28-тақырып Орташа және қашықтықьан лақтыруды басында бір
нүктеден бастау керек.Әр жаттыда 5-10 рет қайталау керек.Жаза
ретінде лақтыру бөлек үйретіледі.Бұл әректті ойын ережесі
бойынша орындалу тәртібімен үйрету керек.
Айып сызығын баспай бастапқы қалыпта тұрып көздеу.
Дәл алдагыдай,тек бастапқы қалыптан бұрын допты алаңға 2-3 рет
ұрып алу керек.Бұл үйретушінің жинақтауға,дәл көздеуге
дауындауға көмектеседі.
Дәл алдағыдай,тек лақтырмай тұрып дем тартып,яғни ішке ауа
жинап,оны шыгарып,демалмай тұрғанда лақтырады.
Допты алып жүру.Басында допты жай ұрып жүріп басқаруды
үйретеді.Алғашқы жаттығулар секіріп жүрген допты дұрыс
жүргізуге бағытталады.
1.Ойыншы 1-ші орында тұрып допты жерге ұрып,оны дұрыс
тосуды үйретеді.
2.Допты бір қолмен,екі қолмен кезек-кезек ұрып
үйренеді.Үйренуші допты дұрыс ұруды үйренген соң,допты тік
және ирелектеп алып жүруді үйренуге көшеді.
а)Сапқа тұрып белгілі жерге дейін допты жүгірте отырып барып
келу.
ә)Оң мен сол жақтарда орналасқан кедергілерді айналып өту.
б)Допты тоса сала жүгіру.
в)Секіріп жүріп допты жүргізу.
Қорғаныс техникасы.
Үйренушілер доп қолдарында болғанда әдістерді орындағылары
келеді,ол допты иелену қиын болғандықтан,олар оны
қаламайды.Қорғаныс тәсілдері төмендегідей реттеп
үйретіледі:қағып алу,жұлып алу,лақтырғанда жауып алу,қағып
алып кету,секірудегі күрес.
29-тақырып Қағып алу.Бірінші орында тұрған ойыншының қағып
алуға үйретеді,кейін қимылдағы немесе секіріп жатқан ойыншы
қағып алуға үйретеді.
Жұлып алу.Үйрету дұрыс қағып алудан басталады.Үйретуші
түсіндірген соң ойыншылар бір-біріне қарап тұрады.Үйретушінің
бұйрығымен қорғаушылар добы бар ойыншыдан дұрыс қағып алу
керек.Келесіде добы бар ойыншы допты беруге тырысады,қағып
алуға өте қолайлы кезең таңдап,шапшаң қимылдау керек.
Лақтырғанда жауып алу.Лақтыру кезіндегі жаттығулармен қатар
үйретіледі.Алғашында өте жай үйретіледі,барлығы елестетіліп
жасалады.
Қағып алып кету.Алғашында допты қолдан қолға беру кезінде
қағып алып кету,кейін допты жүргізгенде қағып алып кету
үйретіледі.Үйренушінің басты міндеті қағып алып кетуге қолайлы
мезет табу және қате жібермеу болып табылады.
Қорғаныс тактикасы
Команданың қорғану әрекеттері үйренуге қиындау келеді.
Жеке әрекеттер. Қорғанудың сәтті нәтижесі жеке әрекеттердің
сәттілігінен байланысты.Әр ойыншының төмендегідей қасиеттері
болу керек:әрекет жылдамдығы,іс барысын алдын ала қғыну,әр
қашан қандаыда болса әрекет жасауға дайын болу,санай білу,бүкіл
алаңды көре білу,бір әрекеттен екіншісіне көше білу.
1.Жұппен сапқа тұру.Шабуылшы бір сызықты қарсы сызыққа қарай
допты жүргізеді,қорғаушы допты иеленуге тырысады.
2.Жұппен сапқа тұру.Шабуылшы допсыз бір сызықтан қарсы
сызыққа өтуге тырысады,қорғаушы жол бермейді.
3.Жұппен сапқа тұру.Шабуылшы доппен кәрзенкеге бет
бұрады.Қорғаушы кедергі болады.
Топтпса әрекеттесу.Шабуыл үшін қолданылатын барлық
әрекеттестіретін жаттығулар қайта қосылу үшін,сақтандыру
меңгеру үшін де қолданылады.Ойыншылар шабуылшыларының да
әрекеттеріне қарсы тұруға тырысады. Жаттығулар үш қтысушы,екі
қорғаушы бір шабуылшы болады.Шабуылшы допты қарсы сызыққа
отпекші болды.Жақындағы қорғаушы оған белсенді түрде
қарсылық жасайды,ол екінші қорғаушы оны сақтандырып тұрады.
30-тақырып Командалық әрекеттестік.Басында байытылған
қорғанудың жүйесі үйретіледі.Үйрету жеке қорғанудың жүйесінен
басталады,кейін зоналық,прессинг,зоналық прессинг көп уақыт
қыжет етеді,бірінші жатығулар командаға қорғану әрекеттерін тез
ұйымдастыруды қорғайтын орындарын тез табабілуді үйрету
керек.Егер қорғану кәрзенке маңында болса,команда оз қалқанына
ұайтып келуі керек.Әр ойыншы өз кәрзенкесіне жақындаған
қарсыласына тоқтатуға тырысу керек.Қалай қайта қосу
керектігін,сақтандыру керек,т.б айқын түсіндіру керек.
Жеке қорқау. Дайындық кезінде келесі нәрселерге,кезеңдерге көңіл
бөлу керек.Қорғайтын жеріне уақытында оралу керек,орнын
алу:егер бір ойыншы басқалардан бұрын келсе,қарсыласымен
күресе түсуі керек.Егер жеке күреске түссе және жеңілсе,оның
қатесін түзеу мүмкіндігі болмайды.
Зоналық қорғау.Басты міндет-ойда болғандай өз жерінде
уақытында жету және орнына тұру.Ойыншыларға лаңға дұрыс
ауысуды және қарсы әрекетте бклсемділікті үйрету керек орынды
томендегідей жаттығыларда көрсете аламыз:Алаңда әр кім өз
орнын алады.Зонаға қарсы үштен көп ойыншы шабуылдайды.Олар
допты бір-біріне беріп отырыды.Зонадағы ойыншыларға допқа
қарай орын ауыстыры білу керек.Үлгі жаттығулары:
1)Алаңның бірінші жартысында кәрсенкеге лақтырусыз дайындық
ойыны жүргізіледі.Үйретушінің бұйрығымен шабуыл басталу
керек.Келесі команда қайтып келіп белгіленген орынға тұру керек.
2)Ойын үш команда арасында өтеді.Екеуі қорғауға тұрады.Үшінші
кәрзенкенін біреуіне шабуылдайды.Егер олар допты
жоғалтса,қарсы команда қарсыдағы кәрзенкеге шабуылдайды,ол
дрты жоғалтқан команда қорғауға тұрады.Жаттығу қорғауға
бағытталған уақыттылы орын алуды үйретеді және белсенді
әрекетке дайындалуға мүмкіндік береді.
31-тақырып
Баскетбол оқу – жаттығу сабағында оқушылардың
дене дайындығын дамыту
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық
дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы
жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-
адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып,
салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін
қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселені шешде 2012 жылғы
27 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.
Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырт-Қазақстан
дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы
жарияланды. Ондағы жетінші бағыт: Қазақстанда адами
капиталдың сапалы өсуі мазмұнында «Білім беру жүйесін жаңғырту
барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы
зор» - деп қарастырады. .
Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен
технологияларды енгізу.
Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы
зор. Арқаулық педагогтік білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер
мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды
күшейту қажет. Үшіншіден, оқу жастарға тек білім беріп қана
қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде
пайдалана білуге де үйретуі тиіс. Үкіметке мектеп оқушыларының
функциялық сауаттылығын дамыту жөнінен бесжылдық Ұлттық іс-
қимылдар жоспарын қабылдауды тапсырды.
Төртіншіден, оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту
қажет.
Олар – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары,
ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да
дамуы, заңға мойынұсынушылық.
Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына
қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс деп
жолдайды.
Сондықтан жалпы орта мектеп оқушыларының қозғалу белсендігін
дамыту, көпшіліктің шұғылдануы үшін спорттық секциялар құру,
әсіресе, адамның қозғалу белсендігі техникалық ілгерілеу,
ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың даму
мен білім беру жүйесі салдарынан әлсірегендігі қазіргі таңда өзекті
мәселе. Гиподинамияның қарқынды өсуі мен дене дамуы кезеңінде,
яғни балалық және жасөспірімдік шақта адам денсаулығына айқын
кері әсер етеді. Ағзаның тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің,
жүйке жүйесінің, тірек-қозғалу аппаратының және т.б. қалыптасуы
мен дамуы үдерісінде жинақталған кері құбылыстар мен бұзылулар
гиподинамияның әсерінен болашақ ұрпақтың, яғни тұқым қуалауда
көрініс тауып, адамның барлық кейінгі ғұмырында денсаулықтың
нашарлауына жол береді.
Жалпы орта мектеп оқушыларының дене қасиеттерін жан-жақты
дамыту дене тәрбиесі сабағы мен баскетбол спорт үйірмесін
ұйымдастыру мен жүйелі жүргізудегі негізгі мақсат.
Баскетболда оқушылардың дене қасиеттерін арттыру жолдары.
Иілгіштікті тәрбиелеу. «Иілгіштік» ұғымы тірек - қимыл
аппаратының морфоқызметтік қасиеттерін бейнелейді, ол оның
топтарының қозғалғыштық деңгейін анықтайды. Баскетболшының
қимылды үлкен құлашпен орындау қабілеті көп жағдайда әдіс
амалдарын жеңіл және еркін орындауды, олардың шапшандығы
мен дәлдігін анықтайды. Иілгіштікті дамыту деңгейінің өлшемі
қимылдың ең жоғарғы құлашы болып табылады. Қимыл құлашы
буындардың қозғалғыштығына бұлшықеттердің, сіңір мен
қоспалардың икемділігіне, бұлшықет күшіне, сондай-ақ, орталық
жүйке жүйесі жағдайына байланысты болады.
Баскетболда оқушылардың иілгіштігін дамытудың негізгі
міндеттері бұл сапаны баскетбол талаптарына сай жетілдіру.
Бірінші кезекте балтыр табан және білезік-қоспа буыңдары
қозғалтқыштығының ұлғаюына назар аудару керек.
Иілгіштікке арналған жаттығуларды пайдалануда басты әдіс-
қайталау әдісі. Баскетболда тынығу қабілеті доп салу және лақтыру
қимылдарына сәйкес дамытылуы тиіс. Иық белдеуінің, білезіктің,
арқаның бұлшықеттер жиырылуы қимыл әдісін меңгеруді
қиындатып, оның өзгергіштігі мен әсерін шектейді Жұмсақтық
еркіндік пен айлакерлік баскетболшыға секіруде, әсіресе ойыншы
белсенді қайталау әрекетіне дайындалған сәтте қонуда өте қажет.
Жоғары дәрежелі баскетболшылар әдетте тынығу өнерін біледі,
әдістерді бұлшықеттің тиімді қозғалысын қамтамасыз ету үшін,
қалғандарын тиімді тынықтырып, тек қажеттісін ғана белсенді
жұмысқа кірістіріп, жеңіл және еркін орындайды.
32-тақырып Тыныға білуді меңгеру үшін орындалуында алаңға
қатынасы бойынша өте жоғары қалыпта тұрған дененің жеке
бөліктері түгелдей пайдаланылатын және орындалуы дене
салмағының орташалығын ауыстырумен байланысты жаттығулар
қолданылады.
Ойын әрекеттерін қамтамасыз ететін бұлшықеттің негізгі топтарын
тынықтыра білу баскетболда төмендегі жаттығулар көмегімен
қалыптасады:
- қолдың түрлі бастапқы қалыптарында білезікті сілкілеу;
- тұлғаны оңға және солға бұрып, қолды еркін түсіріп сермеу;
- бір орынында секіру немесе қолды еркін түсіріп тынықтыратын
жүгіру;
- дене салмағын кезегімен бір аяқтан келесісіне түсіру, еркін
аяқтың тізесін тез бүгіп, аяқ ұшын еденнен ажыратпай;
- санды, екі қолмен түсіру және көтеру (балтыр мен табан еркін);
- еркін аяқты еркін тербелтіп, бір аяқпен орынында секіру;
- қол еркін түсілген, тұлғаны алға иіп, тынықтыра сілку.
Тыныға білуді жетілдіру үшін психореттеуші жаттықтыру табысты
қолданылады.
Күшті тәрбиелеу. Жаттығушының сыртқы қарсылықтарға қарсы
тұру әрекеті-күш деп аталады.. Ойын әрекетінде осы дене сапалары
баскетбол ойынының дұрыс әдістеріне лайық белгілі бірқимыл
дағдысы шеңберінде, қимыл шапшандығымен үйлестіріліп
көрінеді.
Бұлшықет күштерін көрсету шарттары мен сипатына қарай өзіндік
күш қабілетін ажыратқан жан (тұрмыс жағдайында және баяу
қимылда). Баскетболда жылдамдық - күш қабілеті маңызды орын
алады. Баскетболдың 70% қимылы жылдамдық-күш сипатында
болады. Алайда қорғаныс тұрысында, допты тартып алуда және
басқа қатты қимылдарда едәуір табанды күш қажет. Сондықтан
ойыншының күш дайындығы жан - жақты болып, әрі бұлшықет
күшін түрлі тәртіпте дамытуы қажет.
33-тақырып Бұлшықет күшінің маңызды түрі аз уақыт ішінде
шартпен қатаң қадағаланатын спорттық жаттығуларды немесе
ойынға әрекеті үшін күшті көрсету қабілетін бейнелейтін қуатты
күш болып табылады. Күштің бұл түрін баскетболда оқушылар
секіруде, тез топ жаруда, қуатты ұзақ доп беруде іске асырады.
«Абсолюттік» және «қатыстық» күш ұғымы бар. Абсолюттік күш -
бұл адам өз салмағына қатыссыз қандайда бір қимылда көрсететін
шамалық күш. Қатыстық күш - бұл ойыншының дене салмағына 1
кг-нан келетін күш шамасы. Баскетболшының қимыл әрекетін
қамтамасыз ететін бұлшықет күші қимылдың биомеханикалық
сипаттамасынан барынша ірі бұлшықеттерінің жұмыстарын
қарастыратын иінтірек ұзындығы және бұлшықет жұмысын
дамытуы мүмкін қысым шамасына байланысты болады.
Қысым көлемі бұлшықеттің физикалық қызметімен, қимыл
бірліктерінің белгілі бір саның жұмысқа ендірумен, бұлшықетке
жіберілетін жүйке импульсінің жиілігінен және жұмысқа
қатысатын барлық қимыл бірліктерінің күшін жұптастыру
деңгейімен анықталады.
Баскетболшының күш қабілетін тәрбиелеу мына бағытта болуы
тиіс:
- бұлшықеттің абсолюттік деңгейін ұстап тұру мен дамыту;
- ең қысқа мерзімде күшті барынша көрсету;
- жұмыс күшін қимылдың белгілі бір бөлігінде шоғырландыра
білуді қалыптастыру;
- бір қимылдан келесі қимылға көшуде жоғарғы күш көрсету
қабілетін жақсарту.
Ағзаға әсері бойынша күшті дамытатын барлық жаттығуларды
ойыншы денесінің үлкен бұлшықет топтарының көпшілігін
дамытуға арналған глобальдық және нақты қимылға қатысатын
жұмысшы бұлшықет топтарын дамытуға бағытталған локальдық
деп бөлуге болады. Спорттық үйірмеде оқушылардың дене қасиетін
дамытудың мына ережелері ұсынылады:
«жылдамдық - күш қабілетін дамыту үшін жоғары мөлшері 45%
салмақтағы штангамен жоғары екпіндегі жаттығуларды орындау,
қайталау саны - 8-12;
-.өз күші қабілетін дамыту үшін шектіктен 70-85 %~ға тең
салмақпен баяу ырғақта 4-6 рет жаттығуларды қайталау, жаттығу
босаңсытуға арналған қысқа мерзімдік үзіліспен жасалады;
- күш төзімділігін дамыту үшін орташа екпінде «бас тартқанға
дейін» демалыссыз, өз салмақпен қатарын 25-50 рет қайталайды.
Үйірме сабақтарында күшті дамыту үшін өзгермелі жылдамдық
тәртібіндегі төмендегіі жаттығуларды кеңінен қолданады: ауыр
тығыздалған допты ұзаққа аяқпен тебу және итеру, тартылу,
кеңестік алаңында белгіленген сызықтан торға түсіру, қарсылас
қолынан допты тартып алу және т.б..
Оқушылардың кешенді жылдамдық - күш қасиеттерінің бірі
секіргіштік болып табылады, яғни секіре доп салуды қалқан
астында допты сараптауда, тартысты доп салуларды, т.б.
орындағанда барынша жоғары секіру қабілеті.
Секіргіштікті көрсетудің ерекше қасиеттері мыналар:
- секірудің шапшаңдығы мен дер кезінде орындалуы;
- тік қалыпта орыннан немесе қысқа үдеуден секіруді орындау;
- қолды жоғары көтеріп, секіруді орындау;
- күш сынасу жағдайында, секіруді бірнеше рет қайталау;
- өз денесін тірексіз жағдайда басқару;
- қону дәлдігі және кенеттен басқа қимылдарға дайын болу.
Баскетболда оқушыны дамытудың негізгі құралдары орнынан және
қысқа екпінмен жоғарыға немесе ұзындыққа түрлі секірулер, секіру
топтамалары, гимнастикалық жабдықтар арқылы секіру. Сондай-ақ,
серпілумен орындалатын түрлі жаттығулар болып табылады.
Күш жаттықтыруын жеке жоспарлағанда түрлі рольдегі
ойыншыларда қимыл әрекетінің сипаты күш қабілеттерінің даму
деңгейін де анықтайтынын ескеру қажет.
Күш жаттығулары буындардың қозғалғыштығын арттыруға және
босаңсытуға арналған жаттығулармен сәйкестенуі керек. Күшті
жетілдіру мен тәрбиелеудің негізгі әдістері: шектен тыс салмақты
«бастартқанға дейін» қайталап, барынша күш салып көтеру,
айналымдық жаттықтыру әдісі, көмекші әсерлер әдісі,
интервалдық, жарыстық әдісі жатқызылады.
Шапшаңдықты дамыту (жылдамдық қабілеті) шапшандық дене
сапасы ретінде баскетболшының қимылды өте аз уақыт аралығында
орындау қабілеті деп түсінеміз. Шапшаңдыкты көрсетудің
қарапайым және кешенді түрлерін бөліп қарастыруға болады.
Қарапайым түріне мыналар жатады: жай және күрделі реакциялар
уақыты, жеке қимыл мен қимыл жиілігі уақыты.
Спортшының жай реакциясы - бұл алдын ала белгілі, бірақ
күтпеген белгіге белгіленген қимылмен жауап беру (мысалы,
жүгірудегі сөре тартысты допты ойнатқандағы секіру). Баскетбол
үшін қозғалмалы нысанға жауап беретін (допқа әріптесіне) күрделі
реакция мен бірнеше мүмкін қимылдан бір сәтте аталған жағдайға
қолайлы біреуін таңдауды талап ететін, таңдау реакциясы тән.
Білікті ойыншылар жағдайды танып және қимылдың өзіне емес,
оған деген дайындық әрекеттеріне жауап беретін күрделі де жай
реакциялардың дамуының жоғары деңгейіне жетеді.
Ойында әдетте шашпаңдықтың барлық түрлерін кешенді көрсету
талап етіледі, өйткені олар оқушылардың қимыл әрекеттерін
құрайды және доппен, допсыз жекелеген әдіс амалдарын және
олардың кешендерін орындауда қозғалыс шапшаңдығында бір
амалды екіншісімен ауыстыру шапшаңдығын да көрінеді.
Баскетболдағы шапшаңцықты дамытудың айрықша ерекшелігі оны
үздіксіз өзгермелі жағдайларда, бұзушы ықпалдар негізінде көрсету
қажеттігі болып табылады. Сонымен шапшаң жауап беру
маңыздылығының соңғы нәтижесі жылдамдықты тез арттыру
(сөрелік екпін алу), жоғары жылдамдыққа жету болып табылады.
34-тақырып Жылдамдық қабілеті доп салуда: доп беруді, жүгіруді
орындау шапшаңдығы мен тәсілдік міндеттерді шешу жылдамдығы
жақтарында көрінетін іс-әрекеттер болып табылады.
