Қола дәуіріндегі Қазақстан


Жалпы алғанда тасмола мәдениеті обалар материалдары негізінде зерттелген куйінде калып отыр



бет6/8
Дата03.12.2023
өлшемі2,55 Mb.
#133713
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
DOC-20221130-WA0006.

Жалпы алғанда тасмола мәдениеті обалар материалдары негізінде зерттелген куйінде калып отыр.

  • Жалпы алғанда тасмола мәдениеті обалар материалдары негізінде зерттелген куйінде калып отыр.
  • Бұл мәдениетке сипаттама беруші мәліметтер танымал үш бөлікті құрайды: а) қару-жарақтар; б) ат әбзелдері; в) ғұрыптық заттар, әшекейлер, тұрмыс бұйымдары.
  • Тасмола коғамында кола кұю ісінін үздік шеберлері болды. Материалдық мәдениеттін жетекші категорияларынын бәрі дерлік қоладан жасалған. Сонымен катар, темір бұйымдар (пышақтар, сулықтар, тоғалар) 1-сатының (б.з.б. VII-VI ғ.) өзінде-ақ пайда болган.
  • Ерте сатының (б. з. б. VII-VI -ғ.) екі қанатты ұңғылы және біршама ұзындау үш қанатты шыбықты жебе ұштықтары генетикалық тұрғыдан алғанда беғазы-дәндібай мәдениетінің жебелерінен бастау алады. Осы кезге сабы қырлы, басы саңырауқұлақ іспетті қанжарлар, құрама жауынгер белдіктері тән. Ат әбзелдеріне ауыздықтар, үш саңылаулы қола немесе сүйек сулықтар жатады. Ғұрыптық заттардан артқы беті ілмекті дөңгелек қола айналар, жалпақ қысқалау 4-6 тұғырлы тас құрбандық ыдыстары ұшырасады. Аталмыш мәдениет қолөнеріне алтыннан жасалған жолбарыстың пішіндері, таутекенің қола мүсіндері, қабан мен бұлан бедерленген қола айналар, шиыршықталған қабан тәрізді мүйіз қапсырмалар жатады. Ернеуі сәнді көлемді айнаның сабы қабан пішінінде құйылған. Ерте кезеңнің соңына қарай "хайуанаттық шытырман" деп аталып кеткен стильде дайындалған көп фигуралы композициялар пайда болды. Солардың бірі, мүйіз қапсырмадағы көрініс - алыстағы Туваның "алдыбел" ескерткіштеріне ұксап келеді. Табылған зергерлік бұйымдар сіркелеу, бедерлеу әдістерімен көркемделген.
  • Екінші сатыда (б. з. б. V-IV-ғ.) заттық мәдениет кейбір өзгерістерге ұшырады: үш қанатты ұңғылы қола жебе ұштары қалыптасты, айналар көлемі кішірейді, темір бұйымдар жиі қолданылды.
  • Үшінші корғантас сатысымең (б. з. б. III-I-ғ.) тасмола мәдениеті аяқталады. Бұл кезде мәдениеттің кейбір ерте элементтерінің сақталуымен қатар (жебенің ұштары, ауыздық, жапсырмалар, т.б.) әсіресе жерлеу ғұрпында (қабір ішіндегі жануарлар бастары салынған құрбандық орын) бірқыдыру жаңалықтар көрініс берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет