Ойлау және сөйлеу


Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір – бірімен тығыз байланысты



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата18.05.2023
өлшемі0,86 Mb.
#94458
1   2   3   4
Байланысты:
oylau-zhne-syleu 3 lecture

Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір – бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, 
оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну 
бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз бірі іске аспайды. Интонацияны қабылдау сөйлеу аппаратында, 
адамның мәнерлі қозғалысында түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясы бойынша 
іс орындалса, тілек интонациясына келісе немесе келіспеушілік білдіреді. Сөйлеу әрекеті үлкен ми 
сыңарларының анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі. Бұл біріншіден, сөйлеу органдарындағы 
қозғалыстарды, жазылған әріптердің түрлерін, тілдегі дыбыстарды нәзік талдаудан; екіншіден, сөздік 
сигналдардың бөлшектелген элементтерін байланыстырудан көрінеді. Сөзді қабылдау, оның мәнісіне 
түсінуде мидың есту, көру, сипай сезу, қозғалыс зоналарының бірлескен қызметін реттестіріп отыратын 
сол жақ ми сыңарының қызметі ерекше. Сөздік сигналдарды дұрыс сараптай алу адам психикасы 
дамуының түрлі кезеңдерінде түрліше көрінеді. Мәселен: жас баланың алғашқы кезде дыбыстарға 
қайтаратын жауап реакциясы жалпылама түрде, яғни генерализация сипатында болады. Балаға «қоңырау» 
деп айтқанда немесе оған қарап сөйлегенде, сол қоңыраудың дыбысына ұқсас дыбыстардың жиынтығына 
назар аударады да, дыбыстың қалай шығып жатқанын дұрыс айыра алмайды. Бұл жағдай баланың ми 
қабығының анализдік, синтездік жұмысы әлі жөнді жетілмегендігін, яғни онда сөзді дұрыс қабылдау, 
түсіну әлі мардымсыз екендігін көрсетеді. Сөз бен сөйлемге қарағанда қарым – қатынас аясы кең, ауқымды. 
Адам тек сөйлесу арқылы ғана қарым – қатынас жасамайды. Ол айналасындағылармен түрлі ым – ишара 
(жест), белгі таңба (Морзе әліппесі, стенографиялық жазу, эсперанто т.б.) бір – біріне ақпарат бере алады. 
Тіпті қас қағу, иық пен иекті қозғалту, басты шайқау тағы басқа осы сияқты толып жатқан атрибуттар да 
қарым – қатынастық қызмет атқарады. 
Биховцористер ой мен ішкі сөйлеудің ешбір айырмашылығы жоқ дегенді айтады. Бұлардың 
айтуынша, ол дыбыссыз сөз болып табылады. Дегенмен ой мен сөз екі басқа процесс, бірақ үнемі 
бірлікте болып келеді. Сөз материалдандырып отырады, К. Маркс айтқандай, ой шындығы ылғи да сөз 
арқылы көрініп отырады. Дж. Уотсон адамның ойлауын, оны іштей сөйлеумен және вербалды емес 
коммуникацияның құралдарымен салыстыра отырып, өте кең түсінген. Дж. Уотсон ойлаудың негігі үш 
формасын бөліп қарастырған: а) сөздік дағдылардың қарапайым ашылуы (сөздердің ретін өзгерпестен, 
тақпақтарды немесе цитаттарды қайта жаңғырту); б) жаңа емес, бірақ сирек кездесетін тапсырмаарды 
шешу, сондықтан олар байқап көру сөздік мінез – құлықты талап етеді; в) қандай да бір ашық айқындалған 


3
Кітап:
Дәріс:
Ойлау және сөйлеу
Сөз ойлау мен сөйлеудің сыртқы және ішкі бөліктерінің бірлігі ретінде 
әрекет жасағанға дейін сөздік шешуді талап ететін, ағзаны ауыр жағдайға қоятын жаңа тапсырмаларды 
шешу. Дж. Уотсон бойынша, ойлаудың үшінші формасы “мәнді емес, кіру кезіндегі сәттерден босатыла 
отырып, лабиринтке алғаш рет кез болған егеуқұйрықтардың мінез – құлқына ұқсас адамзат баласының 
мінез – құлқының тек аздаған бөлігін ғана білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет