Ойлау және сөйлеу


Ал осы ретте сөздің қызметі қандай? Жалпы сөз дегеніміз не?



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата18.05.2023
өлшемі0,86 Mb.
#94458
1   2   3   4
Ал осы ретте сөздің қызметі қандай? Жалпы сөз дегеніміз не? Ең алдымен тура этимологиялық 
мағынасына тоқталайық. Сөз– зат пен құбылыстың атын, түр-түсін, сапалық белгісін, амалын, қимыл-
әрекетін таңбалаушы негізгі мағыналық-құрылымдық бірлік. Болмыстың тілдік атауы ретінде дыбыс пен 
мағына тұтастығынан тұрады. Сөзді құраушы бірлік – дыбыс, ал мағына – сөздің ішкі мәні, мазмұны. 
Дыбыстық құрылым сөздің ішкі мәніне, ұғымға бағынышты болады. Сөз – тілдік категория, ұғым – 
логикалық категория. Ұғым сөз арқылы айтылады, бірақ сөз тілдегі барлық ұғымдарды білдіре бермейді.
Сөздің негізгі белгілері: Құрылымдық тұтастығы: яғни, сөз белгілі бір дыбыс жиынтығынан тұрып, дайын 
күйінде жұмсалады; Семантикалық тұтастығы: құрамында қанша буын не сөз болғанына қарамастан бір 
ұғымды анықтап, бір мағына береді; Грамматикалық тұтастығы: сөз ішкі мағыналық құрылымына қарай 
грамматикалық топтарға бірігіп, грамматикалық категориялар негізінде түрленеді; Танымдық тұтастығы: 
сөздің ішкі мағыналық құрылымы халықтық дүниетаным негізінде анықталады.
Ал, сөз ойлау мен сөйлеудің бірлігі ретіндегі сипаты қандай? Осы тақырыпта автор «Сөз дегенде біз 
әрқашан оның бізге бағытталған сыртқы жағын ғана білетінбіз. Айдың екінші беті сияқты, оның ішкі жағы 
бұрын да, қазір де зерттелмей, белгісіз болып қалды. Тап осы екінші жағында ойлау мен сөйлеуге қатысты 
бізді қызықтыратын сұрақтардың шешімі жатыр, өйткені сөздің мағынасының өзінде-ақ біз сөз түрінде 
ойлау деп атайтын бірліктің түйіні байланған» деп мәселенің қызықты әрі өзекті тұсын айқындап береді.
Автордың сөздің мағынасына қатысты «сөздің мағынасы да табиғаттағы басқа дыбыстармен араласып 
кетіп, мәнінен айырылған дыбыс сияқты, біздің санамыз бен ойымыздың барлық басқа актілерінің теңізінде 
сіңісіп, байқалмай кетті. Соған орай, адам сөзінің дыбысына қатысты қазіргі заман психологиясы тек адам 
сөзінің дыбыстағы ерекшеліктері ретінде не жүретіні туралы айта алмайтыны сияқты, сөздің мағынасы 
аймағын зерттеуде де психология санамыздың әр түрлі ойлары мен ой-көрініс, ұсыныстары сияқты сөздік 
мәнді біркелкі сипаттаудан басқа еш нәрсе айта алмайды» дей келе жаңа көзқарастарға үлкен жол ашады.
Сөз мағынасының психологиялық табиғатының теориялық түсініктемесіне тоқтала отырып, Выготский 
өз зерттеуінде байқағандай, ассоциативті психология да, кұрылымды психология да сөздің мағынасының 
табиғаты туралы сұраққа қанағаттандырарлықтай еш жауап бермейді. Сөз әрқашанда арнайы бір ғана затқа 
емес, заттардың бүкіл тобы немесе бүкіл класына жатады дейді автор. Осыған орай, әрбір сөз жасырын 
жалпылауды береді, психологиялық көзқарас тұрғысынан сөздің мағынасы, ең алдымен, жалпылауды 
білдіреді. Алайда жалпылау дегеніміз — ақиқат өмірді тікелей түйсіну мен қабылдауда бейнелеумен 
салыстырғанда, мүлдем басқаша бейнелейтін, ойдың шамадан тыс сөздік актісі деп түсіндіреді.
Диалектикалық секіріс тек ойлай алмайтын (ойсыз) материядан сезінуге қарай ауысу ғана емес, сонымен 
бірге сезінуден (түйсінуден) ойға ауысу деп айтқан кезде, осы сөз арқылы ойлаудың тікелей сезінуден 
гөрі шынайылықты (ақиқат дүниені) санада әлдеқайда сапалы түрде басқаша бейнелейтіндігін көрсеткісі 
келеді. Дәл осы бірліктің сапалы ерекшелігі негізінде және ең бастысы ақиқат дүниені жалпылай бейнелеу 
деуге толық негіз бар сияқты. Осыған орай, Выготский тап қазір психологиялық жағынан ашуға тырысқан 
сөз мағынасы мен оның жалпылануы ойлау актісін құрайды деп қорытындыға келеді. Алайда, онымен 
қоса, мағына — сөйлеу және ой патшалығына бірдей жататындықтан, сөздің ажырамас бөлігін құрайды. 
Мағынасыз сөз — сөз емес, бірақ жай ғана дыбыс. Мағынасынан айрылған сөз сөйлеуге жатпайды. 
Сондықтан да мағына табиғаты бойынша әрі сөздік құбылыс, әрі ойлау құбылысы болып табылады. 
Автор «Сөздің мағынасы нені білдіреді? Ойлау мен сөйлеуді ме?» деген сұрақ қойып, оған жауап іздеуге 
тырысады. Выготский былай дейді: «Ол бір мезетте сөйлеу де, ойлау да болады, себебі ол сөз түріндегі 
ойлаудың бірлігі болып табылады. Егер бұл осылай болса, онда бізді қызықтыратын мәселені зерттеу әдісі 
— семантикалық әдіс, сөйлеудің мағыналық жағын зерттеу әдісі мен сөздік мәнді зерттеу әдісінен басқа 
әдіс болмау керек» деген ойды қорытады. Осы жолда ғалымда ойлау мен сөйлеуге қатысты қызықтыратын 
сұрақтарға тікелей жауаптарды іздеді. Өйткені бұл қарым-қатынастың өзі таңдаған бірліктің құрамында бар 
және бұл бірліктің кұрылымын, жұмыс істеуі, дамуы мен қимыл-қозғалысын зерттей отырып, ойлау мен 
сөйлеуге қатысты сұрақтарды және сөз түріндегі ойлау табиғаты туралы сұрақтарды анықтаута мүмкіндік 
береді деп ойлады. Ойлау мен сөйлеудің арасындағы қарым-қатынасты зерттеу үшін қолданылған 
әдістер қандай да бір күрделі бірліктің қасиеттерін синтездік зерттеу мүмкіндігімен талдауға тән барлық 


Кітап:
Дәріс:
Ойлау және сөйлеу
Сөз ойлау мен сөйлеудің сыртқы және ішкі бөліктерінің бірлігі ретінде 
4
қасиеттерді біріктіруге басым мүмкіндік бергенін ескеру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет