Ойын мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті негізгі ұғымдар



бет5/6
Дата05.05.2023
өлшемі65,42 Kb.
#90579
1   2   3   4   5   6
ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТШ ДАМЫТУҒА
АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
Қуыршақтың туған күні
Сіз балаға жақын арада Катя есімді қуыршақтың туған күні екендігін айтып, оны құттықтау үшін қонақтар келетінін хабарлайсыз. Ал қонақтардың есімдерін сіз оған кейінірек айтуыңыз керек. Сіз төрт-бес ойыншық алып (қуыршақтар, қояндар, қонжықтар жэне т.б.), балаға олардың есімдерін атап шығасыз. Сосын қонақтардың барлығы үстел басына отырып шәй ішуге кіріседі. Бала қонақтардың эрқайсысының аттарын айтып шәй ұсынады. Ойынды қуыршаққа әртүрлі қонақтарды шақырып және оларды әртүрлі есімдермен атап түрлендіруге болады. Бара-бара қонақтардың саны алты-жетіге дейін көбейеді. 
Суреттерді есіңе сақтап ал.
Бұл ойып ушін алдын ала 10-12 сурет дайындау қажет. Әр суретте бір заттың сурсті болу керек. Ойынды бірнеше балалардың арасындағы жарыс түрінде огкізуге немесе баламен өзіңіз жарыссаңыз болады — кім көбірек суретті ссіне сақтап қалар екен. Ойыншылар суреттерді екі-үш минут ішінде мұқият қарап шыққан соң, суреттер алып тасталынады. Содан кейін барлығы сстеріне сақтап суреттерді атай бастайды. Кезекпен бір суреттен атауға болады. Соңында басқалары әлі атамаған суретті кім атаса, сол жеңіп шыққан болып саналады.
Бір-бірінің айтқанын қайталау.
Бұл ойынды бір немесе бірнеше баламен ойнауға болады. Бірінші ойыншы кез-келген сөзді айтады, екіншісі соны қайталайды да, оған өзінің ойындағы бір сөзді қосып айтады. Сөйтіп, әр ойыншы естіген сөздерді қайталап, оған өз сөзін қоса береді. Қателескен ойыншы ойыннан шығады.
1.2. Ойынның ерекшелігі
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті. Ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық жөнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әпбір адам ойнап өседі. Ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең. Жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей бла ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуынаәсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі және тағы да басқы. Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат және қанағат сезіміне бөлейтініс-әрекеті. Балалар тұрмақ, үлкен адмдарда әлікүнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері өте көп. Балалар ойынына талдау жасайтын болсақ, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және жеке дере ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизациялық, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық дамытушы ойлардың түрлері бар.әрқайсысынаң өзінің өзіндік міні бар, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, дамытушылық функциялары бар. Оның әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ, сөжеттік рөлді ойындар ойыннық алғашқы танымы десек, артық болмас.
Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшінеңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса да, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскенсоң жұмыстада көп жағынан сондай болады.сондықтан келешек қайраткердітәрбиелеу алдымен ойында басталады.». Мысалы, сюжеттік — рөлдік ойындар.
Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді – адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жадайға ойынның өздері ойлағантүпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.
Ойын іс-әрекетінің тағы да бір ерекшелігі – оның әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін білдіреді.
Балалар ойынының ерекшелігі сондай-ақ бейненің, ойын әрекеті мен ұштасуымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес, шын мәні. Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс-әрекетімен, сезімімен тыныстайды. Кейде бейненің баланы баурап әкететіні соншалық, ол тіпті өзін әдеттегідей шақырғанға жауап та қатпайды.
Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Ойындағы қиялға қатысушылармен әңгімелеседі және тағы да басқа. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады.
Ойын процесінде сөйлесу үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арсында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған ортаның қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеді.
Бейненің, ойын әрекеті мен сөздің өзара байланысы ойын қызметінің өзегі болып табылады, шындықты бейнелеудің құралы қызметін атқарды.
Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті; сюжеті немесе мазмұны; ойын әрекеттері, рөлдер; ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережелері. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс-әрекеті ретінде көрсетеді.
Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мәселен: «дүкен», «аурухана», «әскер», «қызы мен шешесі», «мектеп» және тағы сол сияқты болып ойнау. Ло сөзде тұжырымдалынып, ойын әрекеттерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және ойынның өзегі болып табылады.
Ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды азды-көпті мынадай типтік топтарға бөлуге болады:
а) Тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар («отбасы», «мектеп», «балабақша» және тағы басқа болып ойнай);
б) жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар ( корабль салу, үйлер, стадиондар тұрғызу және тағы басқа)
в) қоғымдық оқиғаларды, дәстүрлерді бейнелейтін ойындар ( мерекелер, демонстрациялар. Қонақтарды қарсы алу, саяхатар және тағы басқа).
Ойындарды бұлай бөлу, әрине, шартты ғана, өйткені ойын өмірдің алуан түрлі құбылыстарын бейнелеуді қамтуы мүмкін.
Ойынның сюжеті, мазмұны – бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын….. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады.
Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні – бала атқаратын рөл. Ойын процесінде рөлге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рөлді-сюжетті ойындар деп аталады. Рөл әрқашан адамға немесе жануарға, ол қиялдағы қулықтарға, іс-әрекеттерге, қарым-қатынастарға қатысты болады. Солардың бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нәрсеге айналады, яғни белгілі бір рөлді ойнайды.
Ойын процесінде балалардың өздері (ал кейбір ойындарды – ересектер) ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасымен анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын баяндыетеді және қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынастардыңодан арғы дамуын, күрделене түсуін анықтайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.
Ойынның осы құрылымдық элементтерінің бәрі типтік болып табылады, бірақ олардыңәлі маңызы бар және әртүрлі ойыдар ішінде көпшілік ара-қатынаста болады. Әрине ойынның түріне сипаттама беруге болады, ойындардың өзіндік , тәрбиелік, дамытушылық мәні болады.
Дидактикалық ойындарды мұғалім сабақта пайдаланып, оқыту мақсатын шешеді, ойындардың бірнешеуін ұсынады:
«Қай сөзді жоғалттым?». Бұл сыныпта сөз және сөйлем тақырыптарынан жүргізіледі.
……еріді….жылынды. Гүл ……. Бұл………. кезде жүргізіледі.
Жоғарыдағы тәрізді таблицаларды қойып немесе карточка түрінде оқушылардың алдарына үлестіріп беріп отырады. Ішіндегі жоғалтылған сөздерді тауып, сөйлемдегі сөздердің дұрыс қойғанын, оқушылардың назарын аудару керек.
Математикада қолданылатын математикалық ойындар лайық келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет