінесе
болмайды.
Ұйымдастырушылық-әрекетшілдік ойындар басқа ойындардан
өзінің ұзақ уақытқа созылатындығымен ерекшеленеді, мысалы: 
бірнеше күннен 2-3 аптаға дейін созылуы ықтимал. Ойынға
қатысушы ұжымда 50-70 адамға дейін болуы мүмкін. 
Ұйымдастырушылық-әрекетшілдік ойындарды өткізу тәжірибесі
ұжыммен ой қортындысын жасауды ұйымдастыру барысы
көбінесе (Г.П. Щедровцкийдің айтуы бойынша «ой қорытындысын
жасау әрекеттері») ойын тәртібінде тіпті шешімін табу мүмкін емес
деген көзқарастағы бірнеше ұжымдағы немесе мекемедегі күрделі 
кешенді мәселелердің шешімі табылып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет