Қол басының сыртқы бетінің синовиалды қынаптары Білектің фасциялық қабықшасы кәрі жілік-білезік буынының маңында көлденең бағытта өтіп, білектің жазушы бұлшықеттерінің білезігін, retinaculum extensorum құрап, қол басының сырты бетінің фасциялық қабықшасына ұласады.
Білекті жазушы бұлшықеттердің білезіктері, retinaculum extensorum, білек бұлшықеттер сіңіршелерінің қынабын құрап қоймай, білезікшелерден кәріжілік сүйегінің сүйектік қабықшасына қарай өткен дәнекер ткандар арқылы, сіңіршелердің сүйек-фиброздық өзекшесін құрайды. Сүйектік-фиброзды, өзекшеде орналасқан сіңіршелердің еркін қозғалысын жеңілдету үшін, ішкі синовиалды қабықша мен көмкеріліп, сіңіршелердің синовиалды өзекшелерін құрайды. Кәрі жіліктік жағынан санайтын болсақ 6 синовиалды қынаптаражыратылады.
Бірінші синовиалды қынапта: бас бармақты алшақтатқыш ұзын, қысқа бұлшықеттердің, тт. abductor pollices londus et brevis сіңіршелері орналасса;
Екінші синовиалды қынапта:кәрі жілік-білезіктік ұзын және қысқа бұлшықеттің сіңірі, тт. extensorum carрі radialis орналасса;
Үшінші синовиалды қынапта: басбармақты жазғыш ұзын бұлшықеттің сіңіршелері, mm. extensor pollicis longus et brevis;
Төртінші синовиалды қынапта:саусақтарды жазғыш бұлшықеттің сіңірі, т. extensor digitorum мен сұқсаусақты жазғыш бұлшықеттің сіңірі, m. extensor indicis,
Аяқ басының синовиалды қынаптары: Сирақтың төменгі бөлігінде, сирақ-асықты жіліктік буынның тұсында сирақ бұлшықеттер сіңірінің синовиалді қынаптары орналасқан. Негізгі қызметі бұлшықет сіңірлерінің қозғалысын жеңілдету.
Топографиялық орналасуына қарай бұлшықеттік синовиалды қынаптары: алдыңғы, медиалды, латералды және табан маңындағы топтарға бөлінеді.