Қойшыбай Б. Құрал Н. Жақсыбек Ә. «Мүмкіндігі шектеулі балаларға бастауыш сыныпта математикалық білімдерді қалыптастыру әдістемесі»


Бастауыш сыныпта сандар түсінігін үйрету әдістемелері



бет11/16
Дата29.12.2023
өлшемі0,71 Mb.
#144566
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
2.2 Бастауыш сыныпта сандар түсінігін үйрету әдістемелері

Мүмкіндігі шектеулі балаларға сандарды стреотипті жаттату олардың сандарды берілген саннан ары қарай жалғастырып санай алу, сандардың құрамын түсінбеу, әртүрлі заттардың жалпы санын атай алмау секілді мәселелерге алып келеді. Сол үшін балалардың математикалық білімдерін қалыптыру кезінде оларға математикалық түсініктерді дұрыс қалыптастыру маңызды.








Математикалық білімдерді қалыптастыру кезеңдері




1

Санға дейінгі кезеңді оқыту

Мұғалім санға дейінгі кезеңді ұйымдастыруда көрнекілік құралдары арқылы суреттерді немесе видеоларды көрсетіп, ондағы өлшемдерді, заттарды атап, білім алушылардан сол сөздерді қайталауын өтінеді. Бұл арқылы балаға бұл ұғымдарды түсіндіре алады. Мұғалім бұл әрекетте қарапайым сөйлемдерден тұратын әрі балалардың мүмкіндіктеріне сай берілетін материалдарды бөлшектеп беру тиіс.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс барысында ұғымдарды әр сабақ сайын қайталап отыру ерекше маңызға ие. Себебі олардың қарапайым балаларға қарағанда бұл ұғымдарды түсінуі баяу жүреді



2

10-ға дейінгі сандарды оқыту

10-ға дейінгі сандарды оқыту кезінде балаға бұл білімді әртүрлі көрнекілік құралдарын қолдана отырып ұғындыруға болады.
Мысалы:
а) Сынып жиһазы, оқу жабдықтары, табиғи материалдар, жемістер, көкөністер, түймелер және ойыншықтар сияқты қоршаған орта объектілері (олардың қағазға жабыспауы маңызды).
ә) Санауды үйрету үшін арнайы дайындалған заттар, мысалы, санау таяқшалары, арифметикалық сандар, жіптегі жақтаулар.
в) Геометриялық фигуралар.
г) Жемістер, көкөністер, жануарлар және басқа заттардың суреттері.
e) Цифрлық кесте.
г) Ұялы нөмірлер мен белгілер, фланель, магниттік нөмірлер.
д) Сандық резеңке мөрлер.
з) Сандарды дұрыс жазу және кестені құрастыру.
и) Әртүрлі номиналдағы монеталар салынған монета жәшіктері.
ж) Магниттер және фланельдік тақталар сияқты құралдарды көрсету.
Иллюстрациялық немесе сипаттамалық құрылғылар мыналарды қамтиды:
а) Жемістер, көкөністер, жануарлар мен көліктерді қоса алғанда, объектілердің бейнелерінің жиынтығы.
б) 1-ден 10-ға дейінгі заттардың кескіндері.
в) Ортақ сюжетпен біріктірілген әртүрлі типтегі объектілер.
г) Цифрлық кестелер.
e) Ұялы телефондар мен белгілер.
г) Құм жәшіктері, дисплей кестелері, фланельдік тақталар және иллюстрациялық жолақтар.
Санның құрамын меңгерту кезінде мұғалім мынандай әдістерді қолдана алады:
7 санының құрамын түсіндіру кезінде мұғалім оқушылардан 6 санау таяқшасын санауды сұрайды, одан кейін мұғалім 6 қызыл түсті таяқшаны көрсетіп,”Менің қолымда неше қызыл таяқша бар”,-деп сұрайды. Оқушылар таяқшаны санап, неше таяқша көріп тұрғанын айтады. Мұғалім: «Бұл таяқшаларға тағы 1 көк таяқша қосайықшы, барлығы неше таяқша болды? Қане бәріміз санайықшы» деп айтып, осыдан кейін 7 санының құрамы басқа да түрлі заттар арқылы қарастырылады (дәптер,кітап,сызғыш,шот және т.б.). Бірінші сыныптың соңына дейін мұғалім оқушыларға он көлеміндегі сандардың толық құрамынының алдынғы кез-келген санға 1-ді қосу арқылы пайда болатындығын,керісінше кез-келген саннан 1-ді алса,онда артқы сан шығатындығын дұрыс жолмен түсіндіру керек.
2. 7 санының құрамымен танысып болған соң,мұғалім санды цифрмен белгілеуді үйрету керек..7 санын оқушылар басқа сандармен шатастырып алмауы үшін түрлі заттармен ассосация жасау керек.Мысалы:Шөп шабатын орақ,хоккей таяғы,балта сияқты құралдарды көрсетіп ұғындыру оңайырақ.
3. Оқушыларда моториканың немесе қимыл-қозғалыстардың бұзылыстары бар болса,мұғалім оларға арнайы дайындалған трафераттар таратып беруге немесе саусақтармен жұмыс жасауға басты зейін аударады.Цифрларды жазбас бұрын,тағы да бір рет арнайы олардың атауларын ауызша қайталап өту арқылы дұрыс жазуды талап ете алады.

3

Екінші ондық сандарын оқыту

Жалпы білім беретін мектепте 11 саны мен 100 саны аралығындағы сандар үйретіліп, екінші ондық сандары үйретілмейді. Алайда, мүмкіндігі шектеулі балаларға екінші ондықтың сандарын үйрету маңызды.
Бұл кезеңде 20 көлеміндегі сандарды көрнекілік құралдары арқылы үйретуге болады.
Балаларға 20 көлеміндегі сандарға арифметикалық амалдарды қолдануды үйрету үшін қосу мен алу амалдарын параллельді оқыту қарастырылады.
9+5 = 14-4= 10
5 = 3 + 2 14-1 = 13
9 = 6 + 3 13-1 = 12
12 + 2 = 14




Бірінші жүздік сандары

Жүз көлеміндегі есеп амалдарымен таныстыру кезінде балаларға қосу мен алу амалдары қатар үйретіледі.
Балалардың бұл ұғымды түсінуін жеңілдету үшін ондықтар мен бірліктерді қосу және екі таңбалы сандардан ондықтар мен бірліктерді алу амалдарын үйретуге болады. Мысалы:
40 + 3 = 43 – 40=
3 + 40 = 43 – 3 =

Қосу мен алуда белгісіз компонентті табу


х + 7 = 13
Оқушыларға көк және қызыл түсті қағаз және 13 таяқша беріледі. Бұл 13 таяқшаның 7 – еуін көк түсті қағазға салады. Қалған таяқшаны қызыл түсті қағазға салады. Бұл әрекетте балалар бұл әрекетке көңіл аударып, дәптерінде мынадай сурет салады:

13
////// /////// х = 13 – 7


х 7

Келесі түрдегі теңдеу:


х – 2 = 5
Оқушылар ақ түсті қағазға алдымен 2 таяқшаны салып, содан кейін 5 таяқшаны салады. Балаларға осылай азайғышты табуды үйретуге болады. Балаларға дәптерлеріне мына суретті салу ұсынылады:
х
// ///// х = 2+5 = 7
2 5
Келесі түрдегі теңдеу:
14 – х = 8
Оқушылар 14 таяқшаны ақ параққа салып, 8 таяқшаны алып тастайды. Осылайша бала парақтан белгісіз компонентті көре алады.
14
//////// ////// x = 14-8
8 6






Үш таңбалы сандарды қосу амалдары

Мүмкіндігі шектеулі балаларға үш таңбалы сандарды қосуды меңгерту кезінде мына әдісті пайдалануға болады:

452
+ 234


?
Ең алдымен жүздіктерді жеке қосамыз
400
+ 200
600
Одан кейін ондықтарды қосамыз
50
+ 30
80
Одан кейін бірліктерді қосамыз
2
+ 4
6
Соңында шыққан мәндерді бір-біріне қосамыз
600 + 80 + 6 = 686
Осылайша бала есепті оңай қабылдай алады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы тиімді оқыту үшін оқушыларда сандар, олардың құрылымы мен өзара байланысы туралы түсініктерін дамытуға көмектесетін көрнекі құралдарды кеңінен пайдалану қажет. Осындай материалдар мен әдістерді қолдану арқылы мұғалімдер оқушыларды математика әлемімен дұрыс түрде таныстырып, олардың математикалық ұғымдарды саналы түрде меңгеруін қамтамасыз ете алады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет