Зерттеудің мақсаты. Балада ойын әрекеті және оның түрлерін зерттеу.
Зерттеудің міндеті: Баланың негізгі іс-әрекеті – ойын.
— Таным процестерін дамытатын ойын түрлері;
— Ойынның ерекшелігі;
— Ойынның психологиялық даму теориясы;
— Балалардың психикалық дамуына ойынның ықпалын зерттеу;
— Балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту;
— балалардың ойын арқылы сөйлеудің функциясын дамыту;
— Балаларда ойынның психологиялық педагогикалық негіздері;
Зерттеудің теориялық қолданымы. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті. Ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық жөнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әпбір адам ойнап өседі.
Зерттеудің практикалық қолданымы. Ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең. Жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей бла ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді.
І Тарау Баланың негізгі іс-әрекеті – ойын
1.1. Таным процестерін дамытатын ойын түрлері
Баланың өмірге кадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.
Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендерің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі максаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат – мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.
Ойны мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.
Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог-ғалымдар «жақсы ойын-жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын-жаман жұмыс сияқты» деп қарап, бұлардың арасындаайырма шамалы деген тұйін жасайды. Өйткен», әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайратжұмсауды керек етеді. Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмағанойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да, жақсы жұмыста көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың ұқсастығы байқалады. Баланың ойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені айқын.
Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада:олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ одан ойын екенін білмейді деген тусінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр. Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым жасалады:
Ойын-тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді.
ә) Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілтіреді.
б) Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
в) Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады.
г) Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
д) Дене күшінің жетілуіне көмектеседі.
Демек, ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.
Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы танам-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Ойын үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарды тек балаларымыз ды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасуы құралы деп те ерекше бағаланған. Қазір бізге жеткен ұлт-ойындарымыз: тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары. Қазақтың көне жыр-дастандарында ұлттық ойындар – балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді. Мәселен, «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын» сияқты эпостық жырларда елін сүйген батырлардың, жұртшылық сүйіспеншілігіне бөленген ер-жігіттердің ең алдыменұлттық ойындарда сайысқа түсіп, одан кейін көп кісі қатысқан ойын-сауықтарда өздерінің мергендік, палуандық, шабандоздық шеберліктерін көрсеткендіктері айтылады. «Домбырамен күй шерту», «Аттың құлағында ойнау», «Аударыспақ», «Күлкі ойыны», «Балалар ойыны», Ақ сүйек», «Тоғыз құмалақ», «Жұмбақ айтыс», «Асық ойнау» өте ерте заманда пайда болған. Мұның өзі біздің ата-бабаларымыздың ұлттық ойыдарының ғасырлар бойы өмәр сүргендінін айқын көрсетеді. Балалардың жиі ойнайтыны «Ақ сүйек» ойыны байқағыштыққа, қырағылыққа, батылдыққа. Ептілікке, шапшаңдыққа баулиды. Баланың ақыл-ойын дамытатын тәжірибелік маңызы зор тағы бір ойынның түрін – «он бір қара жұмбақ» деп атайды. Оның басты ерекшелігі есеп сұратарын қою арқылы баланың ойлау қабілетін дамытады. Бөбектерді тәрбиелеуде де ұлттық ойындардың берері мол. «Санамақ», «Жылдам айт», және тағы басқа тартымды ойындарды үйрету, тіл өнеріне негіз салады деп есептеліген. Балалар негізінен ойын үстінде бір-бірімен тез тіл табысады. Ойынына қарап бала психологиясын аңғаруға болады. Бес саусақ бірдей емес дегендей, әр отбасынан шыққан балалардың мінез-құлқы бірдей емес.
Балалар ойынында кейде өлең-тақпақтар жиі кездеседі. Ол өлең-тақпақтардың негізгі мақсаты тапқырлыққа, шындыққа, ептілікке баулу, шапшаңдыққа, қиялына қанат беріп, ойын ұштау, өз бетімен іскерлікке, қысылған жерде дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу. Бұған қоса кз-келген ойынның аяғында жеңу бар да, жеңілу бар. Жеңгендер әрі қарай өз билігінде қалуға тырысса, жеңілгендер айып тартады. Ол көбінесе тақпақ айту, ән салу, би билеу түрінде болады. Бұдан қай ойынның да түпкі нысанасы балалардың бойында өнердің нұрын себу, өлең, тақпақ айтуға төселдіру екенін аңғару қиын емес.
Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа, ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді. Тапқыр да, алғыр, шымыр да, епті, қайратты да, қажырлы бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Демек, ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Балаларға ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір сәт те естен шығармағандары абзал. Өйткені жас өндір ойнай да, ойлай білсін!
Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
|