Күрделі реакцияларды тәрбиелеу үшін қозғалмалы затқа (доп,
әріптесі), кенеттен көрінген, өзгерген қимыл жылдамдығына және
ойын жағдайының түрлі өзгерістеріне жауап бері қажет
жаттығуларды пайдалануға болады. Мысалы, тез топ жарудағы
қимылдың басталуы үшін қалқаннан ұшып шыққан доп болуы
мүмкін.
Жоғары қимыл жиілігімен орындау соңына қарай шаршаған соң
жылдамдық төмендемес үшін жоғары ырғақта шағын мерзімді
жаттығуларды (10-20с) орындауды меңгереді.
Сөрелік екпін мен қашықтық жылдамдығының жылдамдығы
баскетболдағы шапшаңдықтың іргетасы болып табылады, себебі
оның астарында осы дене сапасының келесі жақтары пайда болады,
мысалы, доп беру, жүргізу мен алдап өту шапшаңдығы тез топ
жару қимылын орындау. Қозғалыс жылдамдығын үлғайту тек
ойыншының жылдамдық қабілеттеріне әсер етумен ғана емес,
Сондай-ақ, қимыл әдістерін жетілдіре отырып күш ерекшеліктерін
тәрбиелеумен орындалуы да мүмкін.
Баскетболдағы шапшандықты тәрбиелеудің негізгі құралдары
шектеулі немесе шектен тыс жылдамдықпен орындалатын
жылдамдық жаттығулары болып табылады. Осы сапаларды
дамытуға жәрдемдесетін бірнеше әдістемелік амалдарды
келтіреміз:
- жеңілдетілген жағдайларда жаттығулар орындау (қиғаш жолда
жүгіру, аспалы салмақ түрлерін пайдалану);
- қиын және қарапайым жағдайларда жаттығуларды кезектестіру,
салмақтарды өзгерту;
- екпіндеп жүгіру, көшбасшының (әріптестің) ізінен жүгіру;
- жаттығуларды орындау уақыты шарттарына шектеу ендіру.
Төзімділікті тәрбиелеу. Оқушы ағзасының дене жаттығулары ұзақ
уақыт орындай алу және шаршауға қарсы әрекет жасай алу
қабілеті. Төзімділікті дамытуда екі жолды мақсаттайды. Олар:
жалпы және арнайы. Жалпы төзімділік белгілі бір дәрежеде
баскетболшы ағзасының жұмыс істеу қабілетін арттыра отырып,
арнайы дайындық, оның ішінде арнайы төзімділіктің негізін
құрайды. Арнайы төзімділік үйірмеде оқушылардың барлық
мүшелері мен жүйелерінің дайындығымен анықталады. Және ол
ұзаққа созылатын ойын әрекеттерінде тәсілдік-тактикалық
амалдарды тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.
Оқушының баскетбол спорт түрінде жалпы төзімділігі мына
бағытта тәрбиеленеді:
а) жалпы жұмыс істеу қабілетін дамытатын жүрек-қан тамыр және
тыныс алу жүйелерінің функционалды мүмкіндіктерін кеңейту;
б) оқушылардың тірек-қозғалыс аппаратын бекіту;
в) машықтану жұмыстарының пайдалы көлемін арттыруға
алғышарттар жасау;
г) арнайы төзімділіктің дамуына әсер ету.
Арнайы төзімділікті дамытуда біріншіден, арнайы машықтану
төзімділігін баскетболшы көлемі жағынан жарыс жүктемелерінен
жоғары қарқынды жүктемені көтере алатындай етіп арттыру,
екіншіден, осы сатыда барынша мүмкін болатын жарыс
төзімділігіне қол жеткізу қажет.
Спорттық үйірмеде жалпы төзімділікті дамыту үшін циклді сипаты
бар жаттығулар (кросс, жүзу) бір қалыпты, үлкен және ауыспалы
қарқынды, аэробты бағыты бар жаттығулар қолданылады.
Баскетболшы үшін жалпы және арнайы төзімділіктің маңызы зор.
Оларды дұрыс бірізді, жылдам жаттықтыру сатыларына сәйкес
дамыту қажет.
Сонымен оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеуде спорттық
машықтандыру ілімі мен тәжірибесінде жылдамдық, иілгіштік,
күштілік, төзімділік және ептілік қасиеттері қарастырылды..
Оқушылардың қимыл-қозғалыс әрекетіне жасалған талдау
ойынның жоғары жылдамдықпен және шапшаң қимылдармен,
аялдаулармен, айналулармен орындалатын жылдамдық-күштілік
әрекеттерінен құрылатындығын көрсетеді.
35-тақырып
Баскетбол секциясындғы ойын тактикасы
Ережелердің өзгеруі,физикалык дайындыктың деңгейінің әрдайым
көтерілуі, күресті баскару формасының әрекеттенуі әрқашанда
тактикаға байланысты. Қазіргі заманғы тактика әртүрлі және
курестің акылға қонымдылығы, жақсы өтуіне мүмкіндік береді. Екі
қарсылас команданың физикалық және механикалық
дайындықтарының тең болған жағдайында, спорттық күресті өз
және қарсыластарының мүмкіншіліктеріне сәйкес ұйымдастырған
команда жеңеді.
Тактика көптеген факторларға байланысты:команданың
механикасы, оның еңбек ету қабілеті, психологиялық дайындық,
ұстамдық күшін қолдана білу, қарсыластарға өз мүмкіндігін беру
т.б.
Командаға қызметтерін бөліп беру әрекетінің ұйымдасуын
қамтамасыз етеді.
Қызметті анықтау ойыншының өз міндетіне және рөлін көз алдына
елестетуге көмектеседі, қазіргі уақытта қызметтерді төмендегідей
бөлу мақсатқа сәйкес келеді. Алдынғы сызықтағы
ойыншылар(ортадағы, шеттегі шабуылшылар), артқы сызықтағы
ойыншылар.
Ортадағы ойыншы ереже бойынша ұзын бойлы болады. Ол
баріненде қалқанға ең жақын орналасады, сондықтан ол шабуылды
басқарып, бітіре алады немесе қорғаныста күрес ұйымдастыра
алады.Алдынғы сызықтың шеткі ойыншылары кәрзенкеге шабуыл
тасталады.
Артқы сызық ойыншылары шабуыл ұйымдастырушылардың рөлін
ойнап тәсілді ойын басқару міндетін атқарады.Қазіргі заманда
ойыншылардың орындарын ауыстыра білу керек. Алдынғы және
артқы сызықтағылар да дәл солай. Уақытты ұту үшін орында
тұрып қалған ойыншының қызметін атқара білу керек.
Шабуыл тактикасы.
Жеке әрекет – бұл тактикалық құрылыстың сәттілігінің негізі.
Оның әсері ойыншының дәл уақытында, рационалды түрде әрекет
жасай білуіне байланысты. Тактиканың негізгі әдісі – физикалық
дайындыққа байланысты емес, ол ойыншының тактикалық
білімінің болуы, әрекеттәң белсенділігіне, алаңда жан табуға,
қарсыласты алаңды білуге байланысты. Жеке әрекет доппен,
допсыз болуы мүмкін.
Бүл әрекет мақсатқа көздеген және әсерлі болуы керек. Сондықтан
орындалатын әрекет, тез және қарсыластан бұрын болуы керек.
Қандай жағдай болса да қарсыласты шатастыра білу керек, ол үшін
әрекетті білдірмей жасау керек. Ол үшін кей әрекет әдістердің
тактикаларын білу керек. Ұшып келе жалқан допты орында тоспай
қарсы алдына шығу керек берілістер қатты,тез және жасырынды
түрде болуы керек.Егер әрекет үйлесімді орындалса,әсер
болады.Қулық әрекет деп көңіл аударатын және шын әрекеттердін
жасыруын айтамыз.Қулықта екі сала бар:көңіл аударатын
әрекет,нағыз әрекеттер.
Топтаса жасалатын әрекеттер.Қолданылатын барлық
тактикалықәрекеттері 2-3 адамнан тұрады команданың
әрекеттілігін територияның қолдану,өзара орналасу және өз ара
көмектесу құрайды.Екі ойыншының әрекеттестігі.Әрекеттестіктің
екі түрі бар:»Бір де бір шық» және серігіне көмектесу
«тосқауыл».»Бір де шық»-әрекеттескен територияға бөлу,дара
орналасудан тұрады.Допты беріп қайтадан алу пазициясын алу
керек,оны қорғаншының көзі ауған кезде жасау керек.»Бер де шық»
әрекеттестігінде мақсатқа көзделген шешім қабылдануы мәжбүр
жағыдайлар тууы мүмкін.Егер екі ойыншы қарсыласып,оның бірі
доп үшін күрессе,қарсыласы оның серігінің көңілін аударуы
керек.Ал өз серігіне допберуге қолайлы жағыдай жасау керек.Егер
әрекеттестік алаң ортасында болас,онда оларға диагональді бағытта
болу керек.
«Тосқауыл»-бұл әрекет серікке көмектесуден тұрады.Тактикалық
белгілер бойынша тосқауыл берілген тапсырманы орындау
мақсатына қарай бөлінеді.»Лақтыруға тосқауыл» серікті лақтыруға
қарсыласудан босатады.»Кету ұшін тосқауыл» доп ұстаған серігіне
қарсыластан қашып құтылуға көмектеседі.»Шығу ұшін тосқауыл»
серігіне допты тосуына көмектесу.
Үш ойыншының әрекеттестігі.Үш ойыншының әрекеттестігіне»үш
бұрыш»,»үштік»,»кішігірім сегіздік»,»айқаса шығу»,»екіленген
тосқауыл» жатады.»Үш бұрыш»-әрекеттестікте үш ойыншы үш
бұрыш түрінде тұрады.Ол ауысумен немесе ауысусыз
орындалады.Егер олар шегінсе добы бар ойыншы озіне мкөмек
сұрап,допты серігіне беру керек.
«Үштік»-«енгізу» және «қиысу» тосқауылына негізделген
әрекеттестік. Бұл тәсіл берік қамқорлық жасайтын қорғаушының
саны бірдей болғанда қолданылады.»Кішкене сегіздік» – бұл
әрекеттестікке ойыншылардың журу жолы 8 санын еске тусіреді.
Коп қайталаулардың нәтижесінде қорғаншылар тосқауылға түседі.
» Қиылыс шығу» –
» қайшыласу» тосқауылға негізделген әрекеттестік.
Әрекеттестіктің басында ойыншылар » үшбұрыш» жасайды. Екі
ойыншы үшбұрышының негізін қалап, 3-ші ойыншының алдын
қояды. Нәтижесінде үшіншіге қорғаушы соқтығысады, содан олар
шабуыл жасай алады.
Командамен жасалатын әрекет. Командалық әрекет жәй және
әсерлі комбинациядан тұрады. Баскетболда шабуылдың екі түрлі
топтаса жасалу әрекеті бар: екпіндікпен шабуылдау,позициямен
шабуылдау.
Екпіндікпен шабуылдың екі түрі бар: «шапшаң жару» және
«энеолондап жару». Бағытталған шабуыл. Бұл шабуылда екі жүйе
бар:»ортрдағы ойыншы арқылы» немесе «ортадағы ойыншысыз».
Әрқайсысының өз нұсқаулары бар. Ортадағы ойыншы арқылы
бағытты шабуылдық негізгі жүйесі. Ол ортадағы ойыншының,
қызметін атқаратын ойыншылар. Санына қарай неше түрлі
нұсқалары бар. Ортадағы ойыншы бойы ұзын болғандықтан
қарсыластарына қауіпті. Оның міндеті көбіне соңғы сәтте алып
шабуыл жасау болады. Ол үшін ол еркін қалдыру команда
ойыншылары шашылып тұру керек, сонда қарсыластардың көңілі
бөлінеді. Шабуыл тек ортадағы немесе басқа да ойыншылар
арқылы жасалу мүмкін. Ортадағы қарсыластардың көңілін бөліп
серіктестеріне көмектесе алады.
«Ортадағы ойыншысыз шабуыл» – бұл шабуыл ортада нақты
ойыншы болған жағдайда қолданылады.
Қорғау тактикасы.
Жеңістің ең басты шарты – қарсылас шабуылшымен сәтті жасалған
күрес. Өз кәрзеңкесіне еш доп жолатпай жеңуге болады.
Қорғаныстағы команда әрекеті шабуылға жауап болып табылады.
|