Сирак-тақым өзегі (canalis cruropopliteus) немесе Грубер өзегі, сирақтың артқы бетінде беткей және терең бүккіштер арасында орналаскан. Өзектің жоғарғы, алдыңғы және төменгі тесіктері бар.
Жоғарғы тесігі алдынан - musculus popliteus, артынан - arcus tendineus solei шектелген. Алдынғы тесігі membrana interossea cruris ең жоғарғы бөлігінде орналасқан. Ол аркылы асықты жіліктің алдыңғы артериялары және тамырлары өтеді. Өзек арқылы асықты жіліктің артқы артериялары және тамырлары, асықты жілік жүйкесі өтеді.
Бұлшықет-кіші жіліншіктік төменгі өзегі (саnalis musculoperoneus inferior)сирақ-тақым өзегінен тармақталады. Бұлшықет-кіші жіліншіктік төменгі өзектің алдынғы қабырғасын fibula арткы беті, артынан - musculus flexor hallucis longus және musculus tibialis posterior кұрайды. Өзек арқылы кіші жіліншіктік кан тамырлар өтеді.
Бұлшықет-кіші жіліншіктік жоғарғы өзегі (canalis musculoperoneus superior)сирактың жоғарғы ұшында жатады. Ол fibula латералды бетімен және musculus peroneus longus арасында орналасқан. Өзекке кіші жіліншіктің жалпы жүйкесі кіріп, беткей және терең тармақтарға бөлінеді.
Жалпы айта кететін болсақ осы синовиалды қынаптар мен өзектер тікелей бұлшық етке байланысты.
Бұлшық ет— адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше.
Бұлшықеттердің негізгі топтары: Бас пен мойынның бұлшықеттері
Тұлғаның бұлшықеттері
Арқа бұлшықеттері
Көкіректің бұлшықеттері
Құрсақтың бұлшықеттері
Қолдың бұлшықеттері
Аяқ бұлшықеттері
Қол бұлшықеттері топографиялық орналасуына қарай: иық белдеу,иық,білек,қол басының бұлшықеттері болып бөлінеді.
Аяқ бұлшықеттері топографиялық орналасуына қарай: Жамбас белдеуі,сан,сирақ,аяқ басының бұлшықеттері болып бөлінеді
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Ә.Б.Әубәкіров, Ф.М.Сүлейменова Адам анатомиясы АТЛАС 1 том
А.Р. Рақышев Адам денесі 1 ТОМ Бұлшықеттер туралы ілім