Тұтыну бұйымдарының арасында ағаштан жасалған астау, шөміш, тостағандардың пошымына ұқсас көзе ыдыстар көптеп кезігеді. Темірден, қоладан жасалған қазандар да өте көптеп кездеседі. Ескеретін бір жағдай, бұл кездегі табылған темір құралдарға жасалған анализдерге қарағанда, темір қорыту сапасы нашар болған. Дегенмен, қару-жарақтың арасында семсерлер жоғары сатыға көтерілмесе де, темір ұсталығы жандана бастаған.

Сақ тайпаларының жерлеу салты олардың діни наным-сенімдерін толық көрсетеді. Діни нанымдардың арасында қола дәуірінен бері сақталып келе жатқан “о дүниеге сену”, “отқа табыну” сақталған. Темір дәуіріндегі жаңа ерекшелік аспан денелеріне, күнге табыну, тайпа немесе ру ақсақалдарына, олардың аруағына сийыну, “көсемдерге” сиыну сақтардың о дүниедегі өмірінде де, бұл дүниедегі өмірде болсын өте жоғары орын алған.
Сақтардың барлық бұйымдары, тастағы суреттері де жануарлар бейнесі мен әшекейленгендіктен, олардың мәдениеті жалпы әлем мәдениетінде “аң стилі” деп аталады.
Зерттелген обалардан алынған заттардың саны-сапасы жағынан, обалардың жасалуының үлкенді-кішілі болуының өзі темір дәуірі кезіндегі әлеуметтік теңсіздікті көрсетеді. Әсіресе, алтын киімді адамның әр түрлі қымбат заттармен бірге жерленуі немесе Бесшатыр обасындағы ағаш табыттың ерекше жасалуы олардың белгілі бір үстімдіктің зор иесі болғандығын көрсетеді.
Ерте темір дәуірінің далалық тұрғындары ерекше қарқынмен дамыды, металл өндірісі, сауда айырбасы гүлденді. Тайпалық одақтардың ат төбеліндей бай шоғыры: патшалар, әскери мансап иелері пайда болды. Үлкен "патша" обалары, яғни қайтыс болған ауқатты адаммен бірге өзінің құндылығымен мәнді болып саналатын бұйымдар - қару-жарақ, ат әбзелдері, әшекейлер бірге.

Қазіргі заман ғылымында ерте темір дәуіріндегі далалық тұрғындар қоғамының ерте мемлекеттік дәрежеде тұрғандығы туралы пікірлер айтылуда Біздің заманымыздан бұрынғы I-мыңжылдықта өмір кешкен дала халықтарының даму дәрежесін пайымдай отырып, сібірлік ғалымдар "Дала өркениеті" деген атауды ұсынды.
Осы кезеңге кіретін Орталық Қазақстанның ескерткіштері тасмола археологиялық мәдениетіне жатады. Қазақтың белгілі археологы М.Қ.Қадырбаев, бұл мәдениеттің хронологиялық мерзімін б.з.д. VII - III ғасырларымен негіздеп, оның дамуын екі кезенге бөлген.
Тасмола мәдениетінде тән археологиялық ескерткіштері «мұртты» қорған деп аталады. Бұл күрделі ғұрыптық – жерлеу кешендері тастан қаланып, әдетте үш негізгі бөлшектерден: үлкен, кішкентай қорғандар мен ұзындығы 60-тан 200 метрге дейін жететін жартылай доға тәріздес жолдардан құрастырылған. Бұл «мұрттар» қорғанмен жанасып, үнемі шығысқа қарай бағытталған. Үлкен қорғанның астында, тереңдігі екі метрге жететін шұңқырда қайтыс болған адамның мәйіті жерленген. Кішігірім қорғаныда жылқы қаңқаларының қалдықтары, қыш ыдыстардың сынықтары кездеседі. Кейде тек қана қөмір түріндегі және күйдірілген топырақтың ізі байқалады.