Қола дәуіріндегі Қазақстан



бет7/8
Дата03.12.2023
өлшемі2,55 Mb.
#133713
1   2   3   4   5   6   7   8

Ерте темір дәуірінің Тасмола мәдениеті Қазақ ұсақшоқылығының барлық аумақтарына тән. Зерттелген ескерткіштер бойынша. мәдениеттін батыс шегі Ұлытау таулары аумағын. онтүстігі Солтүстік Бетпакдала мен Солтүстік Балқаш өнірін қамтыса, шығысы - Шідерті. Баянауыл далаларын бойлай одан ары онтүстікке таман Шұбартауға дейін созылады. Дәл осы шекте Тасмола мәдениетінің бізге белгілі, яғни зерттелген обалары жатыр. Келешекте осы мәдениет ескерткіштері табылуы ықтимал (Шыңғыстау жоталарына дейінгі далалы өңір) аумақтар бар.

  • Ерте темір дәуірінің Тасмола мәдениеті Қазақ ұсақшоқылығының барлық аумақтарына тән. Зерттелген ескерткіштер бойынша. мәдениеттін батыс шегі Ұлытау таулары аумағын. онтүстігі Солтүстік Бетпакдала мен Солтүстік Балқаш өнірін қамтыса, шығысы - Шідерті. Баянауыл далаларын бойлай одан ары онтүстікке таман Шұбартауға дейін созылады. Дәл осы шекте Тасмола мәдениетінің бізге белгілі, яғни зерттелген обалары жатыр. Келешекте осы мәдениет ескерткіштері табылуы ықтимал (Шыңғыстау жоталарына дейінгі далалы өңір) аумақтар бар.
  • Бұл ұланғайыр өңірде ерте темір дәуірінің тайпалары шашыраңқы орналасты. Тұрғындардың негізгі бөлігі таулы өңірлерде шоғырланды. Орталық Қазақстан бойынша ескерткіштер таралуының, яғни тайпалар қоныстануының әркелкілігі оның батыс және шығыс аймақтары аралығында байқалады.
  • Тасмола тайпалары мекендеген ерте темір дәуірінде шаруашылықтың жаңа прогрессивті түрі кеңінен тараған. Бұл ІІІ мыңжылдыққа созылып, дала тұрғындарының ең негізгі кәсібіне айналған. Көшпелілер даланың барлық жерін игеріп, өзінің күшті көшпелі орталықтарын құрды, олар келешек көшпелі империялардың бастамалары болып қаланған.

Солтүстік Қазақстанның ертедегі темір дәуірі ескерткіштерінің хронологиялық негізіне заттай құрал-саймандарға — металл бұйымдарға, ең алдымен қару-жарак, еңбек құралдарына, сондай-ақ керамикаға салыстырмалы-типологиялық талдау жасау нәтижелері алынған. Қоныс ескерткіштерінің хронологиялық айқындамалары мен мәдени керек-жарақтарының ең басты өлшемі керамика болып табылады. Солтүстік Қазақстанның төрт қонысынан алынған ыдысты статистиқалық жағынан өңдеу оның мерзімін анықтауға және оған салыстырмалы талдау жасауға сенімді негіз берді. Сақтар заманының алғашқы кезені (б. з. б. VIII—VII ғғ.) обаларының негізгі тобы жебе үштарының жиынтығы бойынша ерекшеленеді. Мәдени топтастыру кестесін жасау кезінде жаратылыстану ғылымдарын тарта отырып, салыстырмалы-типологиялык талдау жасау жолымен б. з. б. VII ғасырда болған мәдени үлгілерді бір ғасырға дейінгі дәлдікпен анықтау мүмкін болды.

  • Солтүстік Қазақстанның ертедегі темір дәуірі ескерткіштерінің хронологиялық негізіне заттай құрал-саймандарға — металл бұйымдарға, ең алдымен қару-жарак, еңбек құралдарына, сондай-ақ керамикаға салыстырмалы-типологиялық талдау жасау нәтижелері алынған. Қоныс ескерткіштерінің хронологиялық айқындамалары мен мәдени керек-жарақтарының ең басты өлшемі керамика болып табылады. Солтүстік Қазақстанның төрт қонысынан алынған ыдысты статистиқалық жағынан өңдеу оның мерзімін анықтауға және оған салыстырмалы талдау жасауға сенімді негіз берді. Сақтар заманының алғашқы кезені (б. з. б. VIII—VII ғғ.) обаларының негізгі тобы жебе үштарының жиынтығы бойынша ерекшеленеді. Мәдени топтастыру кестесін жасау кезінде жаратылыстану ғылымдарын тарта отырып, салыстырмалы-типологиялык талдау жасау жолымен б. з. б. VII ғасырда болған мәдени үлгілерді бір ғасырға дейінгі дәлдікпен анықтау мүмкін болды.
  • Оларды негізге алып, обаларды уақыты жөнінен бөлуге болады. Жебелердің ұштары бойынша ен ертедегі обалар қатарына екі оба жатқызылады, олар: Бірлік-2,5-оба; Бірлік, 1-оба. Біріншісінің мерзімі қос қалақшасы бар ұңғылы және қысқа үш қалақшалы, үш кырлы алты жебе ұшының болуымен белгіленеді. Б. з. б. VII ғасырдың өзінде-ақ басы мен жүзі біршама өзгеше түрде болған екі қалақшасы бар ұңғылы үштардың ежелден келе жатқанына баса назар аударылды. Қоладан жасалған қысқа жебе ұштары Қазақстада қола дәуірінен белгілі болатын, сондықган олардың мерзімінің ертедегі деп көрсетілуі күмән туғызбауға тиіс. Обадан соңғы қола кезіне тән ыдыстар табылды. Табылған екінші жебенің уақыты дөңгелек ұзын нысанда сүйектен жасалған терт бұрышты ұңғылы ұштармен анықталады. Бұл жебе ұштары табылған құрал-саймандардың өзге заттарымен ұштастырылғанда олар скифтерден бұрынғы уақытқа тән кешенді құрайды. Бұған ұқсастары Солтүстік Қара теңіз өңірінің киммерийлер молалары мен Аржан обасының материалдарынан белгілі.
  • Б. з. б. VII ғасырға жататын төрт қорған мыналар: Алыпқаш, 1,13-обалар; Покровка, 1-оба; Бектеніз, 3-оба. Алыпқаштағы 13-обаның жиынтығы жарқын, анықтығымен ерекшеленеді. Ол жебе ұштарының алты түрінен тұрады, б. з. б. VII ғасыр үшін олардың ұштасуы тұрақты болып табылады. Жебе ұштарының типологиясы алдыңғы сақ заманының әскери қабірлерінің жарқын кешендерін ашып көрсетті. Олардың жерлеу кұрал-саймандарына жебе ұштарымен бірге хронологиялық көрсеткіш бола алатын пышақтар жатады. Бұлар — бір жүзі бар, алқымы шеңберлі немесе сабы қомақты, ұшы өткір жалпақ пышақтар. Олардың түрлері Қазақстан мен Орта Азияның аумағында қола дәуірінен белгілі. Төрт қырлы шүйдесі бар, ұңғылы, жалпақ уатқышты қола калып қызықты олжа болып табылады. Қарудың мұндай түрінің мерзімі сақтар заманының алғашқы кезеңіне сәйкес келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет