Қорытындылай келе,Мектепке дейінгі балалар мекемесінің жиһаздарына қойылатын негізгі талап - олардың балалар денесі мен бойына толық сай келуі болып табылады.Осы талаптарды орындау балалардың дұрыс жетіліп, өсуіне дұрыс жағдай жасайды.Олардың жұмысқа қабілетін және сымбатын бұзбайды.Балаларды бойына қарай бөлу, балалар жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптардың негізін құрайды. Ойыншықтар балалар денсаулығына зиянсыз болуы тиіс.Оның өткір бұрыштары немесе қолға қадалатын өскіндері болмауы керек. Ойыншықтардың қауіпсіздігіне санитарлық бақылау Денсаулық сақтау Министірлігі деңгейінде жүргізіледі. Оның функциясына ойыншық жасаудағы нормалық техникалық құжаттарды бекіту, сонымен қатар, шикізаттардың, материалдардың және тексерудегі заттардың барлығына келісім беру жатады.