Тыныс, тыныстау
Сөйлеу техникасында тыныс, тыныстау ағзаның физиоло-
гиялық өмір сүруінің функциясын жүзеге асырумен бірге сөйлеудің
энергиялық базасы да бола алады. Мұғалім сабақ үстінде
материалды ұзақ баяндаса, не ұзақ лекция оқыса, тыныс алуға
жаттықпаса, мұғалімнің шаршағаны бет-пішінінен бірден біліне
бастайды. Бет-пішіні қызарып тынысы тарылып, ентіге бастайды.
Осыдан мұғалімнің сөйлеу мәнері бұзылып, тыныс алуды қажет
етеді.
Бұлшық еттің қатысуына байланысты тыныс алу, демалу
техникасының төрт түрі бар: 1.Жоғарғы тыныс алу - бұлшық ет
арқылы орындалады. 2. Иығы көтеріліп сонан соң төмен басылады.
3. Кеуде клеткасының алдыңғы жағы жоғары көтеріледі. 4. Өкпенің
жоғарғы жағы белсенді қызмет атқарады.
108
Кеуде тынысы
- қабырға бұлшықеттері арқылы жүзеге
асырылады. Кеуде клетка тынысы өзгереді, тыныс жолы
жіңішкереді.
Диафрагмалық тыныс
- кеуде тынысының ұзыннан бойлай
тыныстау арқылы жүзеге асады. Тыныс азаяды.
Қабырғалық демалу
- қабырға арқылы тыныс жолдарының,
бұлшықеттерінің
созылуы
арқылы
жүзеге
асырылады,
бұл тыныстау сөйлеу тілінде дұрыс пайдалануға ыңғайлы келеді.
Сөйлеу тіліне қатысты демалу, тыныстау ауыз, мұрын арқылы
жүзеге асырылады.
Тыныс алу
- дем шығару пауза осы тәртіппен жүзеге
асырылады.
Сөйлеу тынысты, ауаны сыртқа шығаруға байланысты жүзеге
асырылады.
Қабырғалық бұлшық еттің жұмыс істеуі - дем алыстың жүзеге
асырылуына байланысты. Мысалы, жатып демді мұрын арқылы
ішке тартса, өкпенің төменгі жағына ауа толады. Осылай жаттығу
арқылы ауаның өкпенің төменгі жағына толатындығын ескеру
қажет (практикалық сабақта осыған жаттығу керек).
Дем тарту, дем шығару, тыныс алу сөйлегенде үлкен көлемді
ауа қажет етеді. Оны экономикалық түрде шығарып, экономикалық
жолмен пайдаланған жөн. Әуелі ауаны ішке тартады, сосын пауза
жасайды, содан кейін сыртқа шығарады.
Қабырғалы демалу үшін, арнаулы жаттығулар жүргізу керек.
Шалқаңнан жатып, ауаны мұрынмен тартсаң, өкпенің төменгі жағы
кішірейеді, ал түрегеп тұрып, мұрынмен дем алу, қабырға арқылы
жүзеге асады.
Дауыс, дикция
Адам дауысы өзінің табиғатынан алуан түрлі болады. Жақсы
дауыс жаттығу арқылы тез қалыпқа келеді. Әрбір адам өз даусын
басқарып, жоғары, төмен бір қалыпқа келтіріп айта алады.
Дауыс аппараты үш бөліктен түрады: генераторлық,
энергетикалық, резонаторлық.
Дауыстың генераторлық функциясы
- ауыздың ашылуы,
жабылуы арқылы тоналды, дабырлы дыбыстар шығады.
Дауыстың энергетикалық функциясы
- сырттан ішке ауа
тартады.
Дауыстың резонаторлық функциясы
-
дыбысты ішке тарту,
одан шығарғанда көмей арқылы шығару.
109
Дауыстың күшті шығуы - сөйлеу мүшелерінің, дыбыстың
күшіне байланысты. Дауысты қалаған жерге жеткізу - дауыс
кернеуі арқылы орындалады. Дауыстың жай және қозғалмалы түрі
болады. Оны төменгі диапазонмен айтуға болады.
Дауыс тембрі
- дауысты түрлендіреді. Ол мүмкін жұмсақ -
майда адамның жеке ерекшелік сипатын байқатады. Адамда
қосымша болатын дауыс тоны адамның резонаторлық дауыс
құбылысын сипаттайды.
Дауысты тәртіпке келтіру үшін жаттықтырып тәрбиелеу керек.
Соның нәтижесі дауыс тоны өзгеріп, білім алушыға ұнамды болады.
Дауысты дұрыс сақтай білу үшін оған гигиеналық талап қажет.
Дауыс қарлықпай, біркелкі сақталуы үшін әрбір 2-3 сағат сайын
көлемді мерзімді дем алу, тыныстау, нервтік жүйені бір қалыпта
ұстау керек. Аса ыстық, аса суық тағамдардан сақтану, ішімдіктен,
темекіден сақтану керек. Оның бәрі гигиеналық режиммен
пайдалануы керек. Дауысты, тыныс жолдарын шаң-тозаңнан,
суыққа бірден шығудан сақтандыру керек.
Дикция.
Буын, сөз, дыбыстарды дұрыс айту - мұғалімнің дұрыс
дикциясына байланысты. Егер мұғалімнің дикциясы дұрыс болса,
білім алушы оның сөзін дұрыс, ықыласпен тыңдайды.
Дикция дұрыс болу үшін ерін, езу, тіс, көмекей, жақ, таңдай
сияқты сөйлеу аппараттары дұрыс жұмыс істеуі керек. Ол үшін
мектепте, жоғары оқу орындарында, үйде жаттығу жұмыстарын
көп жүргізу керек. Ондай жаттығулар - дыбыстардың айтылу
артикуляцияларын жаттықтыру, мәнерлеп оқуды жүзеге асыру,
дауысты, дауыссыз дабыстардың айтылу, қолдану дағдыларына
жаттықтыру керек. Айтылған сөйлеу мәнері білім алушының
талаптарына үйлессе, мұғалім мен білім алушы арасы
жақындастыра түседі. Мұғалімнің бағыттылығы өзінің монологтық
сөзін іштей диалог ретінде құрады. Сондықтанда мұғалім сөзі білім
алушыға бірден әсер етеді. Оларды бірлесіп жұмыс істеуге
шақырады. Мұғалім сөзі білім алушыға екі канал арқылы беріледі:
дыбыс, визуалдық (келбет-пішін, қозғалыс, эмоция түрінде) түрде
беріледі. Мұғалімнің ешбір қағаз деректерге сүйенбей тез арада
шығармашылық кейіпте білім алушы алдында сөз тауып айтып әсер
ете білуі, білім алушы үшін таңданып үлгі аларлық әсерде болады.
Осы сияқты мұғалімнің сөйлеу ерекшелігіндегі
-
сөз моделін жасау,
сөз тонын сақтау сияқты қасиеттері, мұғалімнің сөз өнері
шеберлігін көрсетеді. Сонымен бірге мұғалім мен білім алушы
арасындағы сөз өнері арқылы жасалған қатынасты білім
110
алушылардың адамгершілік тәжірибесін байыта түскендігінің
айғағы. Келешек мұғалімдердің сөйлеу тілін дамыту жолдары:
Дұрыс әдеби тілмен сөйлеуге дағдылану. Өзінің сөйлеу тілінің
дамуына бақылау, басшылық жасау, қарым-қатынасы ситуация-
ларында бағдар таба білу. Сөз қолдану, сөз буындарын дұрыс айта
білу, сөздіктерді пайданалу, жаңа сөздерді қолдана білу сияқты
міндеттерді жүзеге асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |