Ќоланылєан јдебиеттер


-ТАРАУ. ОРТА МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ



Pdf көрінісі
бет2/37
Дата25.11.2022
өлшемі0,84 Mb.
#52683
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
stud.kz-74085

1-ТАРАУ. ОРТА МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Информатикадан мемлекеттiк бiлiм стандартының мазмұны мен
құрылымы
Бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру жағдайында жас ұрпақты әлемдiк-
ақпараттық-бiлiмдiк кеңiстiкке енуге тәрбиелеуiмiз қажет. Сондықтан
“Информатика” пәнiн оқытуда екi үлкен үрдiс байқалады: 
Бiрiншi үрдiсте информатика “ақпаратты жинақтау, өңдеу және сақтау
әдiстерi” туралы пән ретiнде қарастырылады. Ол бiлiмдi “ақпаратқа”
толығымен айналдыратын технократтық тәсiлмен сипатталады. Мұнда
информатиканың мазмұны ретiнде алгоритмдеу және программалау
бөлiмдерi қарастырылады. Аталған бөлiмдерге шамадан тыс сағаттың бөлiнуi
адамның нақты қоршаған ортамен байланысының бiрте-бiрте жойылып,
оның “жорымал” өмiрге енуiне әкелiп соғады. Бұл оның негiзгi
кемшiлiктерiнiң бiрi болып табылады, әрi бұл практика жүзiнде де
дәлелденiп отыр. 
Екiншi үрдiс “ақпараттық бiрлiктердiң” бiлiмге айналуымен
сипатталады. Ол әлемнiң жүйелiк-ақпараттық бейнесiн оқушылардың
шығармашылық қабiлеттерi және құндылық бағдарларын дамыту арқылы
қалыптастыруды көздейтiн, адамның дүниетанымының құрамды бөлiгi
болып табылатын интеллектуалды дамуын қалыптастырудың қажеттi жолы.
Аталған үрдіс адам мен ақпараттық ортаның (“мұғалiм - компьютер -
оқушы”; “оқушы – компьютер - оқушы”) арасындағы өзара жеке тұлғалық
бағыттағы қарым-қатынасты зерттеудi қажет етедi. 
Осы процестер мен компьютердiң көпфункционалды мүмкiндiгiнен
туындайтын, информатиканың басқа пәндермен сабақтастық
байланыстылығын ерекшелейтiн аралық “үрдiс” те бар. Бұл үрдіс орта бiлiм
беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi
мiндеттерiнiң бiрiне енген. Ал информатиканың синтездеушi мазмұн ретiнде
ақпараттық қоғам жағдайында оқушының өзiндiк танымдық қабiлеттерiн
дамытуына мүмкiндiк бередi.
“Информатика” пәнiн “гуманитарлық парадигма” тұрғысынан оқытуда
және оқу-тәрбие процесiнде компьютерлiк техниканы тиiмдi пайдалануды
5


iске асыруда бiлiм беру жүйесiн технологияландыру маңызды роль атқарады.
Сондықтан аталған пәннiң мазмұны оқытудың педагогикалық талаптарына
сай болуы қажет. 
Информатиканы орта бiлiм беру жүйесiнде оқытудың мақсаттары:
-
оқушыларға ақпараттарды беру, өңдеу, сақтау, жеткiзу және оны
қолдану процестерi туралы бiлiмдердi меңгерту, басқаша айтқанда, оқушыны
ақпараттық бiлiммен қаруландыру;
-
оқушылардың оқу үрдісiнде компьютерлiк техниканы өзiндiк даму
мен оны iске асыру құралы ретiнде, сонымен қатар, кәсiптiк қызметтерге
пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
-
оқушының логикалық-құрылымдық және алгоритмдiк-
шығармашылық ойлау қабiлеттерiн дамыту, ынта-ықыластары мен
шығармашылық бейiмдiлiктерiн қалыптастыру.
Аталған мақсаттардан төмендегi мiндеттер анықталынады: 
-
информатиканы 7-11 сыныптарда оқытудың мазмұнын анықтау;
-
информатиканы 7-11 сыныптарда оқытудың оқу бағдарламасын
жасақтау; 
-
информатиканы 7-11 сыныптарда оқытудың әдiстемелiк жүйесiн
жасақтау.
Ендi бiз мемлекеттiк бiлiм стандартының анықтамасына тоқталып өтейiк:
Мемлекеттiк бiлiм стандарты - бұл пәндер бойынша мазмұнның мiндеттi
минимумы және оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптарды
тағайындайтын нормативтiк құжат. 
1998 жылы жасақталған стандарттың негiзгi мазмұны 7-11 сыныптарда
дүниетанымдық көзқарас, алгоритмдеу және программалау, техникалық және
қолданушылар аспектiлерiне бөлiнiп қарастырылған. Аталған аспектiлер
базалық, негiзгi және мамандыққа баулу курстары бойынша жеке-жеке
концентрлi түрдегi мазмұндарға бөлiп, анықталған. Мұнда қарастырылған
мазмұндар ақпараттық технологияның жеделдетiп дамуына байланысты
оларды өзгерiстерге ұшырату қажеттiгi туындады. Сондықтан бұл стандарт
2003 жылы мына түрде өзгертiлiп, қайтадан жасақталды. Ол стандартқа
қойылатын жалпы талаптың ережелерiне сай айқындалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет