39
бола алады. Тірі организм биологияның,
химияның, физиканың
және кибернетиканың да заты бола алады.
Ғылыми зерттеу институттары жүйесінде, жоғарғы оқу
орындарында, кітапханада және т.б. құрылуына байланысты ғылым
әр түрлі түрлерге жіктеледі.
Ғылыми зерттеулер мына түрлерге жіктеледі:
1) қоғамдық өндіріске байланысы жағынан
2) қаржыландыру көздеріне байланысты
3) мақсатына байланысты
4) халық шаруашылығына қажеттілігіне байланысты
5) зерттеу ұзақтығына байланысты
Ғылыми зерттеудің мақсатына байланысты 3 түрге бөлінеді:
1) бастамалы; 2) қолданбалы; 3) өндірулер
Бастамалы зертеулер
табиғаттың
жаңа заңдары мен
принциптерінің пайда болуына негізделеді. Олардың мақсаты
қоғамның ғылыми білімінің артуына себепші болу. Мұндай
зерттеулер белгілі және белгісіздік шекарасында жүргізіледі.
Қолданбалы зерттеулер
табиғат заңдарының жаңа тәсілдерін
анықтаумен және салаларда қолданысымен байланысты.
Мақсаты
– адам кәсібінде практикасында бастамалы зерттеулер нәтижесінде
ғылыми білімнің қолданылуы. Қолданбалы зерттеулер нәтижесінде
ғылыми түсінік негізінде техникалық түсінік пайда болады.
Қолданбалы зерттеулер өз кезегінде 3 түрге жіктеледі
:
1) іздеу
2) ғылыми зерттеу
3) жобалы-құрастырушылық жұмыстар
Іздеу жұмыстары объектіге әсер ететін факторларды
қалыптастыруға, жаңа технология мен техниканың пайда болуына
бағытталған. Ғылыми-зерттеу жұмыстары жаңа технология, зерттеу
құрал-жабдықтарын
қалыптастыру
мақсатында
жүргізіледі.
Жобалы-құрастырушылық
жұмыстар
логикалық
жобаны
сипаттайтын құрастырулардың пайда болуын қадағалайды.
Өндірулер.
Қолданбалы
және
бастамалы
зерттеулер
нәтижесінде жаңа ғылыми және
ғылыми-техникалық ақпарат
қалыптасады. Мұндай ақпаратты өндірісте пайдалануға бағыт-
талған мақсатты үрдіс өндірулер деп аталады. Бұл - жаңа техника,
материал, технология немесе олардың дамуына бағытталады.
Өндірулердің соңғы мақсаты қолданбалы зерттеу материал-
дарының өндіріске енуін қадағалау.
40
Үздіксіз кәсіби білім берудің интегративті ашық дамушы
жүйесі, қазіргі жағдайда білім беру саласында ғана емес, сонымен
бірге қоғам өмірінің көптеген басқа да салаларында сұранысқа ие
болатын, арнайы бейінді,
психологиялық-педагогикалық, жалпы
мамандарды даярлаудың бірегей феномені болып табылады.
Жоғары оқу орынындағы білімгердің меңгеретін жүйелі
психологиялық-педагогикалық білімінің пәндік және қайта құрушы
күші болады, ол белгілі бір жағдайда оны меңгерген маманның
«даралық жетілуінің ішкі механизмдерін, тұлғалық және кәсіби
өзін-өзі жүзеге асырудың әлеуетін ашуды қосады».
Алайда, тәжірибе көрсеткендей, бұл жоғары білім беру
жүйесінің басымдылығы, қазіргі кезде әрдайым және толыққанды
дәрежеде қолданыла бермейді.
Білім беру
саласындағы мамандардың сапасы, оның кәсіби-
педагогикалық іс-әрекеттің функцияларын тиімді орындау
қабілетін сипаттап қана қоймайды (білімгерлерді оқыту, тәрбиелеу
және дамытумен байланысты типтік және стандартты емес
мәселелер мен міндеттерді шешу), сонымен бірге іс-әрекеттің алуан
түрлерінде кәсібиліктің шыңдарына жетудің маңызды факторы
ретінде өзінің даралығының белсенді «құраушысын» сипаттайды.
Педагогтың зерттеу әрекетіне даярлығын қалыптастыруда
ғылыми-зерттеу жұмысының маңызы ерекше. ХХ ғасырдың екінші
жартысында педагогикалық білім берудің жалпы теориясы
көлемінде педагогтың ғылыми-зерттеу жұмысына даярлау мәселесі
көкейкесті мәселеге айналды.
«Ғылыми-зерттеу жұмысы», «іс-әрекет шығармашылығы»,
«жаңашылдық» ұғымдары бір-бірімен тікелей байланысты: іс-
әрекет шығармашылығы арқасында ғылыми-зерттеу жұмысы
туады, ал жүйелі жүргізілген кез-келген ғылыми-зерттеу жұмысы
нәтижесінде «ғылыми болжам» туындап,
жаңалық ашуға жол
ашылады, яғни мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру
мүмкіндігі кеңейеді. Философиялық әдебиеттерде кез-келген іс-
әрекеттің инвариантты циклі төмендегідей жалпылама нобайда
беріледі: мақсат – құрал – нәтиже.
Болашақ мамандарды ғылыми-зерттеу жұмысына даярлау
жоғары оқу орны қабырғасынан бастау алуға тиіс. Болашақ
маманның жоғары оқу орнында алған білімі, біліктілігі, тәжірибесі
болашақта кәсіби шыңдалуына үлкен әсерін тигізеді.
Ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмысында болашақ маманның
кәсіби іс-әрекетінің интеграцияланған көрсеткіштерін ұсынады:
41
педагогикалық іс-әрекет қажеттілігі мен сұранысының мазмұны;
мамандықтың маңызы туралы білім деңгейі мен мұғалімнің кәсіби
рөлі, педагогикалық мәселелерді шешу деңгейі және т. б.
ХХ ғасырдың соңындағы көптеген педагогикалық зерттеулер
болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау мәселесіне арналады.
М.И.Дьяченко, Л.А.Кандыбович, В.А.Пономаренко және т.б.
ғалымдар «Даярлау - қандай да бір іс-әрекетті нәтижелі
орындаудың
алғышарты, іргетасы» деген анықтаманы береді.
Сондай-ақ, ғалымдар мамандарды кәсіби іс-әрекетке даярлаудың
құрылымын көрсетеді: мотивациялық, бағыттылық, операциялық,
жігерлік, бағалау және т.б. Авторлар психологиялық даярлаудың
құрылымын, жолдарын тереңірек зерттейді.
Педагог ғалым Б.А.Оспанова «Теория и технология
формирования креативности будущего специалиста» атты ғылыми
еңбегінде ғылыми зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін
ашады, зерттеу пәніне қатысты
жан-жақты бағыттылықты
негіздейді: тұлға-субъектілік, кәсіби іс-әрекеттілік, диалогтік-
конструктивтік,
өзін-өзі
реттеушілік
және
т.б.;
тәрбие,
әлеуметтендіру, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі
өзектендіру үрдісінің өзара байланысын ашып, логикалық
иерархиясын түзейді; тұлғаның өзін-өзі өзектендіру идеясының
ізгілік әлеуетін ашады, тұлғаның әлеуетін жетілдірудің жалпы
әлеуметтік
шарттарын анықтайды; болашақ мұғалімді өзін-өзі
кәсіби өзектендіруге даярлауды қалыптастыру моделін ұсынады.
Тәуелсіздік алған уақыттан бастап Қазақстан Республикасы
Президенті
Н.А.Назарбаев
өзінің
Қазақстан
халқына
Жолдауларында, дәрістерінде идеологияның маңызды үлгілерін
жүйелі түрде ұсынып отырды. Қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың
стратегиялық бағыты – интеллектуалдық ұлт қалыптастыру.
Сондықтан,
Достарыңызбен бөлісу: