Ойпаттың территориясында Испанияның бірнеше ірі қа-лалары орналасқан: Севилья, Кордова, Кадис, Уэльва



бет2/4
Дата07.11.2022
өлшемі22,81 Kb.
#48161
1   2   3   4
Байланысты:
Евразия 1

Шығыс Еуропа жазығы(ойпат/жазық деп ауыспалы ма-ғынада айтыла береді) - Жер шарындағы аса ірі және көне жазықтардың бірі. Қазақстанға оңтүстік-шығыс бөлігі енеді. Жазықтың қазақстандық бөлігі Мұғалжар және Үстіртпен, оңтүстігінде Маңғыстаумен шектеседі.
Геологиялық құрылысы. Бұл аймақ геологиялық дамуы мен тектоникалық құрылымы жөнінен ежелгі Шығыс Еуропа платформасының оңтүстік-шығыс бөлігі болып табылады. Платформа фундаменті архей мен протерозойда қалыпта-сып, кристалды қатты жыныстардан қалыптасқан. Оның бе-тін кейінгі эралардың (палеозой, мезозой, кайнозой) шөгін-ді жыныстары жапқан.
Климаты. Шығыс Еуропа жазығының климаты құрғақ кон-тинентті. Оған бұл ауданның мұхиттар мен теңіздерден алыс жатуы себеп. Қысы суық, қаңтардың орташа темпера-турасы солтүстігінде -15°С, оңтүстігінде -8°С. Жазы ыстық, қапырық, шілденің орташа температурасы + 22°-24°. Жауын- шашынның орташа мөлшері солтүстікте 350 мм, оң-түстікте 140 мм.
Өзен/көлдері. Қазақстан аумағындағы Шығыс Еуропа жазы-ғының ірі өзендері - Жайық, Ойыл, Жем. Көлдерінің ең үлке-ні - Каспий теңізі. Негізінен өзендер суымен қоректенеді. Қыста қатады. Бағалы балыққа бай болып келеді.
Шығыс Еуропа жазығы Қазақстан жеріне келгенде Жем (Орал алды) үстірті, Жалпы Сырт қыраты мен Каспий маңы ойпатына бөлінеді.
Көтеріңкі жазықтар
1. Валдай жазығы(кейде «Алаун» жазығы дейді) – Орыс жа-зығының солт.-батыс жағында, Тверь, Новгород, Смоленск облыстарының шекаралас жерінде орналасқан көтеріңкі жазық. Ұзындығы 600 км, биіктігі 150 м-ден 250 м-ге дейін жетеді, еі биік нүктесі – 346,9 м. Туризмнің дамыған аймағы болып табылады. Бұл жазықта Валдай, Себеж ұлттық сая-бақтары мен Рдей, Полистов қорықтары орналасқан. Жа-зықтың құрамына әдетте Тихвин, Мегор жоталары, Вепсов көтеріңкі жазығы, Оков орманы секілді т.б. гоеграфиялық объектілер қосылады.
Гидрогеографиясы. Волга, Днепр, Балтық бассейндерінің су алаптары дәл осы Валдай жазығы арқылы өтеді. Жазықтан Волга, Батыс Двина, Днепр, Ловать, Мста, Пола, Сясь, Моло-га, Тверца өзендері бастау алады.

2.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет