Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет63/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   132
танымдылық үдерістерді өлшеуге бағыт-
талған
және
креативтілік интеллектке
байланысты ма, жоқ па 
деген сұрақпен байланысты болса, екінші бағыты креативті
санасында психологиялық ерекшеліктері бар тұлға ма, жоқ па деген 
сұрақпен айналысады, сонымен бірге, тұлғалық және мотива-
циялық сипатқа назар салуымен де сипатталады. 
Ғалымдар дәстүрлі интеллектуалды тестер арқылы тұлғаның 
интеллекті мен креативтілігін бейнелейтін алуан түрлі қабілеттерін 
өлшеу, сонымен бірге, арнайы айқындауыш тестер арқылы қарама-


145 
қайшылықтарға толы нәтижелерді алды. Креативтілік пен 
интеллект арасындағы байланысқан бұл мәселеге бір мәндегі
жауапты осы нәтижелер негізінде беру мүмкін емес. 
Егер тест бойынша креативтіліктің басқа қабілеттін өлшеу
тәсілі пайдаланылған болса, яғни зерттелінушілердің айналысатын
іс-әрекеттеріндегі шығармашылық жетістіктің деңгейі бойынша, 
онда креативтілікпен интеллектті бөлу туралы мәліметтердің
біртектес мәндегі нәтижелерді алған болар еді. Кейбір ғалымдар
креативтілікті дәстүрлі интеллектуалды тесттермен өлшенбейтін
интеллектің бір түрі деп қарастырады.
Креативтілікті тексерудің алғашқы тестін Дж.Гилфорд пен
оның әріптестері 50-жылдары жасаған. Бұл әдістемелер Оңтүстік 
Калифорниялық тест санатында әйгілі, олар ойлау үдерісінің бір
түрін ғана - дивергентті ойлау қабілетін, осылай Дж.Гилфорд
атаған, өлшеген. 14 тест үлгілері жасалған. Олардың алғашқы
10-ында зерттелінушілерге ауызша жауап беру талабы қойылған, 
ал, соңғы 4-еуінде таңдаған жауаптарының негізінде құрасты-
рылған. 
Гилфордтың тесті үлкендерге әрі жоғары сыныптың білім 
алушыларына арналған. Оларды стандарттау шамалы таңдаулар
арқылы жүзеге асқан, ал сенімділігі мен ауыспалылығы туралы
мәліметтер бір тестен екінші тестке дейін айтарлықтай өзгеріп
отырған, сондықтан қанағаттанарлықсыз. Психологтардың пікірі
бойынша, Гилфордтың шығармашылық қабілеттерді бағалайтын
бұл тестінің тиімсіздігінің себебі, тапсырманы орындаудағы
жылдамдықты бекітуінде және тұлғалық сипатын ескермеуінде. 
Сонымен қатар, олардағы тапсырмалар белгілі бір жауаптар
санын ұсынбайды, бұл олардың көрсеткіштерін объективті
есептеуге кедергі. Осы себепке байланысты дейді кейбір психо-
диагностиктер, креативтілік тестіне олардың орындалуын қатаң 
қадағалайтын білімі жетілдірілген мамандарды басшылыққа
қоюды ұсынады. 
Қазіргі уақытта көпшілікке танымал Е.П. Торренстің креатив-
тілік тестін кеңінен пайдаланады. Торренс шығармашылық
үдерістің кескіні ретінде тест тапсырмаларының құрамын жасау-
дағы мәселені жариялаған әрі оның мәні нәтижені емес, 
шығармашылық үдерісті көрсету болған, негізінде оның тесті
Гилфордтың Оңтүстік калифорниялық тестіне мазмұны жағынан
ұқсағанымен кейбір айырмашылықтары бар. 


146 
Торренс креативтілікті диагностикалауға арналған үш түрлі
әдістемелерді жасаған. 1966 жылы жасаған вербальды тесті 5 
жастан жоғары балаларға арналды. Оның құрамында 7 субтесттер
бар. Тест топқа арналған әрі оның екі паралельді А және Б түрлері
бар. Тест бойынша негізгі көрсеткіштер тапсырманы өңдеудегі
жылдамдығы, төзімділігі немесе ептілігі, бірегейлігі мен ұқыпты-
лығы көрсетілген. 
Бұл тест орыс тіліне аударылған, алайда сенімділікке әрі оның
түрленуін тексеру туралы мәліметтер жоқ, сонымен бірге, отандық 
таңдауларға стандарттау туралы мәліметтер де жоқ. Сондықтан, 
Торренстің вербальды тесті біздің елімізде тек зерттеу жұмыс-
тарында ғана пайдалануға болады. 
Торренстің фигуралы немесе кескінделген тесті 1966-шы
жылы пайда болды. Оның аудармасымен, бейімдеумен әрі қайта
стандартаумен айналысқан біздің еліміздегі зерттеуге пайдаланған
ғалымдар Н.Б.Шумакова, Е.Н.Щебланова, Н.П.Щербалар болды. 
Ол 5 жастан 18 жас аралығындағы балаларды зерттеуге арналған. 
Бұл тестте үш субтестер бар. Барлық тапсырмаларға жауаптар
сурет түрінде әрі оларға қол қою арқылы беріледі. 
1980-ші жылы Торренс тағы бір тесті жасаған, ол мектепке
дейінгі балалардың іс-әрекеттері мен қозғалыстарында байқалатын
креативтілікке арналған. Бұл тестің тапсырмасында балалардың
шығармашылық қабілеттерін кез-келген орында еркін қозғалыстар
жасау үдерістерінде көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл тесте сол төрт
түрлі креативтілік көрсеткіштері рәсімделеді, яғни бұлар
Торренстің басқа тестерінде де көрсетілген. 
Отандық психологияда креативтіліктің мәнін ашуға, шығарма-
шылық іс-әрекеттің механизмі мен шығармашылық қабілеттің 
табиғатын ашуға, түсінуге көп назар салуда. Ал, креативтілікті 
болжалдауға келетін болсақ, бұл бағыттағы жұмыстар жоқ. Тек
Д.Б.Богояленскаяның зерттеу жұмысын ғана айта аламыз. 
Д.Б.Богоявленская «интеллектуалды инициатива» деп аталатын
шығармашылық қабілетті өлшеудің бірлігін ұсынды. Ол оны
тұлғаның ойлау қабілеті мен мотивациялық құрылымын жинақтау
деп қарастырған. «Ол адамның ойлау үдерісінен тысқары
дүниелерді ойлауын талап ететін, оның қабылдайтын шешімінен
тыс шешімдерді жасауын талап ететін ойдың жалғасуындағы
іс-әректтері». Д.Б.Богоявленскаяның өз жорамалына сәйкес
креативті кеңістіктің әдісін ұсынды, оның негізінде зерттелінуші 
сырты ықпалдың әсерінсіз-ақ тапсырылған іс-әрекетті жүзеге 


147 
асырудан гөрі оған теориялық жалпылау әрі талдауға көшеді. 
Бұл әдістің аясында өзгеруге икемділікті тексерге арналған
бірнеше әдістер де қолданылды. Автор сыртқы межелерді табуда 
көп қиыншылықтарға тап болған. Шығармашылық жетістіктер 
сараптамалық бағалау әдісімен белгіленді, олардың бірқатар
кемшіліктері бар болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет