Ойын техникасын топтауБаскетболшы техникасына берілген нақты



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата12.03.2017
өлшемі287,47 Kb.
#8918
  1   2   3

20-тақырып 

 

Ойын техникасын топтауБаскетболшы техникасына берілген нақты 

ойын жағдайларын тиімді пайдалану үшін арналған спорт түрінің 

дамуы барысында жинақталған әдіс-тәсілдер және олардың 

жиынтығы мен түрлілігі жатады. 

«Техника тәсілі» термині құрылымы бойынша сәйкес келетін және 

бір ойын жағдайын шешуге бағытталатын қозғалыстар жүйесін 

қарастырады. Берілген немесе басқа да тәсілдер қолданылатын 

шарттар көптүрлілігі оны орындаудың тәсілдерін жетілдіреді, 

құрылуын реттейді. Баскетбол дамуының түрлі кезеңдерінде 

тәсілдер саны, оларды орындау әдістері, бағалац критериилері 

өзгеріп, жетілдіріліп отырылған. Арсенал қайта құрылуына ойын 

ережелерінің жоспарын дамыту, ойыншылардың басқа да 

дайындық түрлерінің деңгейін арттыру әсер етеді.  

 

Қозғалысты, жүгіруді, секіруді, тоқтауды, айналыстарды жетілдіру 



Әрбір даму кезеңіндегі спортсмен техникасы – бұл ойыншыға 

ережелер шектеулерінен шықпай күрделі ойын жағдайларында ең 

тиімді іс-әрекет жасауына көмектесетін тәжірибемен тексеріліп 

өткен тәсілдер жиынтығы. Кенеттен қлыптасатын ойын 

жағдайларында ең тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін, 

баскетболшы ойын техникаларының көптүрлілігін толығымен 

меңгеріп, белгілі бір жағдайда қажетті тәсіл немесе тәсілдер 

жиынтығын таңдай біліп, тез арада, әрі нақты орындауы керек.  

Жоғарғы техникалық шеберліктің критериилері: 

- берілген ойын фунцияларын шабуыл және қорғаныстың негізгі 

тәсілдерімен қоса толыққанды орындау үшін тиімді әдіс-тәсілдер 

жиынтығын оңай пайдалана білуі; 

- берілген ойын тәсілдерін орындаудың нақтылығы, әрі тиімділігі. 

- қарама-қайшы факторлар (қатты шаршау, психологиялық 

ауырлықтар, қиын сыртқы жағдайлар және т.б.) әсеріне қарамастан 

ойын тәсілдерін орындаудың тұрақтылығы;  

- қарсылас ойыншының қарама–қарсы іс–әрекеттеріне байланысты 

техникалық ойын тәсілдерінің кезеңдерін пайдалана білу; 

- ойын тәсілдерін пайдаланудың тұрақтылығы, ол көпкүндік жарыс 

кезінде ойыннан–ойынға еш ауытқусыз жоғары мергенділікпен 

анықталады.

 

Баскетбол- бәсекелестік ойын, өйткені спорттық сайыс 



кезінде қарсыластар бір- бірімен бәсекеге түседі.Даярлықтың 

жетіспеушілігі тәртіпсіздікпен тепе-тең  деуге болады. Өйткені 

соның салдарынан жарақат алынады: саусақты қайырып алу, 

буынды созып алу, т.б. Жарақаттардың алдын алу үшін 

төмендегідей бірқатар жағдайларды есте сақтаған жөн. Баскетбол 

қалқанының астында отыруға болмайды, допты қағып аларда бас 

бармақты допқа қарсы бағыттауға болмайды, ойыншылардың ойын 

кезінде бір- бірін ұстауға, дөрекі қылық жасауына болмайды, алдын 

ала қыздырыну жаттығуларынсыз жылдамдық жаттығуларына 

кірісуге болмайды, сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, 

сағат, сырға және басқа жарақат алуға мүмкіндік тудыратын 

заттарды шешіп, қыз балалар шаштарын түюлері қажет. Осындай 

негізгі ережелерге нақты тоқталып өту. Ойын ойнату. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



21-тақырып 

 

Баскетбол секциясындғы ойын техникасы 

 

 



Техника-ол ойынның тәсілі ,ойыншылардың қорғаныс пен 

шабуылда нәтижелі әрекеттерін қамтамасыздандырып,команда 

ішінде ойыншылардың бірігіп әрекеттесуі мен қарсылық көрсетуін 

ұймдастырады. 

Қазіргі заман техникасы-ол күрестің формасы мен әдісінің тарихи 

дамуы қорытындысы.Уақыт өте келе,тәсілдірдің саны да өзгерді.Әр 

бір тарихи уақыт кесіндісі көптнген ұтымды тәсілдерді 

ұсынады.Сондықтан,қазіргі заман әдістерінің керекті арсеналын 

білу қажет және қазіргі заманға ең тиімді  әдістердің бастысын 

анықтайтын ойынның даму техденсия арсеналын білу қажет. 

Ойынның белсенді түрде қазіргі заман техниканың алуан 

түрлілігіне алып келді.Ол ашық көрсетілген динамикалық шабуыл 

сипаты жай және роционалды,ауыспалы жылдамдық пен 

шапшаңдық,тиімділік пән дәлдікпен үйлестіріледі.Қазіргі уақытта 

белгілі шарадағы техника әдістердің дұрыс орындалу сипатын 

анықтайды,соның арқасында қозғалыста түрлі жағыдайға 

ойыншыларының өзіндік бір ерекшеліктері пайда болып әр 

түрлі,алуан түрлілігімен сипатталады.Яғни,барлық қозғалыстардың 

көмегімен әр түрлі әдістер жүзеге асырылады,ол былыққан сипат 

болмай,белгі бар заңдылықпен қалыпты жағыдайда 

қайталанады,оларды топтастыруға және жүйелеуге болады. 

Жіктеу-ол белгідегі барлық әдістер мен тәсілдерді бөлім мен топ 

бойынша анықталған белгі негізінде топтастыру. 

Бұрын осындай барлық белгінің санына қозғалыстың 

кинематикалық және динамикалық құрылымының 

өзгешелігі,әрекет сипатын белгілеуге қатысты еді.Әрекетті 

сипаттау бойынша барлық қозғалысты екі үлкен бөлімге бөлуге 

болады:Шабуыл техникасы мен қорғаныс техникасы.Олардың 

әрқайсысына доппен және допсыз орындалатын қимылдың әртүрлі 

сипатты топтпар кіреді:ауысу техникасы,допқа ие болу техникасы, 

допты менгеу техникасы және тәсілдерге қарсы әрекет. 

Ауысу техникасы 

Барлық ойын барысында баскетболшы кенеттен болатын,әр түрлі 

әрекет орындауға дайын болуы қажет.Сондықтан ол әрдайым 

дайындық кезеңде болуы керек,яғни бұл оған қажетті тапсырманы 

орындауға мүмкіндік береді. Мүның бастапқы рөлі алға 1. 



 

22-тақырып Техника-ол ойынның тәсілі,ойыншылардың қорғаныс 

пен шабуылда нәтижелі әректтерін қамтамассыздандырып,команда 

ішінде ойыншылардың бірігіп әректтесуі мен қарсылық көрсетіп 

ұйымдастырады. 

Қазіргі заман техникасы-ол күрестің формасы мен әдісінің тарихи 

даму қортындысы.Уақыт өте келе,тәсілдердің саны да өзгерді.Әрбір 

тарихи уақыт кесіндісі көптеген ұтымды тәсілдерді 

ұсынады.Сондықтан,қазіргі заман әдістерінің керекті арсеналын 

білуі қажет және қазіргі заманға ең тиімді әдістерінің бастысын 

анықтайтын ойынның даму тенденция арсеналын білу қажет. 

Ойынның белсенді тұрде дамуы қазіргі заман техникасының алуан 

түрлілігіне алып келеді.Олашық көрсетілген динамикалық шабуыл 

сипаты жай және рационалды,ауыспалы жылдамдық пен 

шапшаңдық,тиімділік пен дәлдікпен үйлестіреді.Қазіргі уақытта 

белгілі бір шарадағы тактика әдістерінің дұрыс орындалу сипатын 

анықтайды,соның арқасында қозғалыста түрлі жағыдайдағы 

ойыншылардың өзіндік бір ерекшеліктері пайда болып тұруы 

керек.Кез- кеген уақытта қарсыласынан допты алуға дайын болу 

қабілеттілігі мен бір қалыпты жағыдайды сақтау негізгі талап 

болып табылады.Бір қалыпты жүгіру ойынның ауысу 

жұмсақтығымен оның еркіндігімен ерекшеленеді. 

Жұлқыну-тез шапшаңдау.Жұлқұнудың көмегімен қарсыласынан 

жұлып алу және бағытты өзгерту іске асырылады.Жұлқыну үшін 

жақын қашықтықта жүгіру қолданылады. 

Қосымша қадам-қимыл бағыты бойынша бірінші тұратын аяғы 

баскетболшының тік тұру қадамынан басталады.Бір уақытта 

жұмсақ,айнымалы қозғалыспен екінші аяқ оған тартыла 

түседі.Қорғаныста қарсы әрекетке тәсілдерді қолдануда олар 

ерекше кең пайдаланады. 

Секіру-барлық үйлесімді тәсілдерменбірге қолданылады және оның 

еш қарсы әрекетсіз және оның еш қарсы әрекетсіз және тиімді 

орындауына жақсы жағдай жасайды.Секіру екі аяқпен және бір 

аяқпен секіру болып бөлінеді. 

Екі аяқпен жұлқына секіру тік тұру негізінде орындалады.Секіріс 

сәл ғана шамалап отырып алаңнан аяқтың бүгілуімен қоса қалдың 

алға жоғары бағытта серпілуі арқылы орындалады.Секіріп жерге 

қайтадан түскенде,тізкнің бүгілуі,жерге жайлап түсуге бір уақытта 

тік тұруына көмектеседі. 



 

23-тақырып Бір аяқпен жұлқына секіріп ол тек жүгіру кезінде 

орындалады.Жүгірудің соңғы қадамы жай қадамға қарағанда бір 

шама үлкенірек болады және алаңға бірінші өкше тиеді.Осы 

себептен отырыстың табиғи жағдайы қалыптасады,бұл алаңнан өзін 

итеру кезінде керек.Ұшудың жоғары нүктесінде бұлғанған аяқ 

жайлап жерге түседі,сона баскетболшы толығымен ұзарады.Жерге 

түсу екі бүгіліп жасалған аяқпен жасалады. 

Аялдау-бұл әдіс,бір шама ауысуды тақтатуға мүмкіндік береді,яғни 

қарсылыс топтың уақытын немесе ене белсенді кедергісіз 

әрекеттердің орындалу арақашықтығын ұтуына мүмкіндік 

береді.Аялдаманын екі тәсілі бар:екі қадам,секіру.Екі қадаммен 

аялдау аялдамаға дейінгі сонғы қадам жүгірістен кейінгі үлкен 

болдады,аяқтың қайырылыстан кейін аялдамадағы 

баскетболшының денесі біршама бір жаққа қарай ығысады,ол 

қарсы қозғалысқа байланысты болады. Жерге түсу аяқтың 

бүгілуімен яғни сәл отырынқырап орындалады.Екінші аяқ алға 

қарай яғни бастапқы қозғалыстың бағытына қарай 

қойылыды,баскетболшы тірек алған жаққа қарай 

бұрылыды.Тіреуші аяғы амортизация функциясы мен қозғалыстың 

жылдамдығын баяулату үшін қолданады.Жүгірістің жылдамдығы 

коп болған сайын жерге қону кезіндеол қатты бүгіледі.Екінші 

қадам тоқтату функциясын орындап дененің еш бір қалыптылығын 

жоғалтпайды,тіреу шегінде бір қалыпты ұстап тұру мен қамтамасыз 

етеді. 


Секіру аялдау.Алаңнан денені итергенен кейін келесі жерге 

түскендегі жүгіріс қадамы,ал алдындағы тәсіл сияқты бірден екі 

аяқпен орындалады. 

Бұрылыстар арқылы ойыншы допты қарсылысынан қорғап қала 

алады және де сол шарттар бойынша ойыншы қарсыласына 

жақындай және алыстай алалады.Бұрылыстар алға және артқа 

қарай болады.Келесі аяқ бұрыла қара қадам жасайды.Егер бұрылыс 

кезінде ойыншының кеудесі алға бұрылса,бұрылыс алға қарай 

болады,егер әрекет артқа қарай болса,демек бұрылыс артқа қарай 

болады.Тіреу болатын аяқтың бүгіліп тұрып тіке тербеліссіз ось 

айналасында айналуы негізгі талап болып табылады. 

Допты билел техникасы. 

Допты билеу техникасының қабылдануына тосып алы,қолға 

беру,допты басқару және жүгіріс жатады. 



 

24-тақырып Тосып алу-баскетболистің допты басқару тәсілі.Сәтті 

тосып алу басқа тәсілдердің сәтті орындалуын қамтамасыз 

етеді.Егер ойыншы өз әрекетін белгілепалмаса,доп бел жаққа келіп 

тиеді. 


Екі қолмен тосып алу.Допты алу үшін қолдарды жарты шар тәрізді 

етіп доп сыйып нететіндей дөңгелек жасап,қарсы ұшып келе 

жатқан допқа қарсы тосады.Допты тосып алысымен келесі тәсілді 

орындауға дайындалады.Қолдың иілуі доптың ұшу 

жылдамдығының амортизациясын қамтамасыз етеді. 

Қолдар ертерек иелгіндіктен доп қолға тигенде ұрылмауды керек. 

Бір қолмен тосып алу.Бұл тәсіл екі қолмен тосу мүмкіншілігі 

болмаған жағдайда немесе келесі бір қолмен орындалатын балса 

қолданылады.Тосусоңында келесі қолмен тіреуге болады.Қолды 

доптың ұшу биіктігіне қарай сәйкес көтереді.Доптың ұшу 

траекториясын көріп бақылау маңызды шарт болып табылады. 

Қолдан-қолға беру-ойыншылардың бір-бірімен бірлесіп әрекет 

қылуына және допты торға жақындатуға көмек тесетін ең басты 

тәсіл.Оны орындаудың түрлі тәсілдері бар,олар бастапқы қалыпқа 

және әрекет өзгешегіне байланысты.Кез-келген қолдан-қолға беруді 

дайындау фразасы доптың бастапқы қалпына келуін қамтамасыз 

етеді.Негізгі фразаның әрекетін керекті бет бұрыс пен доптың ұшу 

жылдамдығын қамтамасыз етеді. 

Қолдан-қолға беруді тпотастыруды оның алдынғы қалпына 

байланысты.Негізінде 3 құрылым бар: 

 

а) Негізгі қалыптағы доп иықтан биік жерде тосылады.Бұл 



жағыдайда саусақ бастары иін алдында немесе иінде сүйеніп 

болады.Бұл тәсіл қолдың сәл бүгілуі және білезіктің көмегінен 

орындалады 2 және 1 қолмен допты жоғарыдан беру жатады. 

Екі қолмен жоғарыдан қолдан-қолға беру қарсыластың белсенді 

қарсы әрекетінің қолданылады. Бұл жағыдайда доп бастан 

жоғарыда,ал шынтақ алда болады.Қолдың жай ғана бүгілуі арқылы 

доп ойыншының серігіне беріледі.Бір қолмен жоғарыдан қолдан-

қолға беру доптың бір білезіктегі негізі қалпы.Алдыға қарай 

жасалған әрекет арқылы қол бүгіледі және білезік допқа шарпа тиуі 

арқылы доп қолға беріледі. 

 


25-тақырып Бастапқы қалыпта қол шынтақ бүгілген қалыпта 

допты ұстап тұрады.Қолдан-қолға беру допты кеуде тұстан лақтыру 

арқылы қолданады.Оған кеудеден екі қолмен лақтыру,бір қолмен 

иықтан лақтыру сияқты тәсілдер жатады.Кеуде тұстан екі қолмен 

қолдан-қолға берілу.Бұл тәсіл алты метірлік қашықтықта допты дәл 

және тез беруге мүмкіндік жасайды.Бастапқы қалыпта доп кеуде 

тұста тұрады.Қолдардың алға қарай иілуі мен аяқтардың да сол 

уақытта иілуі арқылы немесе алдыға бір қадам білезіктердің 

белсенді әрекеті арқылы доп керекті бағытқа лақтырылады.Иық 

тұсынан бір қолмен қолдан-қолға беру.Бұл тәсіл едәуір 

қашықтыққа тура лақтыруға мүмкіндік береді.Бастапқы қалыпта 

допты бір қолдың білезігінде иық тұсында ұстап тұрады.Екінші қол 

оның тіреуі болады.Қолды сермеу кезінде ойыншы беретін қолға 

қарай бұрылып қайтадан бұрылғанда қол иіліп доп керекті бағытқа 

қарай лақтырылады. 

б)Бастапқы қалыпта доп белден томенгі қалыпта болады және 

беріліс серлеу әрекеті арқылы орындалады.Осы принципке 

байланысты екі қолмен төмене қолдан-қолға беру,бір қолмен бас 

үстінен қолдан-қолға беру әрекеттері ұйымдастырылады. 

Екі қолмен төменен қолдан-қолға.Доп кең ашылған саусақтар 

арқылы жанынан артынан тосылады.Бір қолмен төменен қолдан-

қолға беру.Бастапқы қалыпта доп ойыншының бір қолының 

білезігінде болады,ал қолдың алақаны бүйір тұста болады. 

Лақтыруға. Лақтыруға дайындалу және кәрзенкеге дәл тию ойын 

мақсатын құрайды.Лақтырудың дәлдігі көптеген факторларға 

байланысты,жақсы техника болып табылады,ал басқа 

факторлардың теріс әсерін төмендетеді және жәлдік қабілетін 

анықтауға мүмкіндік береді. 

Кәрзеңкеге лақтыруды берілістің барлық тәсілдері иен орындауға 

болады.Ең көп тараған түрі екі қолмен кеуде тұсынан лақтыру,екі 

қолмен жоғарыдан лақтыру,бір иықтың тұсынан лақтыру,бір 

қолмен жоғарыдан лақтыру.Екі қолмен кеуде тұсынан 

лақтыру.Негізі бір орында орындалады,алыс және жақын 

қашықтықтан орындалған да әсерлі болады.Бастапқы қалыпта доп 

кеуде тұсында болады.Аяқтардың біреуін сәл алға қойу 

болады.Аяқтардың иілуімен қатар,олар жоғары қарай тұзу 

көтеріледі.Соңғы кезде ойыншының денесі мен қолдары жоғарыға 

қарай созылады.Екі қолмен жоғарыдан лақтыру.Доп бастың үстінде 

кеңінен ашылған қолда орналасады,алақан алға қарай 


орнатылады,шынтақ барынша төмен түседі.Аяқ бүгіліп дене 

жоғары көтеріледі және ол қолдың шынтақ тұсының бүгілуімен 

бірдей тұзуленеді.Осы әрекет арқылы доп кәрзенкеге 

жөнелділеді.Бір қолмен иық тұсынан лақтыру орта және жақын 

қашықтықтан шабуыл жасау үшін қолданылады.Бастапқы қалыпта 

доп иық тұсында болады,қолдың басы алға қаратылады.Доп 

астынан екінші қолмен тіреледі.Аяқты бүгіп доп бар қол жоғары 

жіберіліп,бір қалыпты,жұмсақ әректпен доп нысанаға 

лақтырылады.Сонғы кезде қол тегісімен созылып ,денінің ауырлық 

орталығы алда тұрған аяқа ауысады.Бір қолмен жоғарыдан лақтыру 

қарсы әрекетте әсері болып келеді.Допты дегеніне жеткізу үшін 

ойыншы жоғары секіріп,созылған қалпымен,ашылған саусақтармен 

допты жоғарғы нүктеде қарсы алуы керек.Жұмсақ әрекетпен допты 

кәрзенкеге қарай итеріп жібереді. 

Секіріп лақтыру.Секіре лақтыру қандайда болса тәсілмен 

орындалады.Секіру үшін ойыншы екі және бір аяғымен де жұлқына 

көтеріле алады.Баскетболда «секіре лақтыру» термині екі аяқтап 

секіріп бір немесе екі қолмен жоғарыдан лақтыру дегенді 

білдіреді.Бұл жерде негізінен секіру мен лақтыру түйіседі. 

Лақтыру үшін бастапқықалыпқа екі жолымен шығуға болады: 

1)Ойыншы бел тұсындағы добымен тік тұрады.Содан кейін,секіріп 

допты бастапқы қалыпқа алып келеді,секірудің жоғаргы нүктесіне 

жетіп,қол бүгіліп нысанаға бағытталады.Бұл тәсіл көбінесе егер 

лақтыру бастапқы орында орындалса қолданылады. 

2)Ойыншы тік тұрып допты ұстап лақтыруға негізгі қалыпта 

тұрады,содан соң секіріп лақтырады.Бұл тәсіл кобінесе 

ойыншының әрекетінен кейін қолданылады. 

Жүргізу(басқару)-допты ұзақ ұстай алаңды соққылау.Егер доп ұзақ 

қолда тұрса,жүгіру бітті деген сөз.Допты жүргізу үшін сәл бүгілген 

аяқтарға ауысып тұру керек.Допты еркіндікте басқару үшін оны 

алды жақта,бүйір тұсында ұстау керек. 

Қарапайым басқаруда доп қайтадан көтерілгенде белге дейін не 

жоғарыға жетеді.Төмендеген секіріспен басқаруда допты алаңға 

жақын жерде қарсы алу керек.Мұндай ойыншы аяғын қаттырақ 

бүгеді,допты соғу көбіне колдың басына жүктеледі. 

Допты иелену және қарсы әрекет техникасы. 

Допты иелену тәсілдеріне қағып алу,жұлып алу және қалқаннан 

секіргенде алу жатады,ол қарсы әрекет тәсілдеріне адастыру,жұлып 

алу,лақтырғанда тартып алу жатады. 


26-тақырып Бұл тәсілдердің ерекшіліктері қарсы әрекеттің 

тәсілінің таңдауы,оның атқарылу уақыты,әрекет озгешілігі әр 

қашан доп басқаратын қарсыласқа байланысты.Оның әрқашан 

әрекеті бірінші болып жасауға мүмкіндігі бар. 

Қағып алу-қорғаныс техникасының ең белсенді тәсілдерінің бірі.Ол 

қарсы шабуыл жасауға және допты жүргізуге мүмкіндік 

береді.Оның арқасында қолдан-қолға беруге,жүргізуге қарсы 

тұруға болады.Қолдан-қолға бергенде қағап алу.Шабуылушыға 

қолдан-қолға беріп жатқан кезде қорғаушы оның жанына немесе 

арқасына орналасады.Доп беретін адамның қолынан шыққанда 

денеде алға шығп допты қағып ала білу керек. 

Жұлып алу.Егер қарсылас допты ұстап тұрып айналып жатқанда 

жұлып алса пайдалы,жұлып алудың 2 тәсілі бар:өзіне қарай жұлқу  

және қарсыластан алға-төмен жұлқылау. 

Өзіне қарайжұлқу арқылы жұлып алу.Ойыншы допты екі жағынан 

ұстап алып,жылдам әрекетпен өзіне қарай жұлқып тез теріс қарау 

керек.Алға төменге жұлқалау арқылы жұлып алу.Ойыншы допқа 

бірден бас салып оны қарсыласы жоқ жерге итереді. 

Допты секіру кезінде ал.Бұл тәсіл өте маңызды және өте әсерлі.Ол 

кезде лақтыра шабуыллға және қарсы шабуылдауға мүмкіндік 

береді.Доп секіргенде екі жақтың ойыншылары да теңдей қалыпта 

болады және допты басқаруды ойластырып тұрады.Допты алу үшін 

бірінші болып алып шығып,жоғары секіріп,допты ұстап алуы 

керек. Жерге түскенде аяқтарды кеңінен ашып,шынтақтарды шетке 

кіріп,допты кеуденің астына тығу керек.Бұл тәсілдің сәттілігі допты 

алып үлгеруге және секіруге байланысты. 

Тартып алу.Бұл тәсілді ойыншы орнында допты ұстап тұрғанда 

немесе жүгіртіп жүргенде орындауға болады.Қолдан тартып 

алу.Ойыншының жанына сәтті әрекет жасай алатындай немесе 

сәтсіздікке артқа шегінуге болатындай қалыпта жақындау 

керек.Шапшаң және өте аз уақытта тырыстыра ұстаған 

саусақтармен допты бос жерге ұрып үлгеру керек.Жүгірту кезінде 

тартып алу.Доп басқарған қарсыласты шеттегі сызыққа бағыттап 

сәл итермелеп допты жанынан тартып алады. 

Алдынан тосу.Бұл тәсіл лақтыруға қарсы қолданатын тәсіл.Допты 

лақтырып жатқан ойыншыға жақындап,дәл лақтырар кезде доптқа 

қарсы шығу керек. 

Тойтарыс беру.Бұл тәсіл допты тосуға немесе басқау болмағанда 

қолданылады. 


 

 

27-тақырып



 

Баскетбол секциясындағы ойын техникасын 

үйрету методикасы 

 

Ұйретуді дұрыс ауысудан сонымен қатар 

тосуды,беруді,лақтыруды,жүргізуді үйретуден бастау керек. 

Ауысу.Ауысуды үйретуге әр тәсілдер.Бірінші тоқтап-тоқтап 

жүгіру,содан кейін секіру мен дұрыс үйретіледі.Әр әрекетке уақыт 

бөлінбеуі керек,бір тәсіл үйретіліп бола сала екіншісіне көңіл бөлу 

қажет. 

Жүгіру.Жүгірудің табиғи дағдыларды қолдана отырып жүгіру 



техникасына алаңдап тоқтауды енгізеді жүгірудегі 

жаттығуларды,төмендегі тапсырмаларының орындалулары 

шешілмейтіндей кезек-кезек жасу керек:Дағдылы жұгіру,тіке және 

жылдам жүгіру,бағытты өзгертуге(айқастыра,доғал,бұрылыстар) 

жылдамдықты үдете жүгіру т.б.Жүгіру жылдамдығына,жүгіріс 

бастаудағы талпынысқа көп көңіл бөлінуі керек ондай жаттығулар 

жүйелі түрде жасалуы керек.Алғашқы ойыншылардың барлығы 

айналып жүгіруі керек.Сонда үйретуші ойыншылардың барлығын 

бақылап,қателігін түзеп отырады.Барлық жарыс жаттығуларында 

қолдың ырғақ бойынша қимылдауына көп көңіл бөлуі керек,себеі 

ол тек жылдам жүгіруге көмектеспейді,доппен жасалатын басқа 

әрекеттер үшінде маңызды.Мысалы:қолдың ырғақты қимылдауы 

допты тосу мен берілісте маңызды роль атқарады. 

Шабуылдау техникасы. 

Доппен орындалатын әрекеттерді үйретуден бұрын оның серпінді 

қасиеті мен формасы мен танысып алу керек,себебі сондай техника 

тәсілдері тез игеріледі.Бұл мақсат үшін доп снаряд ретінде 

қолданылатын ортақ дамыған жаттығуларды қолдануға болады. 

Үлгі жаттығулары: 

 

1)Допты қолдан-қолға ауыстыра отырып,оған тимей,денені 



айналдыра жүру 

 

2)Доп арқада,екі қолда орындалады.Допты бастан асырып,алға 



лақтырып,сонда тосып алу.Егер допты алдын-артқа лақтырып 

тосып алу.Осы жаттығуды бір қолмен орындау. 

 


3)Еңкейіп,допты қолға ұстап,аяқтардың арасынан өткізіп алға қарай 

лақтырып алдынан тосып алу. 

 

4)Допты өкшелерінің арасында қысып ұстап,доппен бірге 



секіріп,оны аяқпен жоғарыға лақтырып,тосып алу.Осы жүйеге сай 

көптегекн жаттығулар ойлап табуға болады. 

Тосып алу.Допты дұрыс ұстап қалу,тоқтатуды үйрену үшін келесі 

жаттығуларды қолдануға болады: 

 

1)Ойыншы қолын сызып тұрып білезігін доптың үстінде деп 



елестету 

 

2)Дәл солай,бірақ отырып,қолды доптың үстіне қойады.Осы 



жерден көтеріп қолға ұстап тік тұрады 

 

3)Алдағыларды қайталап,допты қолдан түсіреді, ол қайта 



көтерілгенде білезікті дұрыс ұстап оны тосып алады. 

Қолдан-қолға беру. Алғаш болып кеуде тұстан екі қолымен беу мен 

иық тұсынан бір қолмен беру үйретіледі.Басқа тәсілдер киін сол 

жаттығулар арқылы үйретіледі,тек әдіске үйрену керек.Техника 

негізгі орында тұрып бергенде менгеріледі.Бұл жерде көңіл 

тоқтататын жер бастапқы қалып және жұмыс фазасы(қолмен 

жасалатын әрекеттердің орындалуы мен аяқтың бір уақытта 

созылады).Аялдау,жүргізу,бұр-ылысынан кейін жасалатын 

әрекеттерге көңіл бөлу керек.Төмендегі жаттығулар мен сап 

түзуеулеріне осы мақсатта қолданылуы мүмкін. 

 

1)Сапқа тұру.Допты жұп-жұп болып бір-біріне беру. 



 

2) Допты бір саптан 2-ші сапқа иректеп кезекпен беру. 

 

3)Дәл солай, тек допты берген соң оқушы қарсы алдындағының 



орнына барып тұрады. 

 

4)Екі сап қарама-қарсы түрады: доп әр саптан кезекпен беріледі. 



 

5)Ортаға біреуді қойып, барлығы дөңгеленіп тұрады.1-ші доп 

ортадағы ойыншыға беріледі, ол допты басқаға береді, алдағы 

ойыншымен орын ауыстырыды. 



 

6)Екі сапқа түзеледі.1-ші жүгіріп шығып допты тосады, сөйтіп оны 

екіншіге шыққанға береді, ол өзі саптың соңына барып тұрады. 

 

Допты беруді үйрету кезінде алаңнан ұшып көтерілген допты 



ойыншының тосу кезінде көңіл бөлу керек. Егер қадам ырғағына 

байланысты қате жасалса, оны келесі жаттығуларды жасау арқылы 

түзеуге болады: 

 

1)Допты алаңға ұрып, сол мезетте сол аяқпен алға қадам жасау 



керек. Аяқтың жерге тиюі доптың алаңға тиюі бір мезетте болуы 

керек. 


 

2)Дәл солай, тек аялдамай,2-ші қадам жасау керек. 

 

Лақтыру. Лақтыруда оның далдігі маңызды. Жақсы техникалық 



дайындықтың басқа ойынша мергендігін де дамыту керек,себебі 

лақтырудың дәлдігін көздей білу,нысанаға зейін қою, 

арақашықтықты анықтау сияқты факторларға байланысты. Допты 

тапсыруды үйренгеннен кейін лақтыруды үйрену жеңіл 

болады.Лақтыру үшін қолды дұрыс созуға,қол мен аяқтың 

әрекеттерінің үйлесуіне,дененің түзелуіне көңіл бөлуі керек.Егер 

басынан кәрзеңкемен жаттықса үйренушілер допты кәрзеңкеге 

салуды ғана,ойлап оны жасау тәсілдеріне,ережелеріне көңіл 

бөлмейді.Кәрзеңкемен жаттығу басталғанда дұрыс көздеуге көңіл 

бөлінеді.Үйренушілер техниканы меңгергенде,дұрыс көздей 

алғанда олардың көңілін допты дәл салуға аудару керек.Олардан 

кейін қимылдай жүріп жақыннан салу үйретіледі.Ол кезде тоса сала 

кәрзеңкеге қарай көз тастауға көңіл бөлінеді.Төмендегі жаттығулар: 

 

1)Саптан жүгіріп шығып,допты кәрзеңкеге салғандай елестетіп 



кәрзеңкенің үстіне секіру. 

 

2) Ұйретуші допты ұстап қолын созып тұрады.Ойыншы жер келіп 



допты кәрзеңкеге салады. 

 

3)Дәл алдағыдай,тек үйретуші допты беріп жатқан кезде тастай 



салады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет