бет 3/4 Дата 07.01.2022 өлшемі 27,07 Kb. #19344
Байланысты:
Семинар Ойын технологиясын жіктеу. Жіктеудің бірнеше түрі бар. Біз дидактикалық ойындарды жіктеуді қарастырайық.
Дидактикалық ойындардың жүргізуге қойылатын талаптар:
Ойын тақырыбының сабақтың мақсаты мен тақырыбына сәйкес келуі.
Ойынның мақсаты мен бағыттылығының нақтылығы мен анықталғандығы.
Ойын нәтижесінің қатысушылар мен ұйымдастырушылар үшін маңыздылығы.
Ойын мазмұнының шешілетін мәселенің сипатымен сәйкес келуі
Ойында қолданылатын әрекеттердің түрлері,күрделілік сипаты бойынша күшті болуы.
Ойынға қатысушының ойы мен пікірінің қол жетімділігі және түсініктілігі.
Ойынның стиумдық сипаты.
Ойын ережелерін шектеулерінің нақтылығы мен біртектілігі.
Оқушының ойын іс-әрекетінің нәтижесін реттеу мен бағалаудың ортақ тәсілдері.
Ойын барысы мен нәтижесін реттеу мен бағалаудың ортақ тәсілдері.
Қарым-қатынастың жағымды психологиялық климаты.
Жекелік белсенділік пен шығармашылық үшін кеңістік.
Ойын қатысушыларының арасындағы жарысқа деген белсенділік элементінің міндетті болуы.
Жаттығу сабақтары сабақ уақытында және сабақтан тыс уақытта жүргізіледі. Бұл түрлі сұрақтар , сөз жұмбақтар , ребус, чайнворд, бас қатырғыштар , жұмбақтар және тағы басқа.
Саяхат ойындары. Бұл ойындарды сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізуге болады. Ойында оқушылардың белсенді болуы-ауызша әңгімелеуден , сұрақ – жауаптардан, олардың жеке пікірлері мен ойлары арқылы көрініс береді.
Сюжеттік (рөлдік) ойын. Ойын жаттығулары мен ойын - саяхаттан белгілі -бір жағдайды сипаттап , баяндап беруімен , қатысушылардың белгілі -бір рөлге енуімен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: