1 есеп.
Тәжірибеде жануардың мишығын толық алып тастады.
Сұрақтар:
1. Бұл жануарда қандай мінез-құлық бұзылыстары байқалады?
Жауап: Жануардағы мишықты алып тастаған кезде, жүріс-тұрыстары бұзылады. Жүру барысында тәлтіректеп, мас адам сияты қимылдайды. Жалпылама айтар болсақ онда абозия, атония, атаксия, астазия, астения сынды құбылыстар байқалады._______________________________________________________________________
2. Мишық қандай қызметтер атқарады?
Жауап: Қозғалыс бағдарламасын қалыптастыру, қозғалыстың орындалуын бағыттау, қозғалыстың бұзылуын түзету, қозғалысты вегетативтік қамтамасыз ету.
3. Мишық мидың қандай құрылымдарымен байланысты және осы байланыстардың функционалдық маңызы неде?
Жауап: Жоғарғы аяқшалары арқылы церебеллум кортекстің ассоциативті аймақтарынан іс – әрекеттің мақсаты туралы, төменгі аяқшалары арқылы тірек-қимыл жүйесінің жағдайы, ортаңғы аяқшалары арқылы ми жүйесінің мотор ядроларына және ми жарты шарларының мотор кортексіне баратын командалар туралы ақпарат алады.
2 есеп.
Эксперименталды жануарда ми бағанасын көлденең кескенде децеребрациялық сіресу күйі байқалады.
Сұрақтар:
Бұл күй қалай сипатталынадыі?
Жауап: Децеребрациялық сіреу күйінде дененің және аяқ қолдардың, жалпы түгел қаңқа бұлшықеттерінің тонусының жоғарылауымен жазылу еттері шиғырып, қатайып қалуымен көрінеді.
Көрсетілген күйді алу үшін қандай құрылымдардың арасын кесу керек?
Жауап: Децеребрирленген қаттылық күйіне алу үшін қызыл ядролардан төмен мидың көлденең қимасын жәнеде қызыл ядро мен жұлынды қосатын жол бұзылса орын алады.
Децеребрациялық сіресу қандай механизмдерге негізделген?
Достарыңызбен бөлісу: |