22
үдерісті оңтайландырудың маңызды бағдары болатын кәсібиліктің
біртұтас және құрылымдық стандарттарын сипаттауға мүмкіндік
береді.
Міндеттердің
алтыншы тобы
, тұлғаның ілгері дамуының және
бірінші кезекте кәсібиліктің өзіндік акмеологиялық технология-
ларын құруға бағытталған.
Міндеттердің
жетінші тобы
, нақты қолданбалы акмеоло-
гиялық зерттеулерге бағдарланған, бұл өз кезегінде ғылымды
саралауға, оның ғылыми бағыттарының қалыптасуына деген табиғи
үдерістерді бекітеді.
Акмеологияның ғылым ретінде дамуына байланысты, дамудың
келесі сатысы анықталады және жаңа міндеттер туындайды.
Біріншіден
, тарихи-философиялық тұғырдан нақты АКМЕ-
нәтижеге жетуді мағыналау, тарихи сатыларда адамның іс-
әрекетіндегі өткеннің АКМЕ-элементтерін айқындау, оларды
болашаққа ендіру және тереңдетілген акмеологиялық білімнің
әдіснамасын құру.
Екіншіден
, акмеологияның нақты бағыттарын дамыту –
саясаттану, экономикалық, басқарушы, педагогикалық және
басқалар, онда тек жеке адамның аса жоғары нәтижеге жету
мәселесі өзекті болмайды, сонымен бірге оның алуан түрлі
жүйелерде – саясат, экономикалық, әлеуметтік-мәдени салаларда
аса жоғары нәтижеге жетуі өзекті болып саналады.
Соның салдарынан акмеологияның ғылым ретіндегі пәндік
өрісі кеңейді, «адам-адам», «адам-қоғам» және «адам-табиғат»
жүйелеріндегі категориялық-ұғымдық аппаратты нақтылаудың
қажеттілігі пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: