Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Төрт түлік мал туралы тақпақ жаттау
Мақсаты: Балаларды төрт түлік мал туралы тақпақпен таныстыру; қазақтың төрт түлік малы туралы ұғымдарды қалыптастыру; малды күту, малдың құты, қасиеті туралы баяндау; адамның көктем өзгерістеріне байланысты еңбегі туралы мағлұматтар беру.
Балаларды қазақтың төрт түлік малы құндылығын қадірлеу деген қасиетке тәрбиелеу, сөйлеу мәдениетінің негіздерін салу.
Қолданады: ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында алған дағдыларды.
Құрал-жабдықтар: Интербелсенді тақта, көрнекіліктерге тақта, көрсеткіш.
Төрт түлік малдың, жайлауда жайылып жүргені туралы мазмұнды суреті. Ырғақты, темпі орташа әуенжазбасы.
Төрт түлік мал туралы тақпақтың мазмұнына сай сызбалы мнемокесте.
Көрнекіліктер : Төрт түлік малдың жеке көрнекілік суреттері: түйе, жылқы, қой, сиыр. "З", "Қ", "О", "Ш" көрнекілік әріптері.
Сөздік жұмыс: Балалардың сөздік қорына "төрт түлік мал", "ойсыл қара", "қамбар ата", "шопан ата", "зеңгі баба" сөздерін ендіру,
"көгал", "көк шөп", "көк жайлау" сөздерін айтқызып, сөйлеу қабілетттерін жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |