202
«Кәсіби әлеует» ұғымының жалпы құрылымы көп қырлы.
Бірінші жағынан
, педагогтың кәсіби әлеуеті қызметтің әрекеттік
жағдайы және педагогикалық қызметке бейімділік бағдарын өзіне
қатынасын құрайды.
Екінші жағынан
, педагогтың кәсіби әлеуеті – педагогтың
кәсіби қызметіне қатынасын бейнелейді. Бұл тек қана қабілеттің өзі
бар болса да, кәсіби міндеттердің сапалы орындалуы үшін аз
дегенді білдіреді.
Үшінші жағынан
, педагогтың кәсіби әлеуеті – оқу-тәрбиелік
стильмен педагогикалық қызмет мәнін дербес түсінумен
байланысты, педагогикалық мамандық талаптары деңгейін өз
еңбегін орындау мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі.
Төртінші жағынан
, педагогтың кәсіби әлеуеті – бұл қызмет
және ойлау тәсілі, білім, білік, дағдыны дайындау үдерісінде
алынған жүйе, алынған сапаларды жинақтайды.
Педагогтың кәсіби әлеуетінің жалпы құрылымдық көрсет-
кіштері зияткерлік, мотивациялық, коммуникативтік, мазмұндық,
іс-әрекеттік, шығармашылық болып табылады. Мәдени, гуманистік,
қызметтік көрсеткіштер кәсіби қызмет жүріп өтетін жалпы жағдай
ретінде қарастырылады.
Педагогтың кәсіби әлеует
ұғымына мағынасы жағынан жақын
педагогикалық кәсібилік
болып табылады, себебі ол педагогикалық
үдерістердің ағымын есептеуге қабілетті, олардың нәтижесін
алдын-ала көруге, сол арқылы нақты жағдайлар мен шарттарға
жүгінеді.
Кәсібилік
- адам өмірінің үлкен бөлігін қамтиды. Олай болса,
жоғары кәсіби және әлеуметтік мәртебесі бар, жағымды әлеуметтік
маңызға ие, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге және кәсіби
жетістіктерге бағдарланған кәсіби әлеуеті қалыптасқан маман ең
бірінші, ұстаз кәсібилігіне, шеберлігіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